"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

21.12.2021
ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараға қатысушыларды Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, аймағымыз бойынша партия бастамаларының табысты жүзеге асырылуына және партияның қоғамдық-саяси жұмысына белсенді атсалысып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

— Қадірлі жерлестер, құрметті партияластар. Сіздерді бәріміз үшін орны ерекше ұлттық мереке — қасиетті де қастерлі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Тарих үшін аз ғана уақытта Қазақстан биік шыңдарды бағындыра білді. Бүгінде тәуелсіз Қазақстан өзгелермен терезесі тең, абыройы асқақ мемлекеттердің қатарында. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында: «Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін»,- деп жазды. Ендеше, Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Баршаңызға зор денсаулық, қызметтеріңізде табыс тілеймін, — деді Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Nur Otan партиясының Семей филиалында да салтанатты жиын өтті. Партияның қалалық филиалының төрағасы, Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов бастауында Nur Otan партиясы болған тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне ерекше тоқталды.

— Біз, қазақстандықтар, ұлт дамуының қазақстандық дәуірінің негізін қалаушылары және алғашқы ізашарлары болдық! Біздің жолымыз — бірлік пен келісім жолы. Көпэтностығымыз — біздің ортақ қазынамыз. Ел тәуелсіздігі – халқымыздың өз алдына дербес мемлекет болуы, бабалар арманының орындалуы, ата-әжелеріміздің қайғысыз көңілі, балаларымыздың риясыз күлкісі, тұтас елдің береке-бірлігі, тыныштығы!»- деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Шара барысында Nur Otan партиясының белсенділері мен ардагерлері марапатталды. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен Nur Otan партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Майра Құржықаева,  «Халық алғысы» төсбелгісімен Nur Otan партиясы фракциясының Семей қалалық мәслихатының депутаты, бастауыш партия ұйымының төрағасы Съезбек Ахметов, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен  Nur Otan партиясы фракциясының Семей қалалық мәслихатының депутаты, бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанат Молдағалиева, сондай-ақ Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.К.Байбектің Құрмет грамотасымен партия ардагері Владимир Халин мен бастауыш партия ұйымының төрағасы, Nur Otan партиясы фракциясының Семей қалалық мәслихатының депутаты Андрей Алтайбаев марапатталды. Ардагерлерге, партия белсенділеріне және еріктілерге Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атынан Семей қаласы әкімінің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Айта кетсек, Семейде Nur Otan партиясының 7472 мүшесі бар. Биыл партия қатарына 123 студент және 419 зейнеткер қабылданды.

 Өз тілшіміз

Мақалада: ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

37 минут бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

47 минут бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

24 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

24 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС