"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАПОН ЕЛШІСІ СЕМЕЙДЕ

06.10.2021
ЖАПОН ЕЛШІСІ СЕМЕЙДЕ
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласына ресми іссапармен Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада мен «Шөп тамыры» бағдарламасының үйлестірушісі Акира Мацумото келді.

Сапардың мақсаты қаламен танысу және Семейдегі мамандандырылған Бала үйі мен нашар көретіндерге арналған №2 мектеп-интернатында Бағдарлама жобасы жұмысының жабылуына қатысу болып табылады. Аталған мекемелерде Бағдарлама бойынша кір жуу орны мен офтальмологиялық жабдық орнатылды.

Сапар барысында мәртебелі қонақтар Абай музейіне және Невзоровтар отбасы атындағы музейіне барды. Елші мырза қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлына құрмет көрсетіп, ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Джун Ямада мырзаАбай музейіндегі  экспозициялардың бірегейлігін, дәстүрлі шығармашылық пен заманауи үлгідегі безендірудің ерекшелігін атап өтті.

Қонақтарға Невзоровтар отбасы атындағы музей де ерекше әсер сыйлады. Елші мырза атақты суретшілер Куинджи мен Шишкиннің туындыларын тамашалады.

Сапар аясында Жапония делегациясы жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды. Семей қаласымен ынтымақтастық орнатудың келесі жобасы ретінде Жапония Үкіметі Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына «дабыл түймесін» орнатуды жоспарлауда. Жапония делегациясының сапары жалғасуда.

Жапония Елшісі Джун Ямада мамандандырылған бала үйі мен нашар көретіндерге арналған № 3 мектеп-интернатында да болды. Қонақтар Жапония Үкіметінің «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында орнатылған кір жуу цехы мен офтальмологиялық кабинет жабдықтарын көрді.

Джун Ямада мырза мекеме қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктіліктерін, тәрбиеленушілерге деген қамқорлықтарын атап өтіп, ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді. Қонақтар балалардың жан-жақты дамуы мен ұжымның тәрбие жұмысына тәнті болғандарын жеткізді. Сондай-ақ елші мырза қазіргідей жаһандық қауіп-қатер кезеңінде қазақстандық қоғам бейбітшілік пен келісімнің үлгісі саналатынын атап өтті.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: ЖАПОН ЕЛШІСІ СЕМЕЙДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

14 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

14 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

14 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

14 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

15 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

15 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

15 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

15 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС