"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қалалық ардагерлер кеңесінің ХІІ конференциясы өтті

26.05.2021
Қалалық ардагерлер кеңесінің ХІІ конференциясы өтті
75
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

25 мамыр күні қалалық әкімдікте Семей қалалық ардагерлер кеңесінің ХІІ конференциясы өтті. Жиынға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов және ардагерлер қатысты.

Қалалық ардагерлер кеңесінің ХІІ конференциясы өтті

 Семей қалалық ардагерлер кеңесі 60 мыңнан астам зейнеткердің басын қосып отырған облыстағы ірі ұйымның бірі. Ұйым құрамында Ұлы Отан соғысының он жеті ардагері бар. Олардың ең жасының өзі қазіргі күні 94-ке келсе, үш ардагер биыл ғасыр тойын тойлайды. Сондай-ақ 2600-ден астам тыл еңбеккері, Ленинград қоршауында болған төрт адам, алты концлагерь тұтқыны және 400-ден астам саяси қуғын-сүргін құрбаны – қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Қалалық ардагерлер кеңесі кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында, кенттік және ауылдық округтерде құрылған 160 бастауыш ардагерлер ұйымымен бірлесе жұмыс істейді.

ХІ және ХІІ есептік конференциялардың арасында бес жыл ішінде 85 Ұлы Отан соғысының ардагері өмірден өтіпті. Жиналғандар алдымен оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

— Құрметті, конференция делегаттары, ақ жаулықты аналар! Ең алдымен Сіздермен амандықта жүздескеніме қуанышты екенімді жеткізгім келеді. Ардагерлер кеңесі жастарды патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда өзіндік орны бар үлкен ұйым. Сіздерді ХІІ есептік қалалық конференцияның ашылуымен және немере-шөберелеріңіздің мерекесі соңғы қоңырау салтанатымен құттықтаймын. Қалалық ардагерлер кеңесі тек қала көлемінде емес, облыстық, республикалық деңгейдегі шаралардың да белсенді қатысушысы, бастамашысы. Бүгінгі конференция жұмысына сәттілік тілей отырып, баршаңызға мықты денсаулық, қажымай қайрат, әр істеріңізге береке тілеймін,- деді қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Конференция барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов кеңестің осы уақытқа дейін атқарған жұмысы туралы баяндады.

Қалалық ардагерлер кеңесінің ХІІ конференциясы өтті

— Семей қалалық ардагерлер кеңесінің ХІІ конференциясы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл тарихи шаралар халқымыздың бірлігін, татулығы мен тыныштығын одан әрі нығайтады,- деді А. Доғалақов. – Соғыс және тыл ардагерлерінің барлығы да қамқорлыққа алынған және оларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Барлық зейнеткерлерді толық қамту үшін, сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының бірлігі мен тұтастығын нығайту үшін салалық ардагерлер кеңесі құрылған. Атап айтсақ, педагогикалық және мектепке дейінгі мекемелерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, медициналық, коммуналдық шаруашылық, сауда, ІІБ, темір жол,  ауыл шаруалашылығы мекемелерінде ардагерлер ұйымдары бар. Барлық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Қалалық ардагерлер кеңесі және оның бастауыш ұйымдары – зейнеткерлердің азаматтық, әлеуметтік құқықтарының қорғалуын бақылауда ұстайды.

Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі Рашида Хасанова жас ұрпақтың тәрбиесіндегі ардагерлердің рөлі туралы сөз қозғады.

— Зейнеткер мұғалім ретінде бүгін мен ардагерлердің шәкірт тәрбиесіне, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі жайлы айтқым келеді. Семейге қарасты Баженова ауылында дүниеге келген Айткеш Ибраев 19 жасында соғысқа аттанып, 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанды. Ауылда Айткеш Ибраевқа ескерткіш қойылып, мектепке есімі берілді. Қазір бұл білім ошағында Айткеш Ибраев атындағы спорттық ойындар жылда ұйымдастырылады. Мектеп оқушылары батыр атындағы білім ордасында оқитындарын, ал ауыл тұрғандары жерлестерін мақтан тұтады. Роллан Мусин Сталинград шайқасына қатысып, соғыстан мүгедек болып оралды. Кейіннен Семейдегі қаржы-экономикалық колледждің директорлығына тағайындалды. Ол студенттерді колледжге таза аяқ киіммен, аппақ жейдемен келуді үйретті. Бұл дәстүр оқу ордасында әлі күнге сақталған. Бүгінгі күні колледж оқытушылары мен студенттері Роллан Мусин есімін ардақтап, қадір тұтады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Халық өз батырларын ешқашан ұмытпайды. Олардың есімдері мен жасаған ерліктері жастарға рух береді, — деді Р.Хасанова.

Конференция барысында ауылдық окургтегі бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері де сөз сөйлеп, атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

Мақалада: Амантай ДоғалақовСемей қалалық ардагерлер кеңесіХІІ есептік конференция

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

5 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

5 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

5 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

5 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

6 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

7 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС