"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

STEM KYZDAR: ҚАТЫСУШЫЛАР СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

23.11.2021
STEM KYZDAR
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа жоба

 Семейде арнайы Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының мектеп оқушылары мен мұғалімдері үшін ұйымдастырылған STEM Kyzdar жобасына қатысып, STEM-дағдылары мен сыни ойлау бойынша оқудан өткен Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне сертификаттар табыстылды.

Тренерлердің бірі Бақтияр Теміровтің айтуы бойынша, STEM Kyzdar жобасы арнайы Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының мектеп оқушылары мен мұғалімдері үшін ұйымдастырылған. Жоба Қазақстанның ірі қалаларының тұрғындарымен қатар, өңірлердің де тұрғындарына қажетті технологиялық дағдылар алуына  мүмкіндік берді.

Айта кетейік, бағдарлама STEM-білім беру саласындағы бастамаларды қолдауға, STEM салаларында, атап айтқанда халықтың осал топтарынан шыққан қыздар үшін әлеуетті дамытуға және STEM-тренерлерін дайындауға бағытталған.

Оқыту барысында қатысушы қыздар роботты техника бойынша халықаралық жарыстарға, атап айтқанда FIRST чемпионатының қазақстандық кезеңіне қатысуға дайындалды.

STEM Kyzdar сияқты жобалар бойжеткендер үшін пайдалы, себебі аталмыш жоба оларға өздерін сынап көруге, өз әлеуетін STEM салаларында және әйелдер әзірше аз таңдайтын мамандықтарда байқап көруге мүмкіндік береді.

STEM саласында әйел адамдар шынымен де жеткіліксіз. ЮНЕСКО деректеріне сәйкес, әйелдер техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің жалпы санының 35%-ын ғана құрайды. Microsoft есебінде келтірілген басқа статистика да осындай жағдайды көрсетті: қыз балалар 11-12 жасында нақты ғылымдар мен инженерияға қызығушылық білдіре бастайды, алайда 3-4 жылдан кейін қызығушылықтары күрт төмендейді. Бұған оқушы қыздардың ата-аналарының жеке талғамы мен STEM саласы туралы теріс түсініктері, мұғалімдерінің, отбасы мен қоғамның тарапынан қолдау көрсетілмеуі, кәсіби бағдарлау жұмысының дұрыс жүргізілмеуі сияқты жағдайлар себеп болуы мүмкін.

STEM Kyzdar жобасында қыздар жобалау әдісі негізінде оқиды: олар өмірден алынған шынайы мәселелерді шешіп және бағдарламалау мен роботты техниканы үйреніп, алған білімін қолдана отырып роботтар құрастырды. Сонымен қатар олар командада жұмыс істеуге, көпшілік алдында сөйлеуге, өзін және өз жобасын таныстыруға, сыни және шығармашылық тұрғыда ойлауға үйренеді. Мұндай дағдылар оларға STEM Kyzdar жобасының аясында ғана емес, сондай-ақ одан тыс салаларда – жарыстар мен олимпиадаларда, келешектегі оқуы мен жалпы болашағына үлкен мүмкіндіктер береді.

STEM Kyzdar жобасында, мектеп оқушыларымен қатар, педагогтер де оқыды. Атап айтқанда математика, физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Шетелдік сарапшылар Гордон Кеннеди (Ұлыбритания/Италия) мен Илья Мествиришвилидің (Грузия) жетекшілігімен мұғалімдер өзекті әдістемені меңгерді. Бұл әдістемелер сабақтарды түрлендіруге, оқушыларды оқу үдерісіне қызықтыруға, материалды жақсырақ меңгеруге, оқушылармен бірге сапалы зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге, ғылыми жобалар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар педагогтер алған білімін әрі қарай өз мектептеріндегі, аудандары мен өңірлеріндегі әріптестерін оқыту үшін пайдалана алады.

«Тренингтегі оқу қызық өтті, күн сайын жаңа нәрсені үйрендік. Алған білімімді қолданбалы математика сабақтарында, факультативтік сабақтарда және жобалау қызметімде және оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін пайдаланамын», — дейді STEM Kyzdar жобасына қатысушылардың бірі.

 

Семей қаласының ішкі саясат бөлімі ақпараты негізінде әзірленді

Мақалада: STEM KYZDAR

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

2 часа бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

2 часа бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

2 часа бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

2 часа бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

2 часа бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

2 часа бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

7 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

1 день бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

1 день бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС