"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Халық қалаулысы Тарбағатайда

12.07.2021
Халық қалаулысы Тарбағатайда
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саиров Ерлан Бияхметұлы Тарбағатай ауданына келіп, карантин талаптарын сақтай отырып аудан активімен және ардагерлермен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Қожахметов, «Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков және аудандық мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

 Жиында аудан әкімі Асхат Смаилов алғашқы сөз кезегін Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Бияхметұлына берді. Ақсуат жеріне келіп, жұртшылық өкілдерімен кездескеніне қуанышты екенін айтқан халық қалаулысы елімізде жүргізіліп жатқан саяси өзгерістерге кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, халық пен биліктің арасындағы байланысты нығайту мақсатында Ұлттық сенім кеңесінің құрылып, жұмыс істеуі; Парламент және мәслихат депутаттарының 70 пайызға жаңаруы; Парламенттік оппозиция құрылғандығы; Парламенттің онлайн жұмыс істеуге көшуі және онлайн қабылдаулар жасауы; депутаттар мен биліктің әлеуметтік желілерді пайдалануға көшуі туралы жан-жақты түсінік берді.

Сонымен қатар Ерлан Саиров жаңадан сайланған Парламент мәжілісінің жарты жылда атқарған жұмыстарын да баяндап шықты. Парламент мәжілісінің сессияларында 85 заң қаралып, оның 45- і сенатқа жіберілгендігі; «Саяси партиялар туралы», «Рейдерлікке қарсы» заң қабылдануы, «Жер кодексі» мен «Еңбек кодексіне» өзгерістер енгізілгендігі сөз болды. Сондай-ақ Ерлан Саиров тиісті министрліктерге 4 маңызды мәселе бойынша өзінің сауал жолдағанына да тоқталды.

Кездесуде ауылдың әлеуметтік мәселелері жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Қожахметов, Қалбатау-Майқапшағай арасындағы жолдың жөнделуі туралы аудандық мәслихаттың хатшысы Асқар Боғырбаев, ауылды жердегі интернет байланысы және мектептер салу мәселелері жөнінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Дауытбаева сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Саиров Ерлан Бияхметұлының Ақсуаттағы Абай ескерткішінің алдында ауыл ардагерлерімен кездесуі кезінде де көпшілікті толғандарып жүрген әлеуметтік мәселелер қозғалды. Тарбағатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәулет Итбаев, Ақсуат ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Болат Оразғалиев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жұмаш Маханова және басқалары өздерін толғандырып жүрген әлеуметтік мәселелерді айтып, халық қалаулысының жауабын тыңдады. Ардагерлермен болған кездесуде ерекше айтылған мәселелердің бірі – аудан халқының, жолаушылардың арқасына аяздай батып жүрген Қалбатау-Майқапшағай аралық жолының қазіргі жағдайы еді.

Осы өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын зерделеп, сараптап қайтуды мақсат етіп келген Ерлан Бияхметұлы бұл жердегі ең өзекті мәселелердің бірі — жол жөндеу жұмысындағы олқылықтарға әбден көз жеткізіпті. Өзіне қойылған сұрақтарға түсінік бере келіп халық қалаулысы Қалбатау-Майқапшағай жолын «ҚазАвтоЖол» және Қытайдың «Синь-Синь» компаниялары салып жатқанын айтты. Қытай компаниясы бөлінген жолды салу мерзімін сақтап, жұмысты алдағы жылы тамыз айында бітіруді межелеп отыр екен. Ал Боғас-Қалбатау арасындағы 204 км жолды жөндеуді міндетіне алған «Синь-Синь» компаниясының серіктесі «КазГерСтрой» компаниясы жолшылары қаржылық проблемаға кездесіпті.

-«ҚазАвтоЖол» басшыларымен, мердігерлермен әңгімелестік. Кемшілік компанияның өзінен екен. Олар тағы несие алуға талпынып отырған көрінеді. Несие алса жұмысты жалғастырып, Байбураға дайінгі жолды биыл салып бітірмекші. Ал несие алмаса жолды қысқа дайындауға тура келеді. Бұл жолдың мәселесін Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясы өз бақылауында ұстайды,-дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Бияхметұлы.

Жиын мен кездесулердің соңында Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Смаилов Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировқа ауданымызға келіп, бұқарамен жүздесіп, көпшілікті алаңдатып жүрген проблемалармен жете танысып, оны шеудің жолдары жөнінде ой бөліскені үшін алғыс білдірді.

 Хамза СӘТИЕВ

 

Мақалада: Ерлан Саировтарбағатай

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

9 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

17 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

17 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

17 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС