"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОНТЕЙНЕР ДАЙЫНДАУ: СТАНДАРТТАР САҚТАЛУЫ КЕРЕК

26.10.2021
КОНТЕЙНЕР ДАЙЫНДАУ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда Семей қаласы бойынша санитарлық тазалық мәселесі өзекті болып тұр. Бұл орайда шаһардағы қоқыс шығару, нақтырақ айтқанда тұрмыстық қалдықтарды жинайтын контейнерлерді жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш шаралардың барлығы да жергілікті атқарушы биліктің назарында тұр.

Осынау орайда қала әкімі Бақытжан Байахметов қоқыстарды шығару үшін дайындалған контейнерлердің сапасын арнайы түрде тексерді. «Саланг құрылыс» компаниясында бүгінде бүйірден тиеуге арналған 400 контейнер дайындалған болатын. Олардың әрқайсысының құны шамамен 40 мың теңгені құрайды.

Жүргізілген тексерулер барысында қалалық әкімдік өкілдері контейнерлердің дөңгелектерінің диаметрі мен беріктігі оның көлеміне сәйкес келмейтіндігін байқады. Егер контейнердің салмағын 110 кг болса және оған 30-50 кг қоқыс қосылатынын ескеретін болсақ, онда бұл контейнерлердің дөңгелектері пайдаланудың алғашқы күндерінде жарамсыз болары анық. Сондықтан да, қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы барлық жасалатын бұйымдарды техникалық құжаттамаға сәйкес жасауды тапсырды. Яғни, жүргізілетін жұмыс кезінде тиісті стандарттар сақталуы керек.

Бүгінгі таңда жалпы, қала бойынша контейнерлерге деген қажеттілік шамамен 4000 дананы құрайды. Яғни, қоқыс жинайтын контейнерлердің жетіспеушілігін көп ұзатпай шешу керек деген сөз. Жыл соңына дейін тағы 500-ден астам контейнер дайындау жоспарлануда. Болашақта оларды өндіруге қосымша қаражат табу қажет.

— Қалада қоқыс шығару үшін 40 бүйірлік жүк машинасы және қоқысты артынан тиеуге арналған тағы төрт машина бар. Егер бізде контейнерлер жетіспесе, онда бұл техниканың көп бөлігі тоқтап қалады, — деп атап өтті қала әкімі.

Бір бұл емес, сонымен қатар, контейнерлерді қалыпты түрде тиеу үшін арнайы алаңдарды жабдықтау қажет. Мұндай алаңдардың көлемі қызмет көрсетілетін үйлердің және онда тұратын тұрғындардың санынан есептелуі тиіс. Контейнерлердің қажетті саны осындай алаңдарда еркін орналастырылуы міндетті. Жүргізілген тексерулер барысында қала әкімі жауапты тұлғаларға аталмыш бағытта нақты тапсырмалар берді.

Сөз соңында айта кетсек, қазіргі таңда қаламыздың көптеген бөліктеріндегі қоқыс жинайтын ескірген темір жәшіктер ауыстырылып жатыр. Оның орнына тасымалға ыңғайлы, заманауи контейнерлер қойылуда. Бұл өз кезегінде тазалық шараларын ойдағыдай жүргізумен қатар, аулалардың көріктілігіне де септігін тигізеді.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: КОНТЕЙНЕР ДАЙЫНДАУ

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС