"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

12.10.2021
ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен бейсенбі күні қала әкімі Бақытжан Байахметов әкімдік қызметкерлерінің, қоғам белсенділерінің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.

ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Қала әкімі Бақытжан Байахметов Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын жүзеге асыру таяу жылдарға арналған стратегиялық мақсат екенін атап өтіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарға тоқталды. Құжатта барлығы 56 түрлі іс-шара жоспарланған. Алайда әр түрлі себептерге байланысты әзірге олардың тек 10-ы ғана жүзеге асырылыпты.

— Жоспарлардың кейбірі жеке инвесторлардың бас тартуы себебінен жүзеге аспай отыр.  Сондықтан мұндай жобалар бюджеттен қосымша қаржыландырылуы мүмкін. Кез келген жағдайда бұл нысандар қаламызға қажет,- деген Б.Байахметов облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауымен жаңа әлеуметтік нысандар құрылысын, атап айтқанда Водный және Восход кенттерінде мектептер, балабақшалар салу, жол жөндеуді арттыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Бақытжан Кәкенқажыұлының айтуынша, кешенді даму жоспарын жүзеге асыруға бастапқыда 260 млрд теңге жоспарланса, қазір бұл соманы тағы 180 млрд теңгеге ұлғайту көзделіп отыр.

— Алдағы екі күн ішінде Семейде салалық басқармалар басшыларының қатысуымен комиссия жұмыс істейтін болады. Комиссия жоспарға қосымша түзетулер әзірлеп, барлық қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді есептейді. Жұмыс нәтижелерін біз облыс басшысына ұсынамыз,- деді Б.Байахметов.

Келесі күні қала басшысы қалалық әкімдікте Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру жолдарын талқылады.

— Кәсіпкерлерсіз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді сәтті шешу мүмкін емес. Өкінішке орай, кәсіпкерлік бөлімінің бизнес өкілдерімен жүргізген жұмысы туралы есебін тыңдай отырып, нақтылық жоқ екенін байқадым.

Жаңа жобаларды қолдауға бөлінетін қаражат әлдеқайда көп болуы керек.

Мен өз орынбасарларыма бизнес ортадағы жұмысты күшейтуді, жалтарма жауаптармен айналыспауды тапсырамын,- деді Б.Байахметов.

Қала әкімі жиналған кәсіпкерлерді «Көшелерді қамқорлыққа алу» жобасына белсенді қатысуға, сол арқылы қала көшелерінің жағдайын жақсартуға үлес қосуға шақырды.

— Коммуналдық мекемелер өздеріне тапсырылған учаскелердің барлығына бірдей үлгермейді. Сіздер туған қаламыздың патриоттары ретінде бізге көмектесесіздер деп сенемін,- деді Б.Байахметов.

А.САМАТОВА,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

11 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

12 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

12 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

12 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС