"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ ТАҒЫ ДА ҮШ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

26.11.2021
СЕМЕЙ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 23 қараша күні Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев  БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.

Брифингте шаһардың әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы баяндалды.

Әкім орынбасары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалатынын атап өтті. Экономиканың көптеген базалық салаларында көрсеткіштердің өсуі қамтамасыз етіліп, орташа жалақы 22,7 пайызға көбейген, 3,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған.

Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, алдағы жылы Семейде екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар  Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысына дайындық жұмыстары басталмақ.

Қарағайлы шағын ауданында, екіншісі Водный кентінде 2400 орындық тағы да үш мектептің құрылысы жоспарланып отыр.

Қала әкімінің орынбасары сондай-ақ Қарағайлы шағын ауданында 150 төсек-орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығы салынатынын жеткізді. Оңалту орталығының жобалық құны 5,2 млрд теңге көлемінде, құрылыс 2022 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 245 млрд теңгенің өнімін өндірген. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс өсімі 37,3 мрд теңгені құрады.

Жиында аграрлық саланың жай-күйі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар жайлы да баяндалды. Өткен жылмен салыстырғанда ұсақ мал 7,2 пайызға, жылқы 15,5 пайызға, ірі қара саны  8,6 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 43,6 млрд  теңгені (өсімдік шаруашылығында 25,3 млрд теңге, мал шаруашылығында 18,2 млрд теңге) құрады. Ет пен сүт және жұмыртқа өндірісі — әрқайсысы 2,7 пайызға артқан.

Бөлшек тауар айналымы 206 миллиард теңгені құрады. Қалаға 78,5 млрд теңге инвестиция тартылған.

Дархан Жөргекбаев бұрынғы «Семей СУ» кәсіпорнынан QAZAQ ASTYQ GROUP ЖШС базасында өнімдерді өңдеу бойынша автоматтандырылған кешен енгізілгенін жеткізді.

— Мұнда 220 жұмыс орны ашылып, 4 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. Зауыт мамыр айында пайдалануға берілгенімен,  шикізат мәселесіне байланысты өнімді тек тамыз айында шығарды. Алдымен зауыт экспорт қажеттілігін жабады, артығы Семейде сатылатын болады, — деді Дархан Жөргекбаев.

Биыл он жылдан артық тоқтап тұрған Семей тері өңдеу зауыты іске қосылды. «Семей құс» ЖШС жұмысын жандандырып, 2021 жылдың соңына дейін 12 млн дана жұмыртқа өндіруді жоспарлап отыр.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, жыл соңына дейін  32 көшені жарықтандыру  жұмыстары толық аяқталмақ. 18 көшені жөндеу келесі жылы жалғасады.

Спикер бағаны тұрақтандыру бағытында жүргізіліп жатқан шараларға да тоқталды.

— Қаланың тұрақтандыру қорында ұн мен көкөніс қоры жеткілікті. Нан–тоқаш өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін  2000  тонна 1 сұрыпты ұн және 3100 тонна жеміс-көкөніс өнімдері сатып алынды. Жұмыртқаның  бағасы да  айтарлықтай төмен —  33 теңгеден болады деген болжам бар. Біз апта сайын жәрмеңке өткіземіз. Естеріңізде болса, бұрын ол тек  қаланың солтүстік бөлігінде  өткізілетін. Енді қаланың шығыс жағында да ұйымдастыруды  жоспарлап отырмыз,- деді Дархан Жөргекбаев.

Жалпы, “Бизнестің жол картасы-2025″ бағдарламасы аясында белсенді жұмыстар жүргізілуде”, – деді түйіндеді сөзін Дархан Жөргекбаев.

Ұ.АТАНБАЕВ,

«Семей таңы»

Мақалада: СЕМЕЙДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

7 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС