"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ЖАҢА ҚОНЫСТА ҚАРСЫ АЛАДЫ

31.12.2021
ЖАҢА ҚОНЫСТА
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Бір қабатты Шығыс»

 29 желтоқсан күні облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Аягөз ауданында болды. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған 20 үйдің кілттерін табыстап, студенттер жатақханасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Жаңа пәтерлер көп балалы аналарға, мұғалімдер мен дәрігерлерге берілді. Айта кету керек, бүгінде Аягөз ауданы осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша көш басында тұр. Өңірде бағдарлама аясында барлығы 182 үй салынған. Тұрғын үйлер бой көтерген Жаңа ауыл деп аталатын аудан барлық қажетті коммуникациялармен жабдықталып, жолдар салынып, жарықтандыру қосылған. Жаңа баспаналар көп балалы аналар комиссиясының пікіріне сай бөлінгенін де атап айтқан жөн. Комиссия бірінші кезекте пәтерге мұқтаж адамдарды анықтады.

— Бүгін Аягөз ауданында қос бірдей қуаныш. Мереке қарсаңында көп балалы отбасылар мен жас мамандар пәтер кілттеріне ие болып, қоныс тойын тойлауда. Сонымен қатар студенттерге арналған жатақхананың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.  Облысымызда 2020 жылы көп балалы 1049 отбасы пәтерге ие болса, биыл 1125 пәтер берілетінін және осы бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өткім келеді. Баспанаға ие болған отбасыларды және аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік, бақыт, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!- деді баспаналы болып жатқан ағайынның қуанышына ортақтасуға келген Даниал Ахметов.

Бір жылдың ішінде салынған студенттер жатақханасы тау-кен металлургиясы және басқа да өнеркәсіп салалары, соның ішінде Ақтоғай КБК саласында мамандар даярлайтын политехникалық колледж студенттеріне арналған. Жатақханада тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған, спорт залы да қамтылған. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған бөлмелері бар.

Аудан тұрғындары өздеріне көрсетіліп жатқан қамқорлық үшін Мемлекет басшысына және облыс әкімі Даниал Ахметовке алғыстарын білдірді.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов сондай-ақ Серебрянск қаласына жұмыс сапарымен барып, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында баспанаға ие болған Құмархан отбасын құттықтады.

Облыс әкімі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, шаһар басшысына тапсырмалар берді.

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖАҢА ЖЫЛЖАҢА ҚОНЫС

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

5 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

5 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС