"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ӨСКЕМЕНДЕ БОЛДЫ

19.10.2021
ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

15 қазан күні Тұңғыш Президент қорының директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева облыс орталығы Өскемен қаласына келіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Дариға Назарбаева өткен жылы Өскемен қаласында Ана мен бала орталығының базасында ашылған «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығында болды. Ең заманауи және тиімді құралдармен жабдықталған орталықта әр түрлі физикалық және неврологиялық ауытқулары бар балалар емделіп, оқытылады. Орталықтың 29 маманы білімдерін кәсіби түрде жетілдірген. Нәтижелер көп күттірген жоқ. Көптеген балалар мұндағы сабақтардан кейін өз бетінше жүріп, сөйлей бастады. Облыс әкімі Даниал Ахметов жыл соңында 3-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған осындай екі орталық Семей қаласында да ашылатынын мәлімдеді. Себебі ауытқулардың кейбір түрлерін туғаннан бастап емдеу өте маңызды.  Дариға Нұрсұлтанқызы сондай-ақ Ана мен бала орталығының операциялық бөлімшесімен танысты. Мұнда, қажет болған жағдайда, бала туғаннан кейін бірден хирургиялық оталар жасалады.

Сапар барысында Мәжіліс депутаты облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығына да барды. Мекеме желілік үдеткіш, 128 бөлікке арналған компьютерлік томограф сынды еліміздегі ең үздік медициналық техникалармен жабдықталған. Жөндеу жұмыстары мәресіне жеткен соң пациенттерді қабылдауға әзір.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент қорының бастамасымен елімізде «Ел Үміті» жобасы аясында ұлттық білім беру жүйесін дамытуға бағытталған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы, «Елбасы медалі» байқауы және «Qabilet» қызметі іске асырылуда. Жұмыс сапары аясында Дариға Нұрсұлтанқызы №48 мектептегі «Qabilet» қызметінің жұмысымен танысты. Мұнда оқушылар салаға икемділігін (гуманитарлық, математикалық немесе химия-жаратылыстану бойынша) анықтайтын тестілеуден өте алады. Сапар барысында Дариға Нұрсұлтанқызы Елбасы медалінің иегерлерімен және «Мың бала» І Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздарымен әңгімелесті. Оқушылар қол жеткізген жетістіктері, болашаққа деген жоспарлары туралы айтып, сұрақтарын қойды.

Дариға Нұрсұлтанқызы оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, оларға үлкен сенім білдірді. Кездесу соңында Д.Назарбаева мен облыс әкімі Д.Ахметов «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегерлеріне медальдарын табыс етті.

Дариға Нұрсұлтанқызы сонымен қатар Елбасының «Қамқорлық» бастамасын іске асыру аясында қордың қолдауымен Мұхтар Әуезов атындағы №17 мектепте ашылған инклюзивті білім беру кабинетін көрді. Тәжірибе көрсеткендей, мұнда бір жыл білім алғаннан кейін балалар қарапайым мектептерге орала алады. Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер инклюзивті білім беру әрбір мектепте қолжетімді болуы үшін өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендерін айтуда.

Дариға Нұрсұлтанқызы мұндағы білім алушылармен бірге күзгі композиция құрауға қатысып, кабинет мамандарымен және оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесті. Ата-аналар білім алуға осындай мүмкіндіктер жасағаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Инклюзивті білім беру кабинетінің ашылу салтанатына қатысқан тұңғыш оқушы Дэни Быков Дариға Нұрсұлтанқызына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған композициясын сыйға тартты.

Кездесу соңында Дариға Нұрсұлтанқызы ата-аналарға, ұстаздарға  табыс тілеп, осы қол жеткізген нәтижелермен тоқтап қалмауды, қолда бар әдістемелерді жетілдіруді тапсырды.

Мәжіліс депутаты іссапары соңында Тұңғыш Президент Қорының бастамасымен ашылған әлеуметтік нысандардың жұмысына оң бағасын берді.

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА

Ұқсас жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

10.08.2026

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

10.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!   Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл...

Толығырақ...Details

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10.08.2026
Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы және қоғам ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына...

Толығырақ...Details

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

10.08.2026
eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Gov.kz порталында азаматтарға алдағы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын...

Толығырақ...Details

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

10.08.2026
Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штаб мүшелері Абай облысына келді. Жұмыс бағдарламасы Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

10 часов бұрын

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

14 часов бұрын

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

14 часов бұрын

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

14 часов бұрын

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

14 часов бұрын

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

2 недели бұрын

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

2 недели бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

2 недели бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС