«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ШҚО Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округінің әкіміне үміткер Әдкеев Жаннұр Маратұлының 2021-2024 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Әдкеев Жаннұр Маратұлы 1986 жылы 4 қарашада Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі жоғары. Шәкәрім атындағы СМУ ветеринариялық-санитариялық дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Екінші жоғары білімін Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде экономика және бизнес мамандығы бойынша алды.
Үйленген, зайыбы Козыбаева Айгерим Ермековна.
Бір қыз, бір ұлы бар.
Еңбек жолы
2003-2008 ж.ж Шәкәрім атындағы СМУ оқыды. Ветеринариялық-санитариялық дәрігер.
2013-2015 ж.ж. бастап Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде екінші жоғары білімін экономика және бизнес мамандығы бойынша алды.
2010 ж. мамыр айынан шілде айына дейін Айнабұлақ ауылдық округі әкімшілігінде бас маман – ветеринар міндетін уақытша атқарды.
2010-2014ж. шілде айынан бастап Айнабұлақ ауылдық округі әкімшілігінде бас маман – ветеринар болып қызмет атқаруда.
2014-2017 ж. шілде айынан бастап Айнабұлақ ауылдық округі әкімшілігінде бас маман болып қызмет атқарды.
2017 ж. тамыз айынан бүгінгі уақытқа дейін Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келеді.
Үміткер бағдарламасы:
Ауылшаруашылығын, шаруа қожалықтарды, а/ш тауар өндіруші кооперацияларды және ауылшаруашылық өнімдерін жан-жақты өңдеуді мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру.
Экология. Ауылды көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі жүргізу.
Әлеуметтік қорғау. Мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көп балалы аналарға үнемі көмек көрсетіп, бақылауда ұстау.
Медициналық қызмет. Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттыру.
Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жастармен үнемі жұмыс жүргізу. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға жастарды шақырып, бос жұмыс орындарын ұсыну.
«Жұмыспен қамту», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жұмыстарды жүргізіп, ауыл халқының әлеуметтік жағдайын көтеру.
Айнабұлақ және Самай ауылдарының көшелерін жарықтандыру.
Ұялы байланыс қызметін іске қосу.
ШҚО Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округінің әкіміне «Ауыл» партиясынан кандидат Жаннұр Маратұлы Әдкеевтің сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Муханова Макпал Карахановнаның
Сайлауалды бағдарламасы
Мен 1968 жылы 29 маусымда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Алғабас ауылдық Кеңесінде тудым.
Еңбек жолы
1985-1987 ж.ж Доғалаң совхозының №2 бригадасында көмекші шопан болып жұмыс атқардым.
1987-1993 ж.ж Қарағанды политехникалық институтында оқып, институттың құю өндірісінің машиналар мен технологиясы мамандығын бітірдім.
1993-1997ж.ж А.Жақсыбаев атындағы совхозда кассир болып жұмыс істедім.
1997-1998 ж.ж Алғабас ауылдық әкімшілігінде салық агенті болып жұмыс істедім.
1998-2018 ж.ж Алғабас ауылдық округінде жетекші маман есеп-қаржы қызметкері болып жұмыс істедім.
2018 жылдан бастап осы осы уақытқа дейін Алғабас ауылдық округі әкімінің бас маманы міндетін атқарамын.
Үміткер бағдарламасы:
- Ауылдық округі әкімінің құзіретін пайдалана отырып, округ тұрғындарының жағдайын дамыту бағытында тұрақты жұмыс атқару.
- Уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жұмыс жасап, Жергілікті қауымдастық, Ардагерлер кеңесі, Отбасы және әйелдер ісі кеңесі, Жастар ісі сияқты қоғамдық ұйымдардың жұмысын дамыта отырып, мемлекеттік басқарудан халықтық басқаруға қол жеткізу. Жергілікті жерде қоғамдық бақылауды енгізу арқылы ауылдағы ахуалға ауыл тұрғындарының ықпалын арттыруға қол жеткізу.
- Жұқпалы мал ауруларының алдын алуда қолданыстағы мал қорымдарын қалыпқа келтіру, болмаған жағдайда жаңадан салғызу.
- Төменгі пайызды несиелер арқылық шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
- Шаруа қожалықтарының жұмысының уақыт талабына сай ұйымдастырылуын қадағалай отырып, мал басын асылдандыру, мал бордақылау алаңдарын ашып шаруашылықтың тиімділігін арттыру мақсатында кооперативтер құру.
- Шалғай ауылдың негізгі тірегі мектеп болғандықтан, мектептің тұрақты жұмыс жасап, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге ықпал жасау.
- Мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне мән бере отырып, олардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
- Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз мөлшерде қамтамасыз етілген отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау. Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыру.
- Ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.
ШҚО Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидат Муханова Макпал Карахановнаның сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округі әкіміне үміткер Токатаева Анар Майдановна
Токатаева Анар Майдановна 1974 жылы 27 қаңтарда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген, қазақ. Білімі-жоғары. Е.А. Букетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. «Қаржы және несие» мамандығын алды.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласының Жетісу Халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде маман болып бастаған.
1998 жылдан 2001 жылға дейін «Семей құс» ААҚ-да бухгалтер болып жұмыс істеді.
2001 жылдан 2009 жылға дейін Семей қаласының Семей қалалық пошта байланысы торабының орталық пошта бөлімшесінде оператор болып жұмыс істеді.
Әр жылдары «Жолдас Продукт» ЖШС, «Халық Маркет» ЖШС, «Фирма Азия» ЖШС сияқты ұйымдарда бухгалтер және диспетчер болып жұмыс істеді.
2018 жылдың тамыз айынан бастап «ШҚО Семей қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып тағайындалды.
Тұрмыста, үш баласы бар. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.
Үміткер бағдарламасы
Айнабұлақ ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, ауылдық округ тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінемін. Ауылдық округ тұрғындарын және ауылдағы өзекті мәселелерді біле отырып, менің әкім ретіндегі міндетім-заңнама аясында және өз өкілеттілігім шегінде ауылды және азаматтарды кәсіби басқару, олардың мүдделерін білдіру және қорғау, аппаратты сауатты басқару. Әкім тәжірибелі басқарушы-шаруашылық жүргізуші болуы тиіс деп сенемін. Ауылдық округ әкімі ретінде депутаттармен, жұртшылықпен, өндірісшілермен және кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеу және ауыл өміріне белсенді қатысу үшін өз бағдарламамды ұсынып отырмын.
Мен өз қызметімде келесі бағыттарды негізгі деп санаймын:
* зейнеткерлерге, мүгедектерге және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету,
* Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету;
* ауылдық округ тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселені шешу;
* әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларымен, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу;
* ауыл жастарымен айналысу, жастарды спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты жандандыру;
* ауылды көріктендірумен, көгалдандырумен және санитарлық тазартумен айналысу.
ШҚО Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидат Токатаева Анар Майдановнаның сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!Қ
«Ауылдарды өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыруымыз керек».
Тұңғыш Президент – Елбасы, «NurOtan» Партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев.
Құрметті Достық ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен Жарликенов Нуркен Хусатаевич, еңбек жолымды Семейдегі ет-консерві комбинатында жұмысшы болып бастадым. Кейіннен топографиялық техникумда комсомол ұйымының хатшысы болдым. Облыстық еңбек штабының бас маманы, «Созидатель» құрылыс кооперативі цехінің басшысы, «Жоламан» өзін-өзі басқару ұйымының басшысы, №1 муниципалдық округ бойынша әкімнің өкілі, «Полимерлі-полиграфиялық комбинат» АҚ маманы, Семей қаласындағы «Көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған интернат» директоры болып қызмет атқардым.
2012 жылы ШҚО Семей қаласының Достық ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым.
Осы уақыт аралығында округтің инфрақұрылымын дамытуда көп жұмыс атқарылды. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Шақаман ауылының үш көшесіне жарықтандыру өткізілді. 2021 жылы Шақаман және Достық ауылдарының көшелерін жарықтандыруға құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім беру жоспарланған.
Ауылдық округ әкімі ретінде ауыл өміріне белсенді қатысу үшін депутаттармен, қоғаммен, өндіріс жұмысшыларымен және кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеймін.
Әрқашан байланыстамын! Тел/WhatsApp: +7 700 717 86 51
Мені сайласаңыз:
Халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз етуге қол жеткіземін.
Елді-мекендерді абаттандырамын.
Шақаман ауылындағы Ахметов көшесін жарықтандырамын. Достық ауылындағы Абай, Юбилейная, Целинная көшелерін жарықтандырамын.
Талды станциясынан Семей қаласына қарай өтетін автожолды жөндеймін.
Өз үлесімді қосамын:
Округтің кадрлық әлеуетін арттыруға, жұмысқа келген жастарға көмек көрсетуге, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге
Округтің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға
Қосымша жұмыс орындарын құруға және округ экономикасына инвестициялық жобаларды тартуға
Зейнеткерлерге, мүгедектерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге
Ауылдық округті абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстарын күшейтуге
Мем. бағдарламалар шеңберінде азаматтарға жұмысқа орналасуға және оқуға көмек көрсетуге
Округ тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына, бос уақытын тиімді пайдалануына күш саламын.
#BizBirgemiz
ШҚО Семей қаласы Достық ауылдық округінің әкіміне «Nur Otan» партиясынан кандидат Жарликенов Нуркен Хусатаевичтің сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Достық ауылдық округі әкіміне үміткер АЙТҚОЖИН БЕРІК РЫМБЕКҰЛЫ
Өмірбаяны:
Туған күні, айы, жылы: 13 маусым 1993 жыл.
Ұлты: қазақ.
Туған жері: ШҚО, Семей қаласы.
Білімі: Жоғары. Қазақ инновациялық университеті,
мамандығы — есеп және аудит.
Отбасы жағдайы: үйленген
Еңбек жолы:
2011 – 2015 жж. Қазақ инновациялық университетінде оқыды.
10.2014 — 04.2015 жж. Бөкенші орта мектебінде от жағушы.
10.2015 — 04.2016 жж. Бөкенші орта мектебінде маусымдық от жағушы болып жұмыс істеді.
04.2016 -10.2016 жж. «Строитель» ЖШС-де жұмысшы болып жұмыс істеді.
04.2017 — 09.2017 жж. Жиенәлі ауылдық округінің әкім аппаратында жастар практикасы бойынша есепші маман.
11.2017-12.2017 жж. — Жиенәлі ауылдық округінің әкім аппаратында ауыл жастарын ұйымдастыру жөніндегі қызметкер.
03.2018-04.2018 жж. — Жиенәлі ауылдық округінің әкім аппаратында ауыл жастарын ұйымдастыру жөніндегі қызметкер.
2018 жылдың сәуір мен маусым аралығында «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2018 жылғы 27 маусымнан осы уақытқа дейін «ШҚО Семей қаласының Жиенәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман.
Үміткер бағдарламасы:
Мен өз қызметімде келесі бағыттарды негізге аламын:
- зейнеткерлерге, мүгедектерге және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету;
- денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету;
- ауылдық округтің тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің проблемалық мәселесін шешу;
- әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларымен, кәсіпкерлермен жұмыс;
- ауыл жастарының мәселелерімен айналысу, жастарды спортқа тарту бойынша жұмысты күшейту;
- ауылды көгалдандыру, көгалдандыру және санитарлық тазартумен айналысу.
Бұл менің Достық ауылдық округінің әкімі ретіндегі жұмысымда жоспарлайтын негізгі бағыттар мен басым міндеттерім.
ШҚО Семей қаласы Достық ауылдық округінің әкіміне кандидат Айтқожин Берік Рымбекұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Достық ауылдық округі әкіміне үміткер Байханов Мираш Алмасханович
Өмірбаяны:
Туған күні, айы, жылы: 18 тамыз 1991 жыл.
Ұлты: қазақ.
Туған жері: ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы.
Білімі: Жоғары. Қазақ гуманитарлық – заң инновациялық университеті, мамандығы – қаржы.
Отбасы жағдайы: үйленген, 1 бала тәрбиелеуде.
Еңбек жолы:
2007-2011 жж. «Экономика және қаржы колледжі», Банк қызметі
2011-2014 жж. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
09.2011-02.2017 жж. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, кассир, менеджер көмекшісі, менеджер, бөлімнің аға менеджері.
05.2017-07.2017 жж. «Еуразиялық банк» АҚ, сектор маманы.
07.2017-10.2017 жж. «Банк Центр Кредит» АҚ, іскери клиенттер бөлімінің аға басқарушысы.
2018 жылдың сәуірінен 2018 жылдың шілдесіне дейін «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2018 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
Үміткер бағдарламасы:
Егер мен әкімдікке сайлансам, келесі бағыттарды шешуге бар күш-жігерімді саламын:
— зейнеткерлерге, мүгедектерге және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету, олардың әлеуметтік төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
— сумен жабдықтау жүйесінің үздіксіз жұмысына көмек көрсету;
-ауылдарды көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жүргізу;
Мен ауыл тұрғындарының мүдделерін барлық мемлекеттік органдарда білдіре отырып, олардың мүдделерін қорғауға дайынмын.
ШҚО Семей қаласы Достық ауылдық округінің әкіміне кандидат Байханов Мираш Алмасхановичтің
сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Ауыл – халық руханиятының діңгегі, мәдениетінің мәйегі, елдігінің бастауы, дәстүрінің қайнар көзі». Тұңғыш Президент, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев.
ШҚО Семей қаласы Жиенәлі ауылдық округі әкіміне үміткер Сыздыханова Гулжан Аманжоловна
Құрметті Жиенәлі ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен осы Бөкенші ауылында туып өстім. Сіздер мені және ата-анамды жақсы білесіздер, олар ауылдың құрметті тұрғындары.
Бухгалтер мамандығы бойынша жоғары білім алып, туған ауылыма оралып, округтің дамуына өз үлесімді қосуды ұйғардым. Еңбек жолымды ауылдық округ әкімі аппаратында маман болып бастадым, жетекші маман, округ әкімі аппаратының бас маманы болып тағайындалдым. 2013 жылы ауылдық округ әкімі болып сайландым. Сіздер жақсы білетіндей ауылдық округ әкімі болып жұмыс істеген уақыт ішінде мен округтің көптеген мәселелерін шеше алдым.
Бөкенші ауылының қалған көшелерін жарықтандыру, тұрғындарды интернетпен қамтамасыз ету, ұялы байланысты қоныстандыру және ауылда жастарға арналған шағын футбол алаңын салу. Бүгін мен осы мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен жасай аламын!
Мен əрқашан байланыстамын! Тел / WhatsApp: + 7 747 518 09 96
Email: g.syzdyxanova@mail.ru
Құрметпен, Сыздыханова Гүлжан Аманжолқызы!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда атқарылатын жұмыстар:
2025 жылға дейін Бөкенші ауылының қалған көшелерін жарықтандырамын.
Тұрақты негізде ықпал ететін боламын:
округтің барлық әлеуметтік нысандарын жөндеуге ықпал ететін боламын.
2025 жылға дейін округ тұрғындарын интернетпен қамтамасыз етуді қолға аламын.
Бөкенші ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуына қол жеткіземін.
2025 жылға дейін Бөкенші ауылында жастарға арналған футбол алаңын салуға ықпал етемін.
2022 жылға ұялы байланысты күшейту үшін автомұнараны орнатуды қолға аламын.
Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін.
Үлесімді қосамын:
Ауыл жастарының мәдени бос уақытын, спортты және адамдардың салауатты өмір салтын дамытуға
Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға
#Biz Birgemiz
ШҚО Семей қаласы Жиенәлі ауылдық округі әкіміне «Nur Otan» партиясынан кандидат Сыздыханова Гулжан Аманжоловнаның сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Жиенәлі ауылдық округі әкіміне үміткер Айтишева Алия Мухаметкалиевна
Өмірбаяны:
Мен Айтишева Алия Мухаметкалиевна 1984 жылы 3 тамызда ШҚО Семей қаласының Шақаман ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым — қазақ.
Білімім — жоғары. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» мамандығы бойынша бітірдім.
Өзімнің алғашқы еңбек жолымды 2007 жылдың қыркүйек айында Шақаман ауылының Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінде оқытушысы болып бастадым.
Сонымен қатар, 2014-2015 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «RIKS TechnicS» ЖШС-де бөлшек бағытта менеджер болып абыройлы жұмыс істедім.
2015 жылдың тамыз айынан бастап «ШҚО Семей қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып тағайындалдым.
Тұрмыс құрмағанмын. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқпын.
Үміткердің сайлауалды бағдарламасы
Ауылды абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалығын сақтау жұмыстарын жақсарту;
Елімізді әлеуметтік экономикалық тұрғыдан дамыту бағытында қабылданған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы, «Сыбаға» бағдарламалары мен «Дипломмен ауылға» жобасының ауылдық округте іске асуына қолдау көрсету;
Жастарды ауылға тарту және тұрақты жұмыспен қамту, балалар мен жасөспірімдердің өз уақыттарын тиімді өткізулеріне мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау;
Ауыл ішінде орналасқан шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдесу;
Ауылдық округ тұрғындарының өмір сапасын арттыру, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту.
ШҚО Семей қаласы Жиенәлі ауылдық округі әкіміне кандидат Айтишева Алия Мухаметкалиевнаның сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Жиенәлі ауылдық округі әкіміне үміткер Муслиманова Нургул Амангелдиновна
Өмірбаяны:
Муслиманова Нургул Амангелдиновна, 1974 жылы 1 сәуір күні Семей қаласында дүниеге келдім.
Отбасы жағдайыма тоқталсам тұрмыстамын, 3 балам бар.
Мекен-жайым: Қайым Мұхамедханов көшесі 8 үй.
Осы уақыт аралығында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқпын.
1996 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтын «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтадым.
1996-2002 жылдары «Семей құс» ЖШС-де технолог болып жұмыс істедім.
2002-2003 жылдары «Асер» ЖШС-де технолог болып жұмыс істедім.
2004-2011 жылдары «Tau Marketing» ЖШС-де дүкен директоры болып қызмет атқардым.
2011-2013 жылдары «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ аумақтық округ әкімінің өкілі болдым.
2013-2014 жылдары Семей қаласының ветеринария бөлімінде жұмыс істедім.
2014 жылдан «ШҚО Семей қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де бас маман болып жұмыс істеймін.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық және көкейтесті мәселелерін шешу;
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек бағдарламасы, «Сыбаға» бағдарламалары мен ауыл ішінде орналасқан шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдесу;
«Дипломмен ауылға» жобасының ауылдық округте іске асуына қолдау көрсету, ауылдық округімізге жас мамандар тартып, оларға әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасап, жан-жақты көмек көрсету;
Ауылдық округіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани тұрғыдан дамуына мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру;
Менің азаматтық борышым, мақсатым – Жиенәлі ауылдық округін көркейту, оның өркендеуі үшін, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін еңбек ету.
ШҚО Семей қаласы Жиенәлі ауылдық округі әкіміне кандидат Муслиманова Нургул Амангелдиновнаның сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Алғабас ауылдық округі әкіміне үміткер Зарлыханов Бауыржан Берикболулы
Өмірбаяны:
Зарлыханов Бауыржан Берикболулы 1982 жылы 21 сәуірде Семей облысы Абай ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. Семей қаржы – экономикалық колледжін салық және салық салу мамандығы бойынша бітірген. Қаржыгер. Екінші жоғары білімін Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша алды, бакалавр.
Жанұялық жағдайы: үйленген, зайыбы Әбіш Лаура Ақылтайқызы 1982 жылы туған. Білімі жоғары. Бейнелеу өнері және сызу, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.
Қызы Берікболова Іңкәр Бауыржанқызы 2005 жылы туған.
Қызы Берікболова Ақнұр Бауыржанқызы 2008 жылы туған.
Қызы Берікболова Жанель Бауыржанқызы 2012 жылы туған.
Қызы Берікболова Жанерке Бауыржанқызы 2014 жылы туған.
Ұлы Берікболов Мұхаммед-Жан Бауыржанұлы 2020 жылы туған.
Еңбек жолы:
1999 – 2001 ж.ж. Семей қаржы – экономикалық колледжінде оқыды. Қаржыгер
2010 – 2013 ж.ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын алды, бакалавр.
2002 – 2009 ж.ж. Аумақтық емхана бірлестігі «Абыралы» орталық емханасында экономист.
2010 – 2010 ж.ж. Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жетекші мама2011 – 2017 ж.ж. «Семей қаласы жұмыспен қамту орталығы» ҚММ маман.2017 жылдан бүгінгі уақытқа дейін Қараөлең ауылдық округінің бас маманы.
Үміткердің бағдарламасы:
Ауыл мәдениетін өркендету, ауылды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында, шаруа қожалықтарына төмен пайызда несие алуға көмек жасау.
Жылқы және қой шаруашылығының жұмысын жандандыру, қымыз өндіру өнімін ұлғайту.
Мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жасау, жағдайы төмен отбасыларға шаруа қожалықтарының демеушілігі арқылы жұмыс істеулеріне, әлеуметтік жағдайын жақсартуға қолдау көрсету.
Жұмыссыз жүрген ауыл жастарына «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында шағын несие беру арқылы кондитерлік цех ашуға мүмкіндік жасау.
ШҚО Семей қаласы Алғабас ауылдық округінің әкіміне кандидат Зарлыханов Бауыржан Берикболулының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Алғабас ауылдық округі әкіміне үміткер Курманов Газиз Серикович
Өмірбаяны:
Курманов Газиз Серикович 1984 жылы 24 желтоқсанда Семей облысында дүниеге келген.
Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі жоғары. Қазақ гуманитарлық заң университетін заңтану мамандығы бойынша бітірген.
Жанұялық жағдайы: үйленген, зайыбы Курманова Ақылия Данапқызы 1988 жылы туған. Білімі орта. Мейірбике.
Қызы Ғазиз Сезім Ғазизқызы 2007 жылы туған.
Ұлы Серік Айтөре Ғазизұлы 2018 жылы туған.
Еңбек жолы:
2002-2006 ж.ж Қазақ гуманитарлық заң университетін оқыды. Заңгер.
2006-2008 ж.ж ШҚО ІІД Семей қаласы ІІБ Орталық полиция бөлімі, тергеуші
2019 ж. тамыз айынан қазан айына дейін Айнабұлақ ауылдық округі әкімшілігінде бас маман міндетін уақытша атқарушы.
2019 ж қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Айнабұлақ ауылдық округі әкімшілігінде бас маман болып қызмет атқаруда.
Үміткердің бағдарламасы:
Ауыл шаруашылығын, шаруа қожалықтарды, ауылшаруашылық тауар өндіруші кооперацияларды және ауылшаруашылық өнімдерін жан-жақты өңдеуді мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру.
Экология. Ауылды көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі жүргізу
Әлеуметтік қорғау. Мүгедектер, зейнеткерлер, ардагерлер және тұрмысы төмен отбасыларға үнемі көмек көрсетіп, бақылауда ұстау.
Медициналық қызмет. Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттыру.
Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жастармен үнемі жұмыс жүргізу. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға жастарды шақырып, бос жұмыс орындарын ұсыну.
«Жұмыспен қамту», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жұмыстарды жүргізіп, ауыл халқының әлеуметтік — экономикалық жағдайын көтеру.
Айнабұлақ және Самай ауылдарының көшелерін жарықтандыру.
Ұялы байланыс қызметін іске қосу.
ШҚО Семей қаласы Алғабас ауылдық округінің әкіміне кандидат Курманов Газиз Сериковичтің сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
ШҚО Семей қаласы Алғабас ауылдық округі әкіміне үміткер Кусаинов Толеген Темиржанович
Өмірбаяны:
1974 жылы 29 тамызда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Алғабас аулында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
1991-1993 жылдары Қарағанды дене шынықтыру және спорт техникумында оқыған.
2002-2006 жылдары Шәкәрім атындағы СМПИ-ді дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқып шықты.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген. Ұл мен қыздар тәрбиелеуде.
Еңбек жолы:
1993-1995 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Алғабас аулындағы Асқар Быхин атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. Осы жылдар аралығында мектеп жанындағы интернатта қосымша тәрбиеші болып қызмет жасады.
1995-1998 жылдар аралығында Қарағанды қаласының №39 орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болды.
1998-2018 жылдар аралығында Семей қаласы, Талица орта білім беру мектебінде дене тәрбиесі пәні мұғалімі және 2010 жылдан 2018 оқу жылына дейін Талица орта білім беру мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2018 оқу жылынан бастап Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Быхин атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ -де мектеп директоры қызметін атқаруда.
Үміткер бағдарламасы:
2025 жылға дейін ауылдың жарық жүйесінің мәселесін шешу.
2025 жылға дейін ауызсу мәселесін шешу.
2025 жылға дейін ауылдың дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізу.
2025 жылға дейін ауылдың малдәрігерлік пунктін күрделі жөндеуден өткізу.
2025 жылға дейін жастарға арналған Спорт кешенін ашып, іске қосу.
2025 жылға дейін бүлдіршіндерге ойын алаңын ашу.
2025 жылға дейін ауыл маңына орналасқан қоқыс тастау орнын ретке келтіріп, зиянды нәрселердің, қалдық арқылы бөлінетін адам денсаулығына зиянды нәрселерді жою жолдарын мүмкіндігінше қарастырып, іске асыру.
2025 жылға дейін көшелерді жарықтандыру, абаттандыру мәселелерін шешу, көше тазалығын сақтау шараларын ұйымдастыру;
2025 жылға дейін шаруа қожалықтарының өзекті мәселерін шешу;
2025 жылға дейін ауылға танымал тұлғалардың еңбектерін насихаттау мақсатында «Мұражай бұрышын» ашу.
Күтілетін нәтиже:
Қосымша қаржыландыру көздері ашылады;
Ауыл тұрғын-дарының әлеуметтік-экономикалық, құқықтық жəне қаржылық сауаттылықтары артып, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді;
Ауылдан шыққан танымал тұлғалардың мəдени- рухани мұрасы насихатталады.
ШҚО Семей қаласы Алғабас ауылдық округінің әкіміне кандидат Кусаинов Толеген Темиржановичтың сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.