"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сапалы қызмет – салымшыға құрмет

28.05.2021
Сапалы қызмет – салымшыға құрмет
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі – салымшыларына сапалы қызмет көрсетіп, жеке зейнетақы шоттарындағы қаржының жай-күйі туралы дер кезінде толық ақпарат беру. Қазіргі  техникалық үдерістер қарыштап жылжып, түрлі электрондық мүмкіндіктер дамып жатқан кезде Қор да өз салымшыларына түрлі қызмет түрлерін ұсынып, уақытты неғұрлым үнемді пайдалануға барынша жағдай жасауда. Сөзіміз дәйекті болу үшін, Қордың салымшыларға ұсынып отырған электрондық қызметтеріне біртіндеп тоқталып, тағы да бір шолу жасап өтейік.

Халық арасында ең көп сұранысқа ие қызмет түрі – зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу. Президенттің 2021 жылдың басында зейнетақы жинағының бір бөлігін нысаналы мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік жасау туралы тапсырмасынан кейін қызметтің осы түріне деген сұраныс тіптен арта түсті.

Салымшылардың осындай қажеттілігін ескерген БЖЗҚ мамандары электрондық сервисті барынша дамытып, корпоративтік сайттағы, мобильді қосымша мен түрлі әлеуметтік желілердегі қызмет түрлерін көбейтіп, қарапайым халыққа қолжетімді әрі оңтайлы етуде. БЖЗҚ-ның www.enpf.kz корпоративтік сайты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мұнда оннан астам электрондық, соның ішінде жаңадан іске қосылған қызметтер де бар. Мысалы, мақсатты пайдалану үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы және зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы деректер, инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға жинақтарды аудару мүмкіндігі туралы ақпаратты ілезде алуға болады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдай мен шектеу шараларына қарамастан, БЖЗҚ салымшыларға қажетті қызметтерді көрсетуін бір сәтке де тоқтатқан емес: enpf.kz. сайтындағы жеке кабинетке тіркелу арқылы бірқатар қызметтерді алуға, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді бақылауға, шарттардың деректемелерін толықтыруға және т.б. көптеген операцияларды жүзеге асыруға болады. Сіз бұл сервисті электрондық цифрлық қолтаңба немесе ЖСН мен парольді енгізу арқылы пайдалана аласыз. Жеке кабинетте, сондай-ақ жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтама алуға, мерзімсіз уақытқа І немесе ІІ топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беруге, қоныс аударуға,  төлемге және тағы басқа себептер бойынша берілген өтініштің орындалу дәрежесін қадағалауға болады. Салымшылар көп қолданатын ең танымал онлайн-қызметтердің бірі – жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу. Қор көрсететін қызметтердің көпшілігін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) не бір реттік парольді пайдалана отырып, www.egov.kz электрондық үкімет сайтынан да алуға мүмкіндік бар. ЭЦҚ-ны «Электрондық үкімет» порталынан онлайн пішімде алуға болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайты да үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Жаңа қызмет түрлері де іске қосылуда. Солардың бірі – зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қашықтан беруге болатын өтініштердің түрлерін көбейту. Бұл қызметті енді БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар 50 жасқа толған және мүгедектігі бар тұлғалар да пайдалана алады. Аталған қызмет түріне өтініш беру үшін қолданыстағы ЭЦҚ-ның,  жеке басты куәландыратын құжаттың, ұлттық валютамызда ашылған банк шотының болуы қажет. ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, жеке кабинетте авторлану керек, содан кейін «Қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдап, тиісті құжаттарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою қажет. БЖЗҚ-ға берілген өтініштің өңделу мәртебесін сайттағы жеке кабинеттің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер/аударымдар туралы өтініштерім» қызметі арқылы оңай қадағалауға болады.

Айта кететін тағы бір жайт, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негізінде өтініш бермей-ақ ашылады.

Қор сайтындағы «Болжалды зейнетақы калькуляторы» да салымшылар үшін таптырмас көмекші. Бұл арқылы әр адам өзінің болашақ зейнетақысының мөлшерін есептей алады. Болжалды зейнетақы калькуляторы Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды, олар: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты (немесе ортақ) зейнетақы, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы. Зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыңызды есептеу оңай және өте жеңіл. Ол үшін «Болжалды калькулятордағы» туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақ сомасы және т.б. барлық қажетті өрістерді толтыру керек. Егер сіз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, калькулятордағы өрістер автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыны есептеу саусақтың екі-үш қимылымен-ақ жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан берілетін болашақ төлемдерді есептеу нәтижесі үш сценарийде беріледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Барлық үш нұсқада кірістіліктің болжамды деңгейі ескеріледі. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық мәнде (болжам жасалып отырған тиісті кезеңнің инфляциясы шегеріліп) ұсынылады. Сонымен қатар зейнетақы калькуляторы сіздің зейнетке шығу жасыңыз бен күніңізді де көрсетіп береді.

Сонымен қатар жеке кабинеттегі «Болжалды зейнетақы калькуляторында» жеткіліктілік шегінен асатын және тұрғын үй жағдайларын  жақсарту мен емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға болатын сома туралы ақпарат та беріледі. Бұл ретте сіз зейнетақы жинағыңыздың бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге алған кездегі өзіңіздің болашақ ай сайынғы зейнетақы төлемдеріңіздің сомасын көре аласыз. Есептеу кезінде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болуы мүмкін. Мұнда да сақтандыру ұйымынан берілетін аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшері көрсетіледі, оны сіз БЖЗҚ-дан кесте бойынша болашақта берілетін төлемдер мөлшерімен салыстырып, өзіңіз үшін қажетті қорытынды жасай аласыз.

БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің ішіндегі ауыз толтырып айтуға болатын тағы бір түрі – Android және IOS бағдарламалары қолданылатын кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеуге болатын ENPF мобильді қосымшасы. Авторландыру үшін логин мен пароль пайдаланылады, мобильді қосымшаның көмегімен сіз Қор сайтындағы жеке кабинетке кіресіз. Мұнда барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған.

Ұялы телефон құрылғысы өміріміздің маңызды бөлшегіне айналған қазіргі заманда, ENPF мобильді қосымшасының тигізер пайдасы көп екені айтпаса да түсінікті. Ол арқылы жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтама, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға, өзіңізді мазалаған мәселе бойынша сауал жолдап, Мобильді кеңсенің шығуына, кері қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелеріңізге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге болады. Сондай-ақ мобильді қосымша шоттың жай-күйін бақылауға, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Мұнда да сайттағы сияқты жаңа қызметтер іске қосылған. БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы енді мобильді қосымша арқылы жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйді жақсарту немесе емделуге пайдалану, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аудару үшін жеткілікті екендігі туралы біле алады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының түрлі әлеуметтік желілердегі («Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter»  және «Instagram») ресми парақшалары да толассыз жұмыс жасауда. Қор парақшасына жолданған әрбір сұраныс мамандар тарапынан  тыс қалмай, тиянақты түрде қаралып, тиісті жауабын алып отырады.

Айдан БЕКНҰР

 

Мақалада: БЖЗҚЗейнетақы жинақтарысалымшылар

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

26 минут бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

1 час бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

1 час бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

2 часа бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

2 часа бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

12 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

1 день бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС