"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ДЕ ЕКПЕ САЛЫНА БАСТАДЫ

19.11.2021
ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ДЕ ЕКПЕ САЛЫНА БАСТАДЫ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Күн тақырыбына

Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын жалпы саны 85 мың бала алуы тиіс. Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

— Өңірде вакцина алғандардың саны 901 мың адамға жетті. Бұл — жалпы Шығыс Қазақстан тұрғындарының 67 пайызы. Алдағы бір-екі күнде вакцинацияның 2-ші компонентін алуды аяқтауымыз керек. Нәтижесінде облыс жұртшылығының 95%-ы вакциналанады. Бұл ел бойынша алдыңғы қатарға шығуымызға және «жасыл» аймақта қалуымызға мүмкіндік береді, — деді өз сөзінде Даниал Кенжектайұлы.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда облысқа Pfizer вакцинасының 35 мың дозасы жеткізілген. Аталмыш шетелдік екпе түрі, егер қажеттілік туындаса, алдағы уақыттарда да алынатын болады.

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облысқа Pfizer вакцинасының 35 мың дозасы жеткізілді. Сондықтан жақын арада 12 мен 18 жас аралығындағы 85 мың бала, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуы қажет. Бұл ұжымдық иммунитетті нығайту мен аурудың таралуына тосқауыл бола алады. Осы ретте вакцина салдырған барша шығысқазақстандықтарға ризашылығымды білдіремін. Енді, ең бастысы, ата-аналар балалар вакцинациясына асқан жауапкершілікпен қарауы қажет. Бүлдіршіндерді қауіпті дерттен құтқару – бәрімізге міндет, — деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда аймағымызда түсіндіру жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі болса керек, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында екі мыңға жуық ата-ана баласына коронавирусқа қарсы екпе салдыруға келісім берген.

ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Элмира Рахымбаева аймағымызда оқушыларға Pfizer вакцинасы салына бастағанын мәлім етті.

— Жалпы Шығыс Қазақстанда қазіргі уақытта 2 мыңға жуық ата-ана баласына екпе салдыруға келісім беріп отыр. Барлық мектеп вакцинация науқанын бастауға дайын. Екпе алған балаларда теріс реакция байқалған жоқ. Олар бірнеше күн бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Облыс бойынша коронавирус вакцинасын 80 мыңнан астам бала алады деп жоспарланған, — деді ол.

Элмира Рахымбаеваның айтуынша, аймақ ауруханаларында қауіпті дертке шалдыққан 14 жасөспірім емделіп жатыр екен. 80 сынып карантинге жабылып, балалар екі аптаға қашықтан оқытуға көшірілген.

Екпе алған оқушылар бойынша Өскемен қаласы көш бастап тұр. Pfizer вакцинасын алғашқы болып жасөспірімдер салдыруда.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде жасөспірімдер коронавирус инфекциясына қарсы америкалық Pfizer екпесінің алғашқы дозасын алуды осы аптаның басында бастады.

«Өткен аптада облысқа аталған вакцинаның 35 100 дозасы жеткізілген болатын. «Бұл вакцина жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12-18 жас аралығындағы балаларға арналған. Бүгінгі таңда аймақ бойынша осы санаттардағы 120 000-ға жуық адам бар. Оның ішінде 85 мыңы – балалар», — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бұл ретте Өскемендегі №1 және №2 емханаларға екпе алуға жасөспірімдер өз еріктерімен келіп жатыр.

Жасөспірімдер екпе жайлы ақпараттармен жақсы таныс. Олар вакцина салдыру, ең алдымен, өздерінің қауіпсіздіктері мен денсаулықтары үшін қажет деп санайды. Оқушылар да бұрынғы қалыпты өмірге тезірек оралуды қалайды.

Сөз орайында айта кетсек, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда коронавирус жұқтырған 566 ересек адам емделуде. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте өңір бойынша 42 адам СOVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның ішіндегі 39 науқаста симптом бар болса, үш адам вирусты симптомсыз өткеруде.

«16 қараша бойынша Шығыс Қазақстандағы стационарларда 566 адам емделіп жатыр. Облыс бойынша төсек қорының жүктемесі – 15%. Соңғы бір күннің ішінде 16 пациент қауіпті дерттен толықтай сауығып шықты. Сондай-ақ 6 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады», — делінген аталмыш ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы вакцинация алу бойынша республика көлемінде алдыңғы орынға шыққан болатын.

Мамандардың айтуынша, вакциналау неғұрлым баяу жүргізілсе, вирустың түрленуіне соғұрлым мүмкіндік жасалады. Ал вирус неғұрлым жылдам түрленсе, вакцинаның күші жетпейтін немесе әсері әлсіз болатын індет түрі пайда болу мүмкіндігі артады. Сондықтан, вирустың түлене түсуіне жол бермеу үшін, вакцинацияны барынша жылдам жүргізу қажет. Алғашқыда екпенің тиімділігіне сенбейтіндер көп болғаны белгілі. Ал бүгін, вакциналау басталғаннан бері 8 ай өткенде, статистикалық деректер вакцинацияның тиімді екенін көрсетіп отыр. Вакцинация басталған 1 ақпаннан бері коронавируспен ауырғандардың 96 пайызы екпе алмаған. Яғни, ауру жұқтырғандардың 4 пайызы ғана екпе алғандар. Бұл — вакцинаның тиімділігін дәлелдеп отыр.

Дәрігерлердің міндеті – вирустың екпеге ырық бермейтін түрі пайда болуына жол бермеу.

 

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

15 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

17 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

17 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

17 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

17 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС