"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА

31.12.2021
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей

 Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Шаһар басшысының қабылдауына жазылған тұрғындар әлеуметтік мәселелерін жеткізді. Атап айтсақ, Ольга Сергеева Нұр-Сұлтан қаласында тексеруден өтуге тиіс 15 жасар ұлы Тимофей Сироткиннің жағдайы туралы айтты. Оттегінің, витаминдердің жетіспеушілігі диагнозы қойылған баласын астанаға апаруға, қалада жүріп-тұруға  көп балалы отбасының қаражаты жетпейді. Сондықтан қала басшысынан көмек сұрап келіптті.

Бақытжан Байахметов Ольга Сергееваға өз қаражатынан көмек көрсетіп, бөлім басшыларына қосымша қаржылық қолдау жасау мүмкіндіктерін іздестіруді ұсынды.

Әкімнің жеке қабылдауына тағы бір көп балалы ана келді. Бақыт Бұланбаева баспана алуға өтініш берген. 2017 жылдың 25 қазанынан бастап «Көп балалы отбасы» санаты бойынша 33-ші болып кезекте тұр. Бұған дейін ол осы мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінген. Бұл отбасыға, тұрғын үймен қамтамасыз етудің кезектілік тәртібіне сәйкес, Ұшақтар кентінен сатып алу шарты бойынша салынған жеке тұрғын үй ұсынылған. Бірақ бөлмелердегі ылғалдылық пен құрылыстағы кейбір ақауларды байқаған көп балалы отбасы бұл ұсыныстан бас тартып, басқа баспана сұраған.

Жеке қабылдауда Бақыт Бұланбаеваға «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша Комсомол кентінде салынған баспананы қарастыру ұсынылды. Егер бұл ұсыныс та оған ұнамаса, онда ол Қарағайлы ықшам ауданындағы тұрғын үйге кезек күтуге тура келеді.

Тұрғын үй алу мәселесі бойынша Семейдің Мансұр Жомартов  есімді азаматы да жүгінді. Оның отбасында үш бала бар. 2015 жылдың 25 тамызынан бастап «жетім балалар» санаты бойынша 1003 болып кезекте тұр. Бұған дейін аталған отбасы отбасылық жатақханадан баспана алудан бас тартқан.

Азамат Машраб Жазид «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселені көтерді.

Осы мәселе бойынша ол қаланың бұрынғы әкімі мен облыс басшысына да жүгінді. Алайда, бұл мәселе қала әкімінің өкімімен емес, мәслихат депутатының дауыс беруі негізінде шешіледі. Әр жолы Машраб Жазид депутаттардың жеткілікті дауысын жинай алмады.

Жолаушылар көлігінің қанағаттанарлықсыз жұмысы және автобустардағы төлем карточкалық жүйесіне оралу бойынша Кенжебек Сұлтанбеков жүгінді. Сондай-ақ, ол қаланы абаттандыруға, жолдарды жөндеуге, қаланың экологиясын жақсартуға бюджет қаражатының жұмсалуын сұрады. Оның сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Салтанат Өміржанова биылғы жылдың 13 қазанында «Нұр Отан» партиясы арқылы қала әкімінің қабылдауында болды. Ол 2 жас мал сатып алуға көмек сұрады. Бұл мәселе демеушілік қаражат есебінен оң шешімін тапты.

Жеке қабылдау барысында қала әкімі әрбір сауалға жан-жақты түсіндірме берді. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге оларды шешу бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

6 минут бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

19 минут бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

31 минута бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

35 минут бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС