"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СӨЗ БЕН ІСТЕ АЛШАҚТЫҚ БОЛМАСА…

22.10.2021
СӨЗ БЕН ІСТЕ АЛШАҚТЫҚ БОЛМАСА…
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында көшені жарықтандыруды жаңғыртудың екінші кезеңіне дайындық жұмыстары басталды.

Осы ретте «Семей қаласында көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту» жобасы аясындағы  жұмыстарға тоқталып көрейік.  Жобаның  жалпы құны — 1,85 млрд теңге. Атқарылуға тиісті жұмыстың көлеміне келсек, 136 көшеге  7 659 шам,  687 тірек, 2,6 мың кронштейн, 130 шақырым оқшауланған сым кабелін ауыстыру және 196 басқару шкафын орнату жоспарланған болатын. Бүгінде жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Қаланың  120 көшесі жарықтанды. Сөз бен істің арасында алшақтық болмаса, қолға алған шаруаның нәтижелі жүзеге асатынын айтып жату да қажет емес.

Осы ретте жоспарланған жұмыстарға толығырақ тоқталып өткеніміз артық болмас.

Жыл соңына дейін жарық шамдары мүлдем жоқ қосымша 50 көше жарықтандырылады деп жоспарлануда. Көшені жарықтандырумен қамтуды ұлғайту үшін жобаның резервтік сомалары есебінен «Everlight» компаниясымен жасалған қолданыстағы келісімшартты кеңейту шеңберінде 2022 жылы қосымша іс-шараларды іске асыру туралы мәселе пысықталуда.

Қала әкімі Бақытжан Байахметов түрлі саланың жауапты қызметкерлерімен бірге бірнеше күн бойы Семейдің ондаған көшелерін аралады. Көшелердің жай-күйі, үйлердің саны, онда тұратын тұрғындардың шамамен алғандағы саны, мектептерге кірмежолдар мұқият зерделенді. Жедел кеңес өткізіліп, қаланың 2 шағын ауданын толық қамтитын 50-ден астам көшенің қосымша тізімі анықталды. Жарықтандыру орнатуға арналған тізімге Матяша, Ильяшев, Автономная, Ақкөл, Зайсан, Курчатов, Радищев көшелері, Комсомол кенті және таткрай, казкрай аталып кеткен аудандар, Шығыс және Затон аудандарындағы көшелер кірді.

Көшелердің жалпы ұзындығы 80 шақырымнан астам қашықтықты  құрайды. Осы аралыққа 2 мың жарық диодты шамдарды монтаждау, оқшауланған сым тарту жұмыстары жүргізіліп, тіректер мен басқару шкафтары  орнатылмақ.  Аталған жұмыстардың  болжамды құны 616 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Еуропа қайта құру және даму банкінің қосымша кредиттік қаражатын және бюджеттік қоса қаржыландыруды тарта отырып, 2023-2024 жылдар аралығында жобаның 2-кезеңін іске асыру бойынша ұсыныстар әзірленуде.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Ұлыбританияның астанасы Лондонда осы жоба бойынша табысты келіссөздер жүргізді. Жобаның осы кезеңі аясында 8 мың шам орнату жоспарлануда, осылайша, Семей қаласының көшелерін жарықтандыру жүйесін толық жаңғырту аяқталады деп күтілуде.

Ұ.КЕҢЕСҰЛЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: СӨЗ

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

17 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

18 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

18 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

18 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

18 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС