"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

30.11.2021
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев қалалық ақпарат орталығында баспасөз конференциясын өткізіп, медицина, білім беру, жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелер жайлы сөз қозғады.

Айдар Садырбаев алдымен қаладағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып өтті.

— Бүгінгі таңда Семейде 234 мыңнан астам ересек адам вакцинацияланды. Бір апта бұрын жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау басталды. Қалада коронавирустық инфекцияны емдеу үшін барлық жағдай жасалған. 2500-ден астам адам Pfizer вакцинасының І компонентін алды. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 570 төсек-орын бар. Оның 110-ы қолданыста. Бұл 19 пайызды құрайды,- деген Айдар Садырбаев Тәуелсіздің күні қарсаңында Елбасының «Қамқорлық» жобасы аясында балаларды оңалту орталығы ашылатынын, жыл сайын стационарлар мен емханалардың, оның ішінде Жедел медициналық жәрдем ауруханасының материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатқанын жеткізді.

Айдар Серікқазыұлының айтуынша, қаламызда Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздік мерекесіне орай бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарланып отыр. Мерекелер қарсаңында 40-қа жуық іс-шара ұйымдастырылмақ. Дегенмен эпидемиологиялық жағдай барлығын өзгертуі де мүмкін.

– Облысымыздың «жасыл» аймаққа өтуі бізге мерекеге орай бірқатар шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күнінде және Тәуелсіздік мерекесінде бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарлануда. Ұшақтар кенті мен Қарағайлы шағын ауданында пәтер кілттері табысталады. Білім беру және мәдениет мекемелерінде қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады. 4 желтоқсанда “Астана Балет” ұжымы қаламызда шығармашылық кеш өткізбекші.  Бұл – Семей үшін айтарлықтай маңызды оқиға. Алайда барлығы эпиджағдайға байланысты. Мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ересектер ғана емес, жасөспірімдер де вакцинациядан өтуі қажет,– деді Айдар Садырбаев.

Айдар Серікқазыұлы алдағы уақытта қалада инватаксилердің саны екі есеге артатынын жеткізді.

– Мүгедектерді тасымалдау — өзекті мәселелердің бірі. Инватакси мәселесі осыған дейін де бірнеше рет көтерілгенін білесіздер. Бүгінгі таңда қалада 8 инватакси жұмыс істеуде. Қыркүйек айында қосымша екі көлік бөлінді. Біз белсенділермен және бастамашыл топтармен бірлесіп машиналар санын кем дегенде екі есе арттырмақшымыз. Алдағы жылы олардың санын 15-ке жеткізу жоспарланған. Қызмет алушылар тарапынан белгілі бір ұсыныстар бар. Біз оларды зерттеп, тиісті өзгерістер енгізуіміз керек, – деді Айдар Садырбаев.

Қала әкімінің орынбасары білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларына да тоқталып өтті.

– Бүгінде Семейдегі 40 мектеп бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Күзет агенттіктерімен 42 мектеп келісім жасады. Бақылау жүйесі оқушыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Әр мектепте үйірмелер ұйымдастырылып, 204 жаңа спорт секциялары ұйымдастырылды,– деді Айдар Садырбаев.

Айдар Серікқазыұлының айтуынша, келесі жылы Шығыс және Степной кенттерінде екі мектеп ашылмақ. Бұл мектептердің жүктемесін азайтып, шалғай аудандарда орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Қазір қалада 60 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 21 шағын орталық мектеп базасында жұмыс істейді. Восход, Бобровка, Қарағайлы кенттерінде болашақта төрт балабақша салу жоспарланып отыр.

Қала әкімінің орынбасары жыл басынан бері 2485 адам тұрақты жұмысқа орналастырылғанын айтты.

— Бізге 5255 адам жұмысқа орналасу мәселесімен келді. 2485 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 208 адам уақытша жұмыспен, 1000-нан астам адам қоғамдық жұмыспен қамтылды. 404 жас Жастар тәжірибесіне жолданды. Жұмыссыздар жұмыспен қамту орталығына келіп, тіркелуі қажет. Орталық ол адамға келетін жұмыс орындарын ұсынады немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жібереді. Қаламызда, негізінен, мұғалім, дәрігер, бухгалтер, менеджер сынды мамандар жетіспеушілігі байқалады,- деді А.Садырбаев.

Айдар Серікқазыұлы журналистер қойған сауалдарға жауап берді.

Ж.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы» 

Мақалада: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

7 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС