"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аймақ басшысы Абай елінде

03.06.2021
Аймақ басшысы Абай елінде
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Маусым айының 1-күні облыс әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлы жұмыс сапарымен Абай еліне келді. Облыс әкімі бірден аймақта қызу қарқын алған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде Абай саябағы аумағында салынып жатқан жаңа тұрғын үйлер құрылысының барысын көруден бастады.

Мұндай іргелі жұмыстарда босаңсуға, ұсақ-түйекке мүлдем орын жоқ. Сондықтан аудан әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы осы шағын ықшам ауданда бой көтеріп келе жатқан бірыңғай сәулеттік келбетке ие тұрғын үйлердің құрылысының жай-жапсарын, жұмыстардың сапалы атқарылуын егжей-тегжейіне дейін қатаң бақылауда ұстап келеді.

Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы қос пәтерлі тұрғын үйлерге кіріп, ондағы құрылыстың көлемі, тұрғын үйдің жобасы, құрылыс сапасына назар аударып, жұмыстардың ойдағыдай жүргізіліп жатқандығына ризашылық білдіріп: «Әлеуметтік маңызы бар бұл тұрғын үйлер Тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығы қарсаңында тұрғын үйге мұқтаж жандарға берілуі қажет»,- деп атап өтті.

«Бір қабатты Шығыс» аймақтық бағдарламасы ауданымызға үлкен өзгерістер әкелді. Жағымды жаңалықтардың жаршысы бола білді. Осы бағдарламаның аясында аудан орталығы көркем келбетке ие болды.  Былтырғы жылы қос пәтерлі 16 тұрғын үй салынып, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 32 отбасы баспаналы болды.

Ұлы Абай елінде өткен мерейтой жылы қыруар жұмыстар жасалды. Қайталап айтар болсақ, ұлы ақын туған Сырт Қасқабұлақ, Ақшоқыда Құнанбай қорымы жаңарып, музей салынды. Қарауылда жаңа мектеп бой көтерді. Дәл  осы Қарауылдағыдай жаңа үлгіде салынған Абай саябағы сынды саябақ өзге өңірлерде жоқ деуге болады. Бұл саябақ қарауылдықтардың, келген қонақтардың нағыз демалыс орнына айналып келеді.

Келесі кезекте облыс басшысы ауыл тұрғындарын, қонақтарды күн сайын көркімен, теңдессіз әсемдігімен баураған дәл осы Абай саябағына келіп, ондағы көгалдандыру, абаттандыру жұмысымен танысып, егілген ағаштардың жайқалып, гүлзарлардың жайнап тұрғанын көріп, нысанды күтіп ұстау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Аймақ басшысының тікелей қолдауымен былтырғы жылы салынған бұл саябақтың ішінде серуен құрушылардың да саны күн санап артып келеді. Келген қонақтардың да оң бағасын алып үлгерді. Саябақ ауласында мәдени-рухани шаралар өткізетін орын, балардың ойын алаңы, тұрғындар үшін серуен құратын жолдар, велосипед жолдары т.б. қамтылған.

Шындығына келгенде, бұл жұмыстардың барлығы ұлылар мекенінің болашағы үшін, тұрғындар мен өсіп келе жатқан ұрпақ қамы үшін жасалып жатыр. Адамзатқа алыптарды тарту еткен киелі мекен көш басында тұруы тиіс. Облыс басшысы тарапынан жыл сайын қасиетті мекенді қолдау лайықты түрде жалғасын тауып келеді. Тағылымы мол игілікті шаралар одан әрі жалғасын таба береді деп сенеміз.

 Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, Абай ауданы

Мақалада: Абай еліДаниал АхметовЖарқынбек Байсабыров

Ұқсас жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

12 часов бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

4 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС