"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС БАСШЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

03.12.2021
ОБЛЫС БАСШЫСЫ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ресми сапар

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейге жұмыс сапарымен келіп қайтты. Іссапар барысында аймақ басшысы Қарағайлы шағын ауданындағы әлеуметтік құрылыс және тұрғын үй нысандарымен танысты. Бұл күні Даниал Кенжетайұлы Комсомол кентінде де болып,  14 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

ОБЛЫС БАСШЫСЫ

Бүгінгі таңда Қарағайлы шағын ауданында жалпы ауданы 173 мың шаршы метр болатын 32 көп пәтерлі үй салынды. Сонымен қатар тағы 31 көп пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2233 пәтер шамамен 10 мың адамға есептелген. Келесі жылы Қарағайлыдағы 1200 орындық мектеп құрылысына қаражат бөлінеді. Қажет болған жағдайда, болашақта мұнда екінші мектеп салынады.

Жалпы, 2020 жылы қалада 196 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Биыл 215 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

— Кеңес заманында бүкіл Семей облысындағы құрылыс көлемі 140 мың шаршы метрден аспады. Біз осы жерде құрылысты бастаған кезде, бұл істің біздің қолымыздан келетініне ешкім сенбеді. Ал қазір Қарағайлыдағы тұрғын үйлерге деген сұраныстың артқанын көріп отырмыз. Мен Семейдегі құрылыстың жоғары қарқынын, мәдениет пен әлеуметтік саланың басқа да деңгейін көріп отырмын, — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

— Келесі жылы бір мектептің құрылысы аяқталғаннан кейін маған есеп беріңіз, екінші жарты жылдықта тағы бір мектептің құрылысын бастауға болады. Сондай-ақ мұнда заманауи Теннис орталығы мен Мұз сарайы салынады, — деп атап өтті Даниал Ахметов.

Бұдан кейін облыс басшысы «35 квартал», «Орталық» қазандығы және «103» – «103 А» қазандықтарының жұмыс барысымен танысты. Қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде көмір айтарлықтай үнемделді. Сонымен қатар жұмсалған отынды жалған түрде есептен шығаруға мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ қосымша тағы да қазандықтар бар, бұл жазғы дайындық жұмыстарының нәтижесі, — деді облыс әкімі.

Дегенмен барлық қазандықтарда жабдықтар ескірген. Жылдан-жылға оларды жөндеуге бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді. Облыс әкімінің айтуынша, бұл дұрыс емес. Бір ескірген жабдық екіншіге ауыстырылады. Бұл тиімсіз, сонымен қатар ауаға зиянды шығарындылар мәселелері де шешілмейді.

— Ескі қазандықтар – бұл анахронизм. Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов пен тиісті мамандар қазандықтар бойынша әлемдік технологияны зертеп, зерделеуі керек. Қазандықтарды қайта жөндеуді тоқтатуымыз керек. Біз өте ескі жабдықты ескіге ауыстырамыз. Бұл ештеңе бермейді. Бүкіл әлем бұрыннан бері басқа жабдықтармен жұмыс істеп келеді. Біз бұл міндетті концептуалды түрде шешуіміз керек, — деді Даниал Ахметов.

Бұдан кейін облыс әкімі Шәкәрім даңғылы мен Шоқан Уәлиханов көшесінің, Дулатов көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысындағы оң жақ бұрылыстардың құрылысымен танысты.

Бұл күні аймақ басшысы Комсомол кентіндегі «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен де танысты. Мұнда барлығы 73 үй (147 пәтер) бой көтерген.  Осы күні Комсомол кентінде 14 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Олардың арасында әскери қызметші Медғат Берекболов, мұғалім Марья Сыбанғалиева, медбике Назигүл Дәуітова және басқалар бар. Жаңа пәтерлердің кілттерін Даниал Ахметов табыс етті.

— Өмірде көптеген қуанышты оқиғалар болады. Бірақ өз баспанаңа ие болу ерекше есте қаларлық сәт. Бұл — кез келген отбасы үшін үлкен оқиға. Екі тамаша мереке – Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында мен сіздерді қоныс тойларыңызбен құттықтаймын! Бақытты болыңыздар!- деп жылы лебізін білдірді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Одан кейін Даниал Ахметов «Семей қаласының перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК базасында Балаларды оңалту және ерте араласу орталығын ашуға дайындық жұмыстарымен танысты.

Аталған орталық Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының қолдауымен салынды. Мұнда жыл сайын 3 жасқа дейінгі 1500 бала медициналық оңалтудан өте алады.

Орталық Семей қаласынан, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар аудандарынан, сондай-ақ Курчатов пен Шар қалаларынан пациенттерді қабылдауға есептелген.

Негізгі медициналық құрал-жабдықтар қор есебінен орнатылды. Тиісті кадрлар жинақталып, мамандар да қор есебінен оқытылды.

Бұл орталық 14 желтоқсанда ашылады деп жоспарланған.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі мәліметі бойынша әзірленді

Мақалада: ОБЛЫС БАСШЫСЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС