"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗЫБЕК БИГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

21.12.2021
ҚАЗЫБЕК БИГЕ ЕСКЕРТКІШ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздік күні қарсаңында түркі әлемінің бесігі саналатын Түркістан қаласында хан Абылайдың бас қолбасшысы болған Қабанбай батырдың ескерткіші жаңартылып, халық көп жиналатын тоғыз жолдың торабына қайтадан орнатылды. Екінші бір ел рухын көтерген шара — «Қаз дауысты Қазыбек би: тұлға және тарих» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Конференция аясында  тарихи тұлғаның алып ескерткіші салтанатты түрде ашылып, ас берілді.

Қазақтан шыққан тұңғыш  ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров айтулы шараға арнайы келіп, тұғыры биік Түркістан халқының қуанышына ортақтасты. Нұр-Сұлтан, Қарағанды және еліміздің барлық өңірлерінен зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, ғалымдар, ел ақсақалдары, мемлекет қайраткерлері қатысқан рухани шараға «Абыралы — Дегелең» қорының жетекшісі, меценат  Марат Құрманбай бастаған ел азаматтары — белгілі ғалым Ғалымқайыр Мұтанов, Болатбек Нәсенов және тағы да басқа жерлестеріміз барып қайтты. Сөз орайында айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Түркістан қаласындағы «Қаз дауысты Қазыбек би» қорының төрағасы Пернетай Досыбеков  Марат Серікжанұлына хабарласып,  қаржылай қолдау көрсетуді өтінген болатын.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, «Абыралы — Дегелең» қоғамдық қорының құрылтайшылары Марат Құрманбай,  Сүлеймен Медеуов, Тасболат Битенов, Бекен Альпиев, Алмас Баяхметов, Роллан Серіков, Сәтбек Ракишев, Серікжан Айкелов, Жанарбек Мауқаев, Мұрат Оспанов, Әнуарбек Бимурзин, Асқар Ширяев өз үлестерін қосып, елдік мүдде тұрғысынан келешек ұрпаққа өнеге болатын  игі бастамаға қолдау көрсетті. Бұл — ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы айшықты оқиға.

Қаз дауысты Қазыбек би жастайынан ел басқару ісіне араласып, өзінің батыл, әділ шешімдерімен, шешендік өнерімен әлеуметтік-саяси өмірге белсене араласып, халық қолдауына ие болғаны белгілі. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы тарихи тұлғаны ұлықтау елдің рухын көтеріп, болашақтың бағдарын айқындайды.

Ел мерейі асқақтаған күнде игілікті бастаманы қолдаған «Абыралы — Дегелең» қорының президенті Марат Құрманбайға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаты табысталды.

«Абыралы — Дегелең» қоры республикалық деңгейдегі әлеуметтік, мәдени жобаларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

Роллан КЕМЕРБАЙ,

Семей қаласы

Мақалада: ҚАЗЫБЕК БИГЕ ЕСКЕРТКІШ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

17 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

17 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

17 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

17 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

18 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

18 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС