"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛДЫ

26.11.2021
МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛДЫ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

23 қараша күні Абай атындағы театрда Республикалық «Абай Құнанбаев» қоғамдық қоры мен М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасына және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Республикалық «Абай Құнанбаев» қоғамдық қорының президенті Отантай Кәріпжановтың айтуынша, бұл концерт Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнайы дайындалып, пандемияға байланысты тоқтатылған.

— Ұлы Абай — ақын, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар дарынды композитор. Бүгінгі концертте ойшылдың бірнеше әндері шырқалады. Хакімнің мерейтойын атап өту сонау патша заманынан басталған. 1914 жылы, Абай атамыздың дүниеден өтуіне 10 жыл толуына орай, Торғайдан келген қаршадай қазақтың қызы Нәзипа Құлжанова Семейде үлкен кеш ұйымдастырып, орыс тілінде сауатты баяндама жасаған. Баяндаманы тыңдаған орыс ұлтының өкілдері көздеріне жас алып, тәнті болған екен. Бұл туралы кейіннен «Қазақ» газетінде мақала да жарыққа шыққан болатын,- деді Отантай Кәріпжанов.

Кеш шымылдығын М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің симфониялық оркестрі және хор ұжымы ашып, ҚР мәдениет саласының үздігі Болат Распековтің дирижерлігімен Абай операсынан «Той бастар» шығармасын орындады. Сонымен қатар республикалық байқаулардың лауреаттары – Е. Мұсаев, А. Тоқтыбаева, М. Қайсар, Ә.Әшірова, Ж.Тәжиев және«Нұрстар» вокалдық ансамблі, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің қазақ халық аспаптар оркестрі, домбырашылар ансамблі, қобызшылар ансамблі «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Есіңде бар ма жас күнің?», «Ақылбайдың әні», «Көзімнің қарасы» әндерін, «Ажардың ариясын», «Торжорға» күйін, сонымен қатар басқа да авторлардың туындыларын орындады.

— Биыл Ел Тәуелсіздігімен бірге «Абай Құнанбаев» қоғамдық қорына да 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде ауыз толтырып айтарлықтай көптеген шаралар ұйымдастырдық. Өздеріңізге белгілі, 1990 жылы 27 ақпанда Ұлы Абайдың 150 жылдығын тойлау туралы ҚР Үкіметінің №67 қаулысы қабылданды. Қаулы шыққаннан кейін Семейдің зиялы қауымының бір аузыдан қолдауымен «Абай Құнанбаев» қоғамдық қоры құрылып, алғашқы президенті болып ҚР Жоғары Кеңесінің екі шақырылымының депутаты Хафиз Матайұлы Матаев сайланды. Белгілі ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедханов Алматыға ресми түрде шақырылып, «Абайдың ақын шәкірттері» кітабы жарыққа шықты. Бұл кітаптың кейіннен Мемлекеттік сыйлыққа ие болғанын білесіздер. Елбасы ЮНЕСКО-ға бірнеше мәрте хат жазып, ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойын дүние жүзі бойынша атап өтуге қол жеткізді (150 жылдық ЮНЕСКО көлемінде тойланатын мерейтой емес еді). Мәскеу, Пекин, Париж және Батыстың басқа да қалаларында, бұрынғы одақтас, бауырлас республикалардың бәрінде ойшылдың 150 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Хакімнің шығармалары 33 тілге аударылды. Қордың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын тізіп айтсақ, бір кешке жүк болары анық. Осы уақытқа дейін, өзге қалаларды қоспағанда, Семейдің өзінде 32 лекция — концерт, 16 кеш ұйымдастырылыпты.

Сөз соңында баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтағым келеді. Ел іргесі аман, бауырымыз бүтін, аспанымыз ашық болсын,- деді Отантай Кәріпжанұлы.

Кеш соңында Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, көлік колледжі директорының орынбасары Шаған Манапов құттықтау сөз сөйлеп, көрермендерді егемендігіміздің және «Абай Құнанбаев» қоғамдық қорының отыз жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ж.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: МЕРЕЙТОЙҒА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

4 часа бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

4 часа бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

4 часа бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС