"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӘУЕЛСІЗДІК БІЗГЕ НЕ БЕРДІ?

12.01.2021
ТӘУЕЛСІЗДІК БІЗГЕ НЕ БЕРДІ?
363
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдың алғашқы күндерінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын көпшілік назарына ұсынып, 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады. Отыз жыл аса көп уақыт болмағанымен,  азаттықтың қадірін түсінген адамға маңызды белес. Мемлекет басшысы бұл мақаласында 30 жылда жүріп өткен жолдарымызға сараптама жасапты. Орда бұзар жігіт жасындағы мемлекеттің жүріп өткен жолдары соқтықпалы-соқпақты, бірақ салмақты. Мақалада Тәуелсіздікті аңсаған жастардың 1986 жылдың желтоқсанындағы қаһармандық ерлігі де ерекше аталыпты: «Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек». Бұл  жолдарды  көпшілік көптен күткен болатын.

Биыл Семей сынақ полигонының жабылуына да 30 жыл толады. Мақаладағы: «Біз жыл соңына дейін жаңа тарихымыздағы бірнеше айтулы оқиғаның мерейлі белесін атап өтеміз. 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Оның еліміз ғана емес, барша адамзаттың болашағы үшін айрықша маңызды шешім екенін ескеріп, арнайы іс-шара өткізу қажет деп санаймын. Елбасы қол қойған Жарлықтың арқасында Қазақстан бүкіл дүние жүзіне ядролық қару-жараққа қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасшысы болып танылды, алып мемлекеттердің сеніміне ие болды, халықаралық қоғамдастықта жауапкершілігі жоғары ел ретінде мойындалды» деген жолдарды оқып отырып,  тәуелсіздігімізге тағы бір тәубе дедік. 

Мақаланы оқып шыққаннан кейін «ТӘУЕЛСІЗДІК БІЗГЕ НЕ БЕРДІ?» деген сауалды өзіме қойдым…

Сан ғасыр отаршылдықтың шырмауында тұншығып, тілсіз, дінсіз, мінезсіз тобырға айналып кеткен халықты «ТӘУЕЛСІЗБІЗ, АЗАТПЫЗ» деген сөздің алғашқыда абдыратып тастағанын жасыру  артық болар.

Бүкіл әлемді мойындатып, қол жеткізген тәуелсіздігіміз тәтті өмірді алақанға салып, уыстап бере салған жоқ. Қиындықтар көп болды. Бұрынғы кәсіпорындар жекешеленіп, көпшілігі уақыт салмағын көтере алмады… Дәл осы тұста қоғамда «челноктар» деген жаңа сөз пайда болды. Жұмыссыз қалған  көпшіліктің күнкөрістің қамы үшін ала қап арқалап көрші мемлекетті жағалап кеткен сәттері есімізде. Нарық қыспағы жаңа сана мен ауқатты  өмірге, кәсіпкерлікке жол ашты. Бұрын шектеулі еңбекақыға үйренген халық біртіндеп жаңаша өмір сүруге бейімделе бастады. Тәуелсіз қазақ зауыт — фабрикалардың қожайынына айналды. Бұрын ең бай қазақ көп қабатты үйдің төрт бөлмелі пәтерін қанағат тұтса, енді салтанатты сарайларда тұратын мүмкіндіктерге қол жеткізе бастады. Қоғамда жұмыс беруші және қызмет көрсетуші болып бөлінетін әлеуметтік топ пайда болды. Ашығын айтуымыз керек, Тәуелсіз қазақ елінің өрендері рухани тәуелсіздіктен бұрын  экономикалық тәуелсіздікке басымдық берді. Өйткені аш адамның санасына ақылдан бұрын тәбеттің бұйрық беретіні белгілі. Сан ғасырлар бойы бодандықтың қамытынан құтыла алмай, теперішті көп көрген халыққа ескінің сарқыншақтарын жою, санада өзгерістер туғызатын тетіктерді іске қосу оңай болған жоқ. Дегенмен Тәуелсіздік  рухы мықтылардың қабілетін ашуға мүмкіндік берді. 

Мемлекет басшысы мақаласында ана тіліміздің бүгіні мен болашағына ерекше тоқталыпты. Бұрын орыстандыру саясатының құрбаны болып келген Одақтың құрамындағы өзге ұлт өкілдерінің ортақ тілді білмейтіндерінің болашағы бұлыңғыр болатын. Ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану үрдісі, космополитизм бағыты басым болды. Экономикалық процестер мен саяси қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін қажет деген желеумен ана тіліміздің буынына балта шабу ашық жүргізілді. Егемендігімізді алғаннан кейін, жылдар бойы Еуроцентризмнің жетегінде  «бас еркінен» айырылған ғалымдар мен зиялы қауымның өкілдері естерін жинай бастады. Қазақ тілінің тынысы ашылды, шала қазақ — тілі таза қазаққа айнала бастады. Мәдениетіміз бен тарихымызға қатысты атқаратын жұмыстар әлі көп… Дегенмен  аралас мектептердің азайып, қазақ мектептерінің көбеюі өркениеттілікке жетуге, кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді деген үміттеміз.

Қазақ тілі бүгін салт-дәстүр мен әдет-ғұрып қағидаларын насихаттауға ғана үлес қосып қоймай, ғылымның, заңның тіліне айналды. Заңның тілі демекші, 1678 – 1718 жылдары Тәуке ханның тұсында қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы Жеті жарғының жарық көргені белгілі. ХVII  ғасырда Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайту, мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет деп тауып, өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасады. “Тәуке ханның Жеті жарғысы» деп аталатын сол жаңа заңдар жиынтығын дайындауға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің үлес қосқанын еске алсақ, қазақтың заңы бұрын қазақша сөйлемеді деуге келмейді. Одақтың бұғауында ұмыт бұл іс Тәуелсіздіктің арқасында тірілді. Ата Заңымыз ана тілінде сөйлейтін күнге де жеттік. Тәуелсіздік  осы ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫҢ ЖАҢА нұсқасы АТА ЗАҢЫМЫЗДЫ  дүниеге әкелді .

Ғасырлар бойы қанын да, жанын да  азаттық жолына құрбан еткен, ежелден еркіндікті аңсаған  қазақ  1991 жылы  аңсаған арманына қол жеткізіп, ел иесі, жер иесі атанды. Отыз  жыл – тарих үшін көп уақыт емес. Ең бастысы, қазақ өз тағдырын өзі шеше алатын мүмкіндікке қол жеткізді. Дербес ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақпен қазақ қазақша сөйлесетін, қазақты қазақ билейтін заман туды. Қазақ елі көптеген халықаралық ұйымдарға мүше бола бастады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен қазақ елін әлем таныды. Бұрын бізді  танымайтын, танығандары ұлт ретінде мойындай бермейтін ірі державалардың өзі қазақпен санасатын болды. Қазақ әлемге «бас басына би болған» берекесіз ел емес, бірлігі жарасқан, халқын өзі билеп, жерін өзі қорғай алатын беделді мемлекет ретінде танылды. Тәуелсіздік біздің рухымызды көтерді. Бұл орайда Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер саясатының ықпалы зор болғанын бүкіл әлем мойындайды.

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН БІРГЕ ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ ӨМІРГЕ КЕЛДІ. ЕГЕМЕНДІК БІЗГЕ  ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫН БЕРДІ!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын оқи отырып, қысқа уақытта қазақ ұлтының болашағы үшін жасалған ұлан-ғайыр жұмыстардың атқарылғанын мойындадық.

Отыз жылда отарсызданудың тоңынан толық арылдық деп айту артық болар. Үш ғасырға жуық уақыт бөтеннің бесігінде рухы шайқалып, мемлекеттік инстинкті жоғалып кеткен елдің  есін бірден жинауы оңай емес… Тәуелсіздігіміздің әлі де белі бекіп, бұғанасы қатая қойған жоқ. Дегенмен  Тәуелсіз елде демократия үрдісі қалыптаса бастады. Бүгінгі  мақсат — жас ұрпақты құлдықтан, бодандықтан азат елдің мемлекеттік тұрғыда ойлауға қабілетті азаматы етіп тәрбиелеу. Алда кезегін күтіп тұрған істер, алынбаған асулар аз емес. Ең бастысы — тәуелсіздігімізді баянды ету.

 

Риза МОЛДАШЕВА,

филология ғылымдарының кандидаты,

ШҚО мәслихатының депутаты,

«Семей таңы» -«Вести Семей» газеттері» ЖШС директоры

 

Мақалада: Тәуелсіздік бізне не берді

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

21 час бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

21 час бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

21 час бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС