"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қала сәулеті: нақты ұсыныстар қажет

11.10.2021
Қала сәулеті: нақты ұсыныстар қажет
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шаһар басшысы Бақытжан Байахметов қаланың үздік сәулетшілері мен мүсіншілерін Семейдің сәулеттік келбетін жақсарту мәселелерін талқылауға шақырды. Дөңгелек үстел басында өткен басқосуда қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты жаңа идеялар мен пікірлер ортаға салынды.

Бақытжан Кәкенқажыұлы аталмыш мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп өтті.

— Мен оңтайлы сәулет шешімдерін әзірлеу үшін басқа қалалардан мамандарды шақырғым келмейді. Себебі Семейде де еңбегі сіңген, атақты, ең бастысы, талантты, шығармашыл шеберлер аз емес. Сондықтан біз қысқа мерзімді перспективада қай бағытта қозғалатынымызды алдын ала анықтауымыз керек, — деді қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Алқалы жиында, негізінен, қалаға кіреберістерді, қандай да бір ландшафтық дизайны мүлдем жоқ жаяу жүргіншілердің жасыл аймақтарын безендіру, қала тұрғындарының демалыс орындарында – Арбат, саябақ аймақтары мен скверлерде, Бейбітшілік аралында архитектуралық формалар орнату мәселелері кеңінен талқыланды.

— Сонымен қатар ғимараттардың қасбеттерін жаңартуға ерекше назар аударылатын болады. Біз үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан кәсіпкерлік объектілерін ретке келтіреміз. Коммерциялық объектілер бойынша меншік иелерімен келісілетін сәулеттік шешім әзірленетін болады. Ал ғимараттардың жоғарғы бөлігіндегі қасбеттерді бояу, жарықтандыру және т.б. жұмыстарды біз өзіміз атқарамыз. Нәтижесінде бізде әр үй үшін келісілген нұсқа болады. Бұл, өз кезегінде, қаланың келбетін айтарлықтай өзгертеді, — деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ күн тәртібінде тұрған тағы бір өзекті мәселе — Семейдегі тарихи құрылыстарды сақтау және рәсімдеу, кейбір сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру жайлы да басқосу барысында сөз болды. Осы орайда жауапты бөлім басшыларына қала әкімі тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.

Қаланың сәулеттік стилі бойынша нақты идеялар мен ұсыныстарды әзірлеу мақсатында қала құрылысы кеңесі қайта жаңғыртылатын болды. Бұл таяу болашақтың еншісінде. Дегенмен қала әкімінің бастамасымен оның алғы шарттары қолға алынбақ.

 «СТ» — ақпарат

Мақалада: Қала сәулеті

Ұқсас жаңалықтар

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

11.06.2026
Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат К.-дан танымал маркетплейстердің бірінен сатып алынған қымбат Garmin брендінің сағатына...

Толығырақ...Details

Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

11.06.2026
Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Алматы қаласының тұрғыны Ж.-дан автосалонның комиссия шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше...

Толығырақ...Details

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

11.06.2026
Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

Қала тұрғындары жағалау мен «Ақ балкон» деп аталатын тарихи нысанының аумағын тазалап, өңірдің маңызды табиғи аймақтарының бірін сақтауға өз үлестерін қосты. 10...

Толығырақ...Details

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

10.06.2026
Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

На пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций о предстоящем культурном проекте рассказали проректор по стратегии и социальному развитию Университета имени Шакарима...

Толығырақ...Details

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

10.06.2026
В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

В Департаменте полиции области Абай в рамках реализации Концепции по продвижению идеологии «Закон и порядок» на 2025–2030 годы состоялось мероприятие...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

6 часов бұрын

Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

7 часов бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

7 часов бұрын

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

1 день бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

1 день бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

1 день бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

1 день бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

2 дня бұрын

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

2 дня бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС