"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берекесіз басқосу немесе «Тамбов қасқыры» кімнің тапсырысын орындады?

14.06.2021
Берекесіз басқосу немесе «Тамбов қасқыры» кімнің тапсырысын орындады?
56
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Билікке өкпелі семейлік кәсіпкерлер тобының  өздерін  әділетсіздік құрбаны етіп көрсету акциясы күн өткен сайын халыққа әр түрлі форматта  тарауда. Соңғы кездері  желінің «жұлдызына»  айналған топ  өткен аптада тағы да журналистердің басын қосты. Бұдан бұрын да айтып кеткен болатынбыз, осы жолғы  баспасөз конференциясы да жалпыға емес, таңдаулы топқа ғана арналды.

Онлайн режимінде сұрақ қоюға талпынысымызды ұйымдастырушылар тағы да назарға  алмады. Ұзын сөздің қысқасы,  ӨЗДЕРІ  және ӨЗДЕРІНІҢ ДАЙЫНДАП ҚОЙҒАН  адамдарына ғана сөйлеуге мүмкіндік берген жиын соңы  өзін «блогермін» деп таныстырған Лия атты ханымның айқай-шуымен берекесі кетіп аяқталды. Осы басқосудан соң  желіде: «Полиция задержала блогера, автора паблика @XAXA_SEMEY, известную как Лия, сообщил Exclusive.kz предприниматель Айдос Сериккалиулы.  Полиция также пытается задержать самого предпринимателя и его брата…» дей келіп: «Задержали сегодня блогера, которая была на нашем круглом столе, где мы критиковали акима ВКО Даниала Ахметова. Она мне позвонила, сказала, что ее у нее дома скрутили, положили на пол, просила срочно подъехать. Я отправил к ней друга, полиция его спутала со мной и начала задерживать», — рассказал Сериккалиулы» деген ақпарат  тарап кетті.

Біз  есімі  көпшілікке беймәлім  Лия деген кім деген сауалға жауап іздеп көрген едік. Белгілі болғаны әлеуметтік желіде «Семей жалобы-2», «Невкусный Семей», «ХАХА_SEMEY» атты шулы  топтарды жүргізіп отырған Ресейдің Тамбов облысының тумасы Афелия Тофиковна Гусейнова атты азаматша болып шықты.

Сонымен,  ЛИЯ-АФЕЛИЯ!!! Сен кімсің?

 Қазақстан Республикасының азаматы емес адамды Семейге кім шақырды және қандай мақсатпен жүр?

 ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ өкілдеріне есігі жабық баспасөз конференциясына ЛИЯ-АФЕЛИЯ қалай кірді?

 Құқық қорғау органдарының өкілдерінің ЛИЯ-АФЕЛИЯНЫ үйіне іздеп барғаны рас болса, ол неге басқадан емес АЙДОС СЕРІКҚАЛИҰЛЫНАН КӨМЕК СҰРАЙДЫ?..

 Афелия ханым баспасөз конференциясында кімнің тапсырысын орындады?

 Басқа мемлекеттің азаматының біздің  ішкі саясатымызға араласуы қаншалықты заңды?

 Осы сауалдарымызға тиісті құқық қорғау органдары жауап берер деген үміттеміз.

Өзін «блогер» деп таныстырып жүрген Лия және басқа да оқиғаға қатысы бар адамдарды құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан ұстау, қысым көрсету фактілерінің анық-қанығын, заңдылығын білу мақсатында біз ШҚО полиция Департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карповамен байланысқа шыққан едік. Татьяна Карпова сәуір айында ақпараттық қысымға тап болған «Азия фирмасы» ЖШС құрылтайшылары тарапынан  өздерінің іскерлік абыройын қорғау жөнінде ішкі істер органдарына шағым түскенін жеткізді. ШҚО полиция Департаменті осы арыз негізінде ҚР ҚК 274-бабы бойынша «Жалған ақпарат тарату» фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын, аталған қылмыстық істегі құқық бұзушылықты анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілгенін растады. Қысқасы, көпшілікке өздерін әділетсіздіктің құрбаны етіп көрсетіп жүрген топтың  әдепсіз әрекетіне тосқауыл қою үшін жасалып отырған шара! Бұл істің астарынан қандай да бір саяси әрекет іздеудің  артық екендігін түсінген боларсыздар…

Кімнің ақ, кімнің қара екендігін сот анықтайды.

Дегенмен, осыдан кейін «Тамбов қасқыры» деген қағида төңірегінде тағы да бір  ойлануға тура келетін сияқты…

Риза АСАНҚЫЗЫ

 

Мақалада: semeybusЛИЯ-АФЕЛИЯТамбов қасқыры

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

12 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

12 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

12 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

1 день бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС