"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тарихқа тағзым

01.06.2021
Тарихқа тағзым
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта дүйсенбісінде қаламыздағы көрнекті ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың мемориалды кешенінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар, әйгілі тұлғаның ұрпақтары қатысты.

Санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілген жиында қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз алып, пікірін білдірді.

— Ардақты ағайын, қадірменді қауым! Бүгін біз барлығымыз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін жиналып отырмыз. Қазақ елі қаншама қиын кезеңдерді бастан өткерді. Ұлт ретінде жер бетінен жойылып кетуге де шақ қалды. Сондай оқиғалардың бірі — өткен ғасырдың 1928-1933 жылдарындағы ашаршылық. Ал 1937 — 38 жылдары 100 мыңнан аса адам  репрессияға ұшырап, 25 мыңнан астамы атылды. Қуғын-сүргінге ұшырағандар асылдарымыз еді. Көзі ашық, көкірегі ояу алаштың ардақтылары еді. Егемендік алғаннан кейін 1995 жылы Елбасының Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Өткен жылы ғана еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік комиссия құрылды. Аталған комиссия бүгінгі таңда облыс, қала деңгейінде үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Бастысы, біз өткен күннен қандай сабақ алдық, соны зерделеуіміз керек. Мұның барлығы Тәуелсіздігіміздің қандай жолмен келгенін жастарға түсіндіру үшін қажет. Еліміздің егемендігін сақтап қалу — баршамыздың ортақ парызымыз. Ал өз өмірлерін еліміздің болашағы  үшін құрбан еткен азаматтарды әрдайым еске алып, оларға тағзым ету — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деп Абай айтқандай, біздің алдымызда Тәуелсіздігімізді нығайту жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып еңбек ете беру міндеті тұр, — деді Н.Аманұлы.

Шара барысында Қайым Мұхамедхановтың шәкірті, республикалық «Абай» қорының президенті Отантай Кәріпжанов сөз алып, ұстазының өнегесі мен тағылымға толы өмірі жайында айтып өтті.

Ал студент жастар мен шаһардағы ақындар орталығының шәкірттері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап патриоттық рухтағы өлеңдерін оқыды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»

Мақалада: Қайым Мұхаметхановсаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

13 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

13 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

13 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС