"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Салт аттылар ұлы дала жолымен!

08.07.2021
Салт аттылар ұлы дала жолымен!
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Ұлттық ат туризм федерациясының «Нұр-Сұлтан – Жидебай» бағытындағы бірнеше күндік сапары мәресіне жетті.

Салт аттылар ұлы дала жолымен!

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну өнеріне ерекше тоқталып, ержүрек, батыр бабаларымыздың ат тұяғын тоздырар, құс қанатын талдырар ұлан-ғайыр даламызды ақбілектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған ерлігін, рухын ұрпаққа ұлықтау керектігін атап өтеді.

Есіл жағасынан атқа қонған еріктілер кездейсоқ жандар емес. Қара сөзде қамшы салдырмас бұлбұлдар ме дүлдүлдер. Атап айтсақ, Ұлттық ат туризм федерациясының президенті Берік Ақылбеков, Целиноград ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы, журналист, ұстаз Дидар Оралбек, «baq.kz» сайтының журналисті Ержан Жаубай, орманшы, атбегі Таңжарық Сұлтанұлы, көкшетаулық жас ақын Мерген Тоқсанбай, балуан Айдар Махметов, тарихшы мұғалім Арман, сондай-ақ дәрігер Қайрат бірнеше күндік сапарда еліміздің көрнекті орындарымен танысты.

Былтырғы жылы Ұлы Абай бабамыздың 175 жылдық мерейтойы аясында жоспарланған бұл сапар пандемияға байланысты шегеріліп, биыл жүзеге асып отыр. Төрт облыстың шекарасын басып, көздеген жерге жеткенше Ұлы Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін,  өсиетін насихаттау басты мақсаттары болғандығын экспидиция мүшелері зор мақтанышпен айтты.

Мың шақырымдық сапар барысында қазақтың қонақжайлығын, құрметін көргендіктерін жарыса жеткізді. Жол-жөнекей тарихи жерлермен танысып, рухани азыққа байып келгендері тебірене сөйлеген сұхбаттарынан сезіледі. Жолаушылар Кереку жеріндегі Мәшһүр-Жүсіп баба басына түнеп, ғибратты әңгіме тыңдап, Олжабай батыр, Едіге би, Бұқар жырау бабаларға тәу етіп, Қоянды жәрмеңкесі, Сұлтанмахмұт Торайғыров музейінде болып танымдарын тереңдетіп, тарихтан тағылым алғандарын айтты.

Қарқаралыдағы Құнанбай мешітінде аялдап, дана-данышпан бабаларға құран бағыштатып, қарадан шығып хан атанған Құнанбай бабамыз жайлы тың деректерге, тарихи шындыққа қаныққандарын ауыз толтырып мақтанышпен жеткізді.

19 күнге созылған сапар Жер кіндігі Жидебайға келіп, мәресіне жетті. Сегіз сері боп жолға шыққан аттылардың үшеуі жұмыс бабымен, әлдебір себептермен жол ортадан қайтқан екен. Жидебайға келген меймандарды абайлықтар құшақ жая қарсы алды. Сапар иелері көз тоймастай көрікке ие болған Жидебайды тамсана тамашалап, аруақтарға құран бағыштады. Жидебай басында бел жазып, ауқаттанып, шөл басқан серілер көздеген мақсаттарына, армандарына жетіп әсем әуезді әнге басты.

Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, алты алашты таң қалдырған салт аттылардың бұл сапары көпке үлге, өскелен ұрпаққа теңдесіз өнеге.

Нұрқыз МЫРЗАХАНОВА,  «Семей таңы»

Мақалада: ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылНұр-Сұлтан – ЖидебайҰлттық ат туризм федерациясы

Ұқсас жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

3 часа бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

5 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

6 дней бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

6 дней бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

6 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

6 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС