"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

06.10.2021
ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сейсенбісінде қалалық әкімдіктің мәжіліс залында шаһар басшысы Бақытжан Байахметовтің төрағалығымен кеңес өтті. Аталмыш шараға Семейдегі орта және арнаулы білім беру мекемелері жетекшілері мен орта бизнес субъектілері басшылары, жекелеген мекемелер директорлары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында сөз алған қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы «Көшеге қамқорлық жасау» атты тың жобаны ұсынды. Жоба бойынша қаладағы әр кәсіпорынға немесе мекемеге бір көшеден бекітіліп беріледі. Мекеме өкілдері көшенің тазалығын, абаттандырылуын қадағалауға алады. Жылына бір рет, Қала күніне орай, арнайы комиссия құрылып, балалардың ойын алаңы немесе спорт алаңы салынатын ең әдемі үш көшені анықтайтын болады.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қала көшелерінде тәртіп пен тазалық, реттілік орнатуға септігін тигізетін «Көшеге қамқорлық жасау» жобасы туралы айтып берді. Айта кетерлігі, бұл жаңа идея емес — бұрындары қолданыста болған. Мәселен, кеңес дәуірінде көшелер іргелі ұйымдарға бекітіліп берілетін, олар қамқорлыққа алған көшелердің тазалығы мен абаттандырылуына жауапты болатын. Соның нәтижесінде үздіктер анықталып, марапаттарға ие болатын.

— Біз алдағы уақытта «Көшені қамқорлыққа алу» жобасын жүзеге асырмақпыз. Осында  шақырылған басшылар акцияға қатысуға ниет білдірді, мен бұған қуаныштымын. Жобаның негізгі бағыты — көшені таза ұстау. Әрине, жергілікті атқарушы органдар әкімдіктің бекітілген бөлімдері арқылы да жұмыс істейтін болады. Бізде барлық орталық көшелерге қаражат бөлінеді, бірақ мердігерлік ұйымдар бүкіл қаланы қамти алмайды. Бөлінген қаражатқа көшелердің 30%-дан аспайтын бөлігін ғана қамтуға мүмкіндік бар. Әрине, бұл мемлекеттік органдардың тікелей міндеті екендігі анық. Алайда, менің ойымша, жұртшылықтың бақылауынсыз біз ешқашан жақсы нәтижеге қол жеткізе алмаймыз, — деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Жиын барысында әкім аппаратының басшысы Сержан Азбергенов жоба қатысушыларына жұмысқа қосымша түрткі болатын «Семей қаласының үздік көшесі» акциясы жайлы атып берді.

Әр ұйымға бекітілген бір көше болады. Ол ұйым немесе мекеме сол көше бойындағы көгалдандыру және жарықтандыру, гүлзарларды орнату, қоқыс пен қарды шығару мәселелері бойынша қаланың коммуналдық қызметтерінің жұмысына бақылау жүргізетін болады. Жалпы, шағын және орта бизнестің әрбір субъектісі өз объектісінен 5 метр радиустағы орынды таза ұстауға міндетті, алайда барлығы бірдей бұл қағиданы ұстанбайды. Ол да бақыланады. Қала күніне орай, комиссия ең таза әрі күтімдегі көшені таңдайды,  сол көшеде кейін қандай да бір объекті, яғни балалар алаңы немесе спорт алаңы салынатын болады, — деді Сержан Азбергенов.

Қаладағы №41 мектептің директоры Айгүл Түкенова бұрынғы жобаға екінші өмір сыйлап, қайтадан іске асыруға ден қойғаны үшін әкімге алғысын білдірді. Оның айтуынша, өзі басқаратын ұйым ендігі аралықта мектепке қарасты көшенің тазалығын ұдайы бақылауда ұстайтын болады.

— Біздің мектеп Титов көшесінде орналасқандықтан, осы көше бізге бекітілген. Енді біз нақты жұмыс жүргізетін боламыз. Біздің оқушыларымыз бен ата-аналарымыз үнемі экоакцияларға қатысады, сол себептен де біз көше және аула тазалығына баса көңіл бөліп келеміз. Менің ойымша, қаланың тазалығы патриоттық тәрбиемен де тығыз байланысты, — деді Айгүл Төкенова.

Жиынға қатысқан өзге де мекемелердің басшылары қала әкімінің бастамасын құптайтындықтарын жеткізіп, алдағы уақытта бірлесе әрекет етуге уәде берді.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

14 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

15 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

15 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС