"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

31.05.2021
ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұмада «Семей — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дариға Дайырова Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына мониторинг жүргізді.

 Халыққа қызмет көрсету орталығының басты міндеті — барлық стандарттарға сәйкес халыққа сапалы түрде қызмет көрсету. Осы орайда «Семей — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Дариға Дайырова Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Бақылау барысында аталған мекемеде тұрғындардың көп шоғырлануы байқалмады. Мекеме басшысының міндетін атқарушы Марлен Нысанбаев қызмет көрсету үрдісі санитарлық талаптарға сай жүргізілетінін атап өтіп, Дариға Абайқызын орталықтың жұмысымен, жаңашылдықтармен таныстырды.

— Семей қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары ШҚО Бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Орталыққа келер алдында 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу  немесе біздің Telegram бот арқылы кезекке бронь алу керек. Сонымен қатар белгіленген уақыттан 15 минут бұрын келген дұрыс. Өздеріңізге белгілі, мұнда барлық қажетті қызметтер көрсетіледі. Тұрғындар қызметтердің 80% -ын өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімі немесе электронды цифрлы қолтаңба арқылы үйде отырып ала алады. Қазір жер қатынастарына байланысты құжаттарды да орталыққа келмей-ақ, қашықтан алуға болады, — деді Марлен Нысанбаев.

Қала тұрғындары қазір ХҚКО-дан қызмет алу бұрынғымен салыстырғанда оңай әрі жылдам екенін айтады.

— Еліміздегі шектеу шараларына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында бір жылдай болмадым. Бүгін мекеменің санитарлық талаптарды, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып жұмыс істейтінін көріп, қуанып қалдым. Бұрынғыдай ығы-жығы халық жоқ. Алдын ала бронь алу арқылы кезегім де тез келді, жұмысымды жылдам аяқтадым. Ал бұрын қандай да бір қызмет алу ұзақ уақытқа созылатын. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң да осы қалыпта жұмыс істейді деген ойдамын,- дейді қала тұрғыны Арнұр Мырзақасимов.

Мониторинг барысында орталықтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус белгіленген талапқа сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл мәселеге қатысты «Семей — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дариға Дайырова ескерту жасап, жедел түрде қалпына келтіру керектігін тапсырды.

— «Семей – адалдық алаңы» жобасы аясында бүгін Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына, қызмет сапасына қоғамдық бақылау жүргіздік. Жаңа өздеріңіз көргендей, пандус стандартқа сәйкес келмеді. Қазір құжаттары әзірленіп жатыр екен. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады. Далада кезек күткен адам санының көп болмауы, тұрғындардың алдын ала бронь алуы – мұның бәрі орталықтың жұмысы бірізге түсіп келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен қызметтердің 80 пайызы электрондық форматқа көшсе де, тұрғындар бұрынғыдай мекемеге келіп үйреніп қалған. Халықпен жұмыс істеген оңай емес. Сондықтан сала мамандарына алғысымды білдіремін, — деді Дариға Дайырова.

Іс-шара соңында Дариға Дайрова ХҚКО қызметкерлерін адалдыққа, парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлықтан ада болуға, мемлекетіміз бен азаматтардың мүддесіне сай сапалы қызмет етуге шақырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Мақалада: Адалдық алаңыСемейХҚО

Ұқсас жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

04.11.2026
Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

Адам денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан медициналық көмекке қол жеткізу және денсаулықты қорғау мәселесі...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

3 часа бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

3 часа бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

3 часа бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

4 часа бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

1 день бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

1 день бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

1 день бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС