"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОТЫН ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

12.10.2021
ОТЫН
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі ақпарат орталығында ТҮКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Бөлім басшысы шаһарды жылумен қамту жайында толық мағлұмат беріп, жылыту маусымына даярлық шаралары, көмір қоры және су желілерін жаңартуға қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар қаланың жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстары, абаттандыру жайлы да айтты.

Амантай Өтелбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Семей қаласы бойынша қазандықтар үшін де, жеке сектор тұрғындары үшін де отын қоры жеткілікті деңгейде. Биыл халықтың қатты отынға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 260 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған. Көмір жеткізуді «Жігер» және «Семей көмір» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ сатылымда сұрыпты көмір бар. Көлікпен жеткізу қызметін қоса есептегенде, көмірдің құны тоннасына 12 000 мың теңгеден басталады екен.

— Бүгінгі таңда «Орталық», «103», «103А», «Ғаббасов», «35 квартал» қазандықтары бойынша жылу жүйесінің гидравликалық режиміне реттеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін «Теплосервис» ЖШС-мен келісім жасалған. Жұмыстар ағымдағы жылдың мамырында басталды, – деді Амантай Өтелбаев.

Сонымен қатар бөлім басшысы көше жарықтарын жаңғырту жұмыстарына да тоқталды. Семейдің 136 көшесінде 7 659 шамды ауыстыру жоспарланған. Бүгінгі таңда олардың 5700-і ауыстырылған. Жұмысты осы жылдың 30 қарашасына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар Семей қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша жобаға қосымша 32 көшені қосу туралы шешім қабылданған. Аталған көшелерде 978 шам орнатылады. Бұл жұмыстардың барлығы 11 желтоқсанда аяқталуға тиіс.

— Семей қаласын сапалы көше жарықтарымен қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің тапсырмасы бойынша көше жарықтарын жаңғырту жобасының екінші фазасы қарастырылды. Қазіргі уақытта 2022 жылдан 2023 жылғы дейінгі кезеңде тиісті инфрақұрылымды жаңғырту үшін 100-ден астам көшенің тізімдерін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Жобаның екінші фазасына қосу үшін 17 көше бойынша ақаулы акт жасалды, – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында қала маңын дамыту жөніндегі  іс-шара жоспары және «Халық шаруашылығы бюджеті» жобасы шеңберінде Восход және Суық бастау кенттерінде балалар және спорттық алаңдарын салу жайлы да айтылды.

Бөлім басшысы сонымен қатар қалада қазіргі уақытта 450 контейнерді дайындау және орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін қаладағы ықшам аудандарда контейнерлер мен алаңдар орнатылатын болады.

Жиын барысында бөлім басшысы Амантай Өтелбаев БАҚ өкілдері қойған бірқатар сауалдарға жауап қайырды.

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы»

Мақалада: ОТЫН

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

13 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС