"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сазгер шығармашылығына арналды

14.06.2021
Сазгер шығармашылығына арналды
64
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Шәкәрім атындағы университеттің «Өнер және Музыка» кафедрасының құрметті профессоры, қобызшы, дирижер, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Оразғали Сейтқазының өмірден өткеніне бір жыл толуына орай аталмыш оқу ордасында «Ертіс өңірінің заманауи музыкалық мәдениеті: Бүгіні мен келешегі» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. 

Конференцияда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер Университетінің құрметті профессоры Дүйсен Үкібай, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық оркестрінің дирижері Нұрлан Бекенов, Қазақ ССР-ның жоғарғы советінің секретарі Советхан Нұрпейісов сондай-ақ Серік Малаев, Сайлауғазы Ахметов, Айбек Бекбосын сынды белді азаматтар өнер майталманы Оразғали Сейтқазының өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктерімен бөлісті.

Оразғали Жүнісбекұлы көп жылдар бойы Шәкәрім университетінің шаңырағында қазақ халық аспаптары оркестрін басқарған болатын. Осынау жылдары аталмыш ұжым екі мәрте облыстық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты, «облыстың ең үздік студенттік оркестрі» атанды. Сонымен қоса О.Жүнісбекұлының жетекшілігімен «Балабақша және мектеп әндері» атты хрестоматиялық оқу құралдары жарық көрді.

Оразғали Сейтқазының тағы бір қыры, ол дарынды композитор ретінде де танымал болған қайраткер. Қазақ халық аспаптары және үрмелі аспаптар оркестрлеріне, хорға жеке аспаптарға арналған шығармалардың, 10 шақты күйлердің, 100-ге тарта әндердің авторы. «Қазақстаным менің» және «Кел, билейік сәулешім» атты екі ән жинағы баспадан жарық көрген. Күйлері мен әндері өңіріміздің кәсіби және әуесқой орындаушыларының репертуарынан берік орын алып, насихатталып жүр.

Сейтқазы Жүнісбекұлының сазгерлік шығармашылығына Қазақстан композиторлар одағының мүшелері — Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Теміржан Базарбаев, Қазақстанның халық артисі Алтынбек Қоразбаев және өнер зерттеуші Жарқын Шәкәрімдер өте жоғары баға бергенін бір білсе, бірі білмес. Міне енді алдағы уақытта Оразғали Жүнісбекұлының дарындылық қасиеттері, өнер әлеміндегі дара бағыттары дипломдық жұмыстардың, магистрлік диссертацияларының тақырыптарына айналмақ. Осы мақсатта өнер адамының шығармашылығын терең зерттеу резолюциясы қабылданды. Өйткені дарынды тұлғаның еңбек жолы мен шығармашылығы жас ұрпаққа өнеге, қазіргі ұстаздар қауымына үлгі деп білемін, — дейді гуманитарлық экономика факультетінің деканы, педогогика ғылымдарының кандидаты Бақтыгүл Бодауова.

Өнер майталманының шығармашылығына арналған конференция соңында алыстан келген қонақтар мен қатысушыларға кәдесый ретінде автордың жеке кітабы сыйға тартылды. Сондай-ақ С.Жүнісбекұлы өмірінің соңына дейін қызмет атқарған Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде еске алу концерті болып өтті. Оразғали Жүнісбекұлының есімі өнер сүйер қауым мен шәкірттерінің есінде мәңгі сақталатыны анық.

Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы».

Мақалада: «Ертіс өңірінің заманауи музыкалық мәдениеті: Бүгіні мен келешегі»ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылОразғали СейтқазыШәкәрім университеті

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 час бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС