"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Біз — ел патриотымыз» атты халықаралық форум жастарға арналды

07.06.2021
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздері күні Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында аталған кітапхананың және Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біз – ел патриотымыз» атты халықаралық жастар форумы өтті. Форумға 8 елдің өкілдері қатысты. Жиынға бейнеконференция режимінде облыс әкімі Даниал Ахметов пен шығысқазақстандық жастар да қосылды. Халықаралық форумда Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастарды құттықтап, оларға арнап үндеу жолдады.

Форумға Франция, АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Белоруссия мен Ресейдің жастар ұйымдарының көшбасшылары, жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін жастар, мәслихат пен ҚР Парламентінің жас депутаттары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, шығармашыл азаматтар қатысты.

«Біз - ел патриотымыз» атты халықаралық форум жастарға арналды

Форум Оpen space форматында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – бүгінгі жаһандану заманындағы жастардың рөлін анықтау, әлеуметтік белсенді, креативті ұрпақ қалыптастыру және халықаралық жастар ұйымдарымен тығыз байланыс орнату.

Форумға қосылған облыс әкімі Даниал Ахметов қазіргі күні елімізде жастардың сапалы білім алып, қалаған ісімен айналысуларына толық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

— Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылында біз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа Қазақстанның қалыптасуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтуіміз керек. Елбасының саяси ерік-жігерінің арқасында «Бір ел – бір тағдыр» ұранымен Қазақстанның көпұлтты халқын біріктірген жаңа егемен мемлекет құрылды. Қазір жастарға сапалы білім алуға, сүйікті ісімен айналысуға, өз армандарын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер бар.

Болашақ мамандықтарына бағдарлау және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру – жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін еселейтін нақты қадамдар. Бұл мақсатта облысымызда «Білікті маман» өңірлік жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша республиканың жеті жоғары оқу орнында Шығыс Қазақстан облысының жастары білім алуда,- деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға бағытталған «Жас маман» бағдарламасы бойынша облыс колледждерінде WorldSkills халықаралық талаптарына сай жабдықталған 5 құзыреттілік орталық ашылған. Шығысқазақстандық жастар өздеріне берілген мүмкіндіктерді сәтті пайдаланып, түрлі олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда, спорттық жарыстарда топ жарып жүр. «100 жаңа есім» жобасы қолға алынғалы 18 шығысқазақстандық жоба жеңімпазы атанған.

— Бұл – егемен елдің жастарының жарқын жеңісі. Президенттік Жастар кадрлық резервіне 6 жерлесіміз өтті. Былтыр өткен Еріктілер жылында «Біз біргеміз» акциясы аясында 7 мыңнан астам волонтер қарт адамдар мен әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге қатысты. Биыл жастар «Игі істер марафоны» республикалық акциясы аясында бұл жақсы дәстүрлерді жалғастыруда,- деді Даниал Ахметов.

— Жастар – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші. Біз өзге де елдердің көшбасшы жастар ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы Қазақстанның гүлденуіне үлесімізді қосамыз. Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізіліп отырған форумның патриоттық мәні өте зор. Ресей, Франция, АҚШ, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан және Белоруссия жастарымен тәжірибе алмасу арқылы жаңа мүмкіндіктерге қол жеткіземіз,– дейді «Jas Otan» Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Алмас Айтмұқаш.

 

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»

Мақалада: Біз - ел патриотымызҚР Тәуелсіздігіне 30 жылфорумхалықаралық

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 часа бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 часа бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 часа бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

24 часа бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

1 день бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

1 день бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 день бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

1 день бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС