"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕКЕ КҮНІ 50 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

21.12.2021
МЕРЕКЕ КҮНІ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік күнінде 50 сәби жарық дүние есігін ашты.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тәуелсіздік күнінде өмірге келген 50 сәбидің басым бөлігі қыздар екен.

Нәрестелер желтоқсанның 16-сы күні Өскемен, Семей шаһарларындағы перинаталдық орталықтарда, Аягөз, Зайсан, Алтай қалалық және Көкпекті, Бородулиха аудандық ауруханаларында өмірге келді.

— Үлкен отбасымызда бұл күн енді ерекше тойланатын болады. Себебі кішкентайымыз дәл осы қастерлі мерекеде дүниеге келіп отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! — деді мерекелік тілек білдірген аналардың бірі.

Мерейтой құрметіне орай облысымызда 99 нәрестеге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, 16-17 желтоқсан күндері жарық дүние есігін ашқан 99 нәрестеге Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды.

Онда бөбектерге қажетті заттардан басқа, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған.

«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!» — деп жазылған екен Президенттің құттықтау хатында.

Нәрестелердің туу туралы куәліктеріне өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметкерлері қабылдап, АХАЖ органдарына жолдаған.

«Тәуелсіздік күні туған сәбилердің ата-аналары, мерекенің 30 жылдығына орай, «Сүйінші» сыйқораптарын алды. Өңір бойынша мереке күндері 99 бала дүниеге келді. Сәбилердің туу туралы куәліктерін рәсімдеген АХАТ қызметкерлеріне, сыйқораптарды жеткізген Қазпошта қызметкерлеріне және барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК ШҚО филиалының директоры Азамат Есембулов.

16 желтоқсанда облыста дүниеге келген алғашқы сәбидің есімін  Әміре деп қойыпты.

— Біздің үшінші баламыз 16 желтоқсанға қараған түні жарық дүние есігін ашты. Ұйымдастырушыларға көңіл бөліп, құттықтағандары үшін көп рақмет, — деп алғысын білдірді сәбидің анасы Ақерке Болатова.

Айта кету керек, облыста жыл сайын перинаталды сала дами түсуде, сәбилер мен аналарға жақсы жағдайлар жасалып келеді. Бұл өз кезегінде туу көрсеткіштеріне де оң әсер етуде. Осы жылдың басынан бері аймақ бойынша 22 000-нан астам сәби дүниеге келген.

Өз тілшіміз

Мақалада: МЕРЕКЕ КҮНІ

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

10 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

17 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

17 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

17 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС