"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТАР МЕН ТОНАУ ФАКТІЛЕРІ АЗАЙДЫ

19.11.2021
ҚЫЛМЫСТАР
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов полиция қызметінің сервистік моделінің тұсаукесеріне қатысты. Аталған шара жаңадан салынып жатқан Қарағайлы шағын ауданында орналасқан учаскелік полиция бөлімшесінде өтті. Мұнда барлығы 40 мың тұрғынға арналған 200 үй салынады.

Бақытжан Байахметов аталған пунктті ШҚО ІІД теңгеріміне беру туралы сертификатты табыс етті.

— Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында полиция қызметінің сервистік моделін ұлғайтуға жергілікті мемлекеттік органдарды тарту міндетін қойып отыр. Осы мақсатта аталған модельді жүзеге асыру Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына енгізілген, — деп атап өтті қала әкімі.

Полицияның сервистік моделі — бұл полицияның, атқарушы биліктің және қоғамның қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі бірлескен қызметі.

Сервистік моделді дамытуда үш негізгі вектор айқындалған.

Біріншісі — азаматтардың полицияға қол жеткізуін барынша жеңілдетуге бағытталған қадамдық қолжетімділік. Бұған учаскелік пункттерді, жылжымалы посттарды, олардың материалдық — техникалық жарақтандырылуын оңтайлы орналастыру, жедел әрекет ету қабілетін арттыру, сонымен қатар цифрлық технологияларды қолдану кіреді.

ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, қазіргі уақытта 7 модульдік бекет енгізілген, оның 5-уі Өскеменде және 2-уі Семейде. Сонымен қатар учаскелік полиция қызметкерлеріне 20 «Нива» қызметтік көлігінің кілті табыс етілді.

Екінші вектор – ықтимал қауіптерді дер кезінде жою арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, мұнда негізгі рөл учаскелік полиция қызметкерлеріне жүктеледі.

Учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі заң жүзінде бекітілген, оларға құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы өз бетінше ұсыныстар енгізу өкілеттіктері берілген.

ШҚО полиция департаментінің басшысы жалпы қылмыстың, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстың 22 пайызға (2968-ден 2311-ге дейін), тонаудың 37 пайызға (237-ден 150-ге дейін), бұзақылықтың 15 пайызға (248-ден 210-ға дейін) және ұрлықтың 24 пайызға (5321-ден 4057-ге дейін) төмендегенін атап өтті.

Үшінші вектор – халықпен тығыз қарым – қатынаста болу, өйткені қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешу тұрғындардың белсенді көмегі арқылы ғана мүмкін болады.

Осы мақсатта учаскелік инспекторлар тоқсан сайын тұрғындармен кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуде. Бүгінгі күнге дейін 1660 жиын өткізілді.

— Ең бастысы — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полиция жұмысындағы мұндай бастамалар құқық қорғау органдарының қолжетімділігін едәуір арттыруға және құқық бұзушылық фактілеріне тезірек шара қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар полицияның мәртебесі мен беделі артады, — деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

Бүгінгі күні қалада 2 модульдік полиция бекеті орналасқан: Қайым Мұхамедханов көшесінде және Мұхтар Әуезов атындағы алаңда. Мұнда полиция қызметкерлері бекітілген аумағында патрульдеуді бір мезгілде азаматтар көп жиналатын жерлерде тұрақты түрде жүргізеді. Бекет 4 бөлмеден тұрады және желдету, жарықтандыру, электрмен жабдықтау, су құбыры және кәріз жүйесімен жабдықталған.

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметі негізінде әзірленді

Мақалада: ҚЫЛМЫСТАР

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС