"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Екпе алудан алдыңғы орында

11.10.2021
Екпе

Жуырда облыстық әкімдікте аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен облыстағы қалалар мен аудандар әкімдерінің және өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қатысуымен коронавирустық инфекция мәселесі бойынша кеңейтілген отырыс өтті.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы эпидемиялық ахуал бойынша бұрынғыдай «сары» аймақта. Яғни қауіп әлі де толықтай сейілген жоқ.

— Бүгінгі күні коронавирустық індетпен аймағымыз бойынша жалпы саны 117 науқас тіркелді, оның басым көпшілігі облыс орталығының тұрғындары. Бұл вирустың Дельта штамының жоғары жұқпалы болуына байланысты, онда бір науқас 10 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Қазір байланыста болған адамдар тобын жедел анықтауға ерекше көңіл бөлу керек, мұндай жұмыс Семей қаласында жақсы жүргізіледі. Мәселен, осы қазан айының бес күні ішінде Семейде індетті жұқтыру көрсеткіші 12,7 %, ал Өскеменде 2,1%-ды құрады. Бұл Семейдің медициналық қызметкерлері мен әкімдігі індеттің алдын алу бойынша елеулі шаралар қабылдап жатқандығын көрсетеді, — деп атап көрсетті аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы.
Жиын барысында күн тақырыбынан түспей тұрған аса өзекті мәселе — вакцинация жайы да кеңінен талқыланды. Даниал Ахметов коронавирусқа қарсы екпе салдырудан ел бойынша өңіріміз жетекші орын алатынын айтып өтіп, бүгінде вакцинаның алғашқы компонентін 770 мыңға жуық адам салдырғанын жеткізді. Ендігі мақсат әлі де болса осы қарқыннан қалмау болып отыр. Себебі облысымыз ұжымдық иммунитет қалыптастыруға таяу аралықта қол жеткізуі тиіс.
— Өкінішке қарай, маған әлеуметтік желілерде науқастарға тиісті көңіл бөлмейтін, өз қызметіне ұқыпсыз қарайтын кейбір дәрігерлердің немқұрайлы жұмысы туралы жиі жазады. Жағдайды талдағаннан кейін Глубокое және Шемонаиха аудандық ауруханаларында, Өскемендегі № 2 емханасында дәрігерлер өз қызметтерінен босатылды. Олардың орнына кәсіби мамандар келуі керек. Біз денсаулық сақтауды дамытуға орасан зор қаражат салып жатырмыз және оның қайтарымын көруге тиіспіз, — деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда облысымыздағы ахуал тұрақты болғанымен, салғырттық танытуға болмайды. Жиын барысында аймақ басшысы медицина қызметкерлері мен қалалар, аудандар әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

 

Мақалада: екпе

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

22 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

22 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

22 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС