"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

30.11.2021
ЖОЛДАР

Семей

 Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметовтің шаһар тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Қала басшысы бұл жолы Затон ауданы тұрғындарының бастамашыл тобымен жүздесті.

Кездесу барысында аталған аудан тұрғындары Бақытжан Кәкенқажыұлына түйткілді мәселелерін жеткізді. Олардың айтуынша, аудандағы  бірнеше көше жөндеуді қажет етеді, жарықтандыруды да ретке келтіру қажет, сондай-ақ қоғамдық көліктерге қатысты мәселе бар. Жергілікті халық қала басшысына жер асты суынан да қауіптенетіндерін жеткізді.

— Шағын аудандарға да назар аударып жатырсыз. Қала халқының саны артып келеді. Бұл көшеге асфальт төсеп, тоғайларды кесу қажет. Жарық бар. Балалар 18-ші мектепке барады. Балалар үшін жарықтандырылған көшемен жүру ыңғайлы әрі қауіпсіз болады, — дейді бастамашыл топ мүшесі Боранбай Бегатов.

Жоғарыда аталған — Мәннан Тұрғанбаев көшесі. Онда жарықтандыру бар, ендігі кезекте жолды және оған жапсарлас бірнеше көшелерді де ретке келтіру қажет.

Бақытжан Кәкенқажыұлы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне осы аудандағы 5 көшені тегістеуді және құм-қиыршық тас қоспасы мен қиыршық тас төсеуді тапсырып,  бұл жұмыстың жыл соңына дейін аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, үш жыл бұрын мұнда су ағысы бойынша инженерлік шешім қабылданған болатын. Коломенская көшесі жағынан жер асты сулары, ал Железнодорожный көшесінің бойымен су Шығыс кентіне қарай ағады. Көктемде су тасқыны болуы мүмкін. Сондықтан жаңа технологиялық шешім қабылдау қажет. Бұл мәселе жұмыс тобының бір отырысында егжей-тегжейлі қаралмақ.

Тұрғындар сондай-ақ жылыту мәселесі туралы да айтты. Шағын ауданда бірнеше автономды жылу желілері бар. Мысалы, Мирный кентіндегі №2 орта мектеп жеке қазандықпен жылытылады. Басқа да нысандар, соның ішінде тұрғын үйлер бар. Болашақта оларды жөндеу керек немесе орталық жылу жүйесіне қосу қажет.

— Мен бұл мәселе туралы бірінші рет естіп тұрған жоқпын. Затон ауданының тұрғындарынан бірнеше өтініш — хаттар келді. Хаттамалық түрде белгілеу қажет. Бұл мәселені бақылауда ұстайтын боламыз, — деді қала әкімі.

Өткен жылы Сәтбаев көшесінде су құбыры желісі ауыстырылды. Ол үшін асфальт жабынының бір бөлігін алып тастауға тура келді. Алайда желіні ауыстырғаннан кейін асфальт жабыны дұрыс қалпына келтірілмеді. Жолдың шеттері тарылды, бұл көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Бақытжан Байахметов жолдың бұл бөлігі келесі жылы жөнделетінін айтып, уәде берді.

 Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің мәліметі бойынша әзірленді

Мақалада: ЖОЛДАРКӨШЕЛЕР

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

10 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

10 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

13 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

13 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

14 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС