"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЖАНДАНАДЫ

28.12.2021
КӘСІПҚОЙ ФУТБОЛ
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Спорт

Семей қаласы әкімінің шақыруымен шаһарымызға футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва келді. Онымен бірге қаламызға Қазақстан құрамасының футболшылары, Қазақстан чемпиондары, Қазақстан Суперкубогының иегерлері, футзалдан Чемпиондар лигасының күміс жүлдегерлері — Аягөз қаласының тумалары Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов келді.

Айта кетерлігі,  соңғы өткен әлем чемпионатында құрамамыздың үштен бірі Аягөз спорт мектебінің өкілдері болды, ал Дәурен Тұрсағұлов әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды.

Мәртебелі қонақ ретінде футзалдан мамандар ұстаханасы саналатын Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеев келді. Колледждің 15 тәрбиеленушісі Қазақстан чемпионатында суперлигада өнер көрсетеді.

Кездесу барысында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктерін атап өтті. Онда футзалдан құрама командамыз жартылай финалға дейін жетіп, Португалия, Бразилия, Аргентина құрамаларымен бірге әлемнің үздік төрттігіне енді.

— Сіздерді қасиетті жер – Қазақстан футболының отаны Семей қаласында қарсы алғаныма қуаныштымын. Біз барлық футбол инфрақұрылымын сақтап қалдық. Семей – өзіндік спорттық дәстүрлері бар қала. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауының арқасында мұнда «Арена» спорттық кешені салынып, жұмыс істеп тұр. Қала тұрғындары арасында өте танымал бірегей кешенде көптеген адам спортпен шұғылданады, бір жарым мыңнан астам бала футбол, волейбол, баскетбол, синхронды жүзу, әр түрлі жекпе-жек түрлерінен спорт секцияларына барады, — деп қонақтарды қарсы алған қала басшысы Бақытжан Байахметов шаһардың спорттық өмірі қысқаша баяндап берді.

Семей қаласының әкімі қонақтарды Семей футболының жетістіктерімен де таныстырды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 3 рет Қазақстан чемпионы атанған «Елім-ай» футбол клубы құрылды. Бүгінде қалада жастардың да, кәсіпкерлердің де футболды жандандыруға деген құлшынысы зор. Ал қазір бюджеттен тыс балалар футбол клубы мен кәсіби клуб құру мүмкіндігі талқыланып жатыр.

— Спорттағы жеңістер халықты біріктіреді. Футзал Қазақстанға да, Семейге де қажет. Мен Сізге кез келген уақытта футбол және футзал туралы сұрақтарды қарастыруға және насихаттауға көмектесуге дайынмын. Мен Қазақстанда үш жарым жыл болдым, осы уақыт ішінде бір жаңа команда құрылды, енді, міне, Семейде пайда болады. Бұл Қазақстандағы осы спорт түрінің одан әрі дамуына үлкен серпін береді, — деді Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикарду Кака.

— Сіздің елімізді аралауыңыз спортты дамытуда өте пайдалы. Сіздермен бірге әлемнің ең үздік 10 футзалистерінің қатарына кіретін біздің футболшылар келді, оларды футбол ойнайтын балаларымыз көре алады, бұл үлкен маңызға ие, өйткені ел құрамасы — бұл халықтық  команда және халық өзінің ең үздік спортшыларын білуі тиіс, — деді Бақытжан Байахметов.

Қонақтарға қала әкімі мен спорт қауымдастығы атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Паулу Рикарду Фигейра Силва иығына жабылған қазақтың ұлттық шапанын ризашылықпен қабылдап, Еуропа чемпионатында Қазақстан жеңіске жетсе, марапаттау рәсіміне киіп баратынын айтты.

Семей қаласының депутаттық корпусы атынан мәслихат депутаттары Әсемхан Досқожанов пен Серік Байғабылов қонақтарға алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, біздің құраманың өткен әлем чемпионатындағы жеңістері Қазақстан футболының дамуына үлкен серпін берді, футболдан тыс ел үшін төртінші орын — өте жоғары әрі лайықты нәтиже.

Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеев колледждер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалын 2022 жылы Семейде өткізуді ұсынды. Бұл ұсынысты қала әкімі қолдады.

Одан кейін қонақтар «Арена» кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенін аралады. Меймандар спорт ғимараттарының инфрақұрылымына жоғары баға беріп, мұнда ірі жарыстарды ең жоғары деңгейде өткізуге болатынына көз жеткізді.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: КӘСІПҚОЙ ФУТБОЛ

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

12 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

12 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС