"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДІ ДАМЫТУ: КЕШЕНДІ ЖОСПАР ОРЫНДАЛУДА

12.11.2021
СЕМЕЙДІ ДАМЫТУ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Семей қаласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бойынша әзірленген арнайы жобаларды толығымен қолдады. Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілген болатын.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен арнайы кеңесте Жоспардың іске асырылу барысы, қазіргі таңдағы атқарылып жатқан жұмыс қарқыны талқыланды. Кеңеске облыс әкімдігінің тиісті басқармалары, сондай-ақ Семей қалалық әкімдігінің барлық бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жалпы, жоспарға сәйкес, инфрақұрылым, абаттандыру, тұрғын үй құрылысы, білім беру нысандары, денсаулық сақтау, спорт, кәсіпкерлік, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және т.б. салаларға қатысты жеті бағыт бойынша 56 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған болатын.

Атап айтсақ, Семей қаласын дамытудың Кешенді жоспары бойынша 2020-2021 жылдары іске асыру үшін жалпы саны 51 жоба қарастырылған.

Жүзеге асырылған жобалардың ішінде Восход кентінде бұрынғы «Семей су» зауытының базасында жалпы инвестиция көлемі тоғыз млрд теңге болатын мультикультураларды (күнбағыс, рапс, соя дақылдары) қайта өңдеу бойынша арнайы автоматтандырылған кешенді ерекше атап өтуге болады. Бүгінде аталмыш кәсіпорын қалыпты жұмыс істеп тұр, сонымен қатар өңір тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуда жетекші орын алады.

Ал денсаулық сақтау саласындағы жоспар аясындағы жетістіктер тіптен қуантарлық. Мәселен, қаладағы 35-ші квартал ауданында Облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы іске қосылды. Бұл алдыңғы қатарлы әлемдік жетістіктер негізінде тек облысымыздың ғана емес, көршілес өңірлердің онкологиялық ауруларын да сапалы емдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 35-ші кварталда «ИнВитро+» консультативтік-диагностикалық емханасына қосымша бөлігі салынды. Өз кезегінде, бұл тұрғындарды медициналық әлеуметтік оңалту үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ биыл Қарағайлы шағын ауданында қаржыландыру көлемі 5,4 млрд теңге болатын 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы басталды.

Мектеп оқушылары үшін орынның тапшылығын жою мақсатында Шығыс кентінде 1200 орындық, ал қала іргесіндегі Степной кентінде үш жүз орындық екі жалпы орта білім беретін мектептің құрылысы аяқталуда.

Семей қаласы бойынша жол саласында да бірқатар істер атқарылды. Мысалы, Жангелдин көшесінен Омбы — Майқапшағай жолына дейінгі ұзындығы 2,5 шақырым жол төсемі толықтай ауыстырылды.

Республикалық бюджет есебінен республикалық маңызы бар Семей – Қайнар автожолында ұзындығы 99 шақырым жолдарға 3,7 млрд теңге қаржыға орташа жөндеу жүргізілді.

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 42,3 километр жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жөндеу жұмыстары елуден астам көшеде жүргізіліп, жұмыс көлемі 19200 шаршы мертді құрады. Сонымен қатар жыл соңына дейін Қарағайлы тұрғын ауданында 3,5 шақырым кварталішілік жолдар салынады.

Қала іргесінен жаңадан бой көтерген Қарағайлы тұрғын ауданының құрылысына және жылу энергиясына қажеттіліктің артуына байланысты желтоқсан айына қарай РК-3 қазандығының қайта жаңарту жұмыстары екінші кезек бойынша аяқталады. Қайта жаңарту жұмыстары қазандықтың қуатын сағатына 70 Гкал-ға дейін — екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қарағайлы шағын ауданында жалпы ауданы 328 мың шаршы метр болатын 65 көп пәтерлі тұрғын үй салынуда, оның ішінде ағымдағы жылы жалпы ауданы 119,6 мың шаршы метрді құрайтын (1478 пәтер) 26 тұрғын үйді салу жоспарлануда.

Қазіргі күні облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында ауданы 11,2 мың шаршы метрлік 64 жеке үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

«Семей қаласының көшесін жарықтандыруды жаңғырту» жобасы аясында 136 көшеге 7 659 шам орнату немесе ауыстыру, 687 дана бағана, 2 602 дана кронштейн орнату, 130 шақырым кабель жүргізу, 196 басқару шкафын орнату жоспарланған. Сонымен қатар жобаға қосымша жетпіс көшеге Everlight өндірісінің 2000 шамдарын орнату, 673 бағананы орнату, сондай-ақ басқару шкафтарын орнату және 20 шақырым кабельді тарту туралы шешім қабылданды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Бейбітшілік, Смычка, Затон және Мирный аудандарында жалпы ұзындығы 1,7 шақырым болатын Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта қолға алынған жұмыстар қазіргі күннің өзінде қарқынды атқарылуда.

Халықты таза ауыз сумен қамтуды арттыру мақсатында Семейге қарасты Шақаман және Абыралы ауылдарына жалпы ұзындығы 40,3 шақырымды құрайтын су құбыры желілерін салу, Суықбастау ауылында ұзындығы жиырма төрт шақырым болатын су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарын талқылауға арналған арнайы жиында облыс әкімі Даниал Ахметов алдағы жылға жоспарланған жобаларды жан-жақты пысықтауды тапсырды. Оның ішінде шаһар көшелеріне «Сергек» сыртқы бейнекамераларын орнату, Приречное ауылындағы мал қорымының құрылысы, төрт қазандықты қайта жаңғырту, қоғамдық көліктерге электронды билетті енгізу, ЕҚҚДБ арқылы сумен қамтамасыз ету мәселелері де толықтай қамтылды.

Кейбір жекелеген жобалар жүзеге асырудан толығымен алынып тасталды. Мәселен, Ираннан келген инвесторлар Агропорталдың құрылысын қаржыландырудан бас тартты. Осыған байланысты Үкімет қаулысына түзетулер енгізіледі.

— 2022 жылы 2020-2021 жылдары басталған барлық жобаларды аяқтаңыз. Олардың барлығын қаржыландыру қажет. Әлі басталмаған жобалар болмауы керек. Семейді дамытудың кешенді жоспары Қазақстан Президентінің жеке бақылауында, сондықтан барлық жобалар аяқталуы қажет немесе жүзеге асырылу сатысында болуы тиіс, — деп атап өтті Даниал Ахметов.

Өз кезегінде сөз алған Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы бойынша жоспардың артығымен орындалғанын жеткізді. Құрылыс жоспарында жиырма екі үй салыну қажет болса, биыл 35 үй салынуда. Осыған байланысты, қала басшысы аталған өзгерістерді Семейдің кешенді даму жоспарына енгізуге рұқсат сұрап, оған оң жауап алды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әкімі алдағы 2022 жылы Семейде жол салу бойынша жүргізілуі тиіс ауқымды жұмыстарды еске салды.

— Мен сіздердің осы жылы жолдарды жөндеуде жақсы жұмыс атқарғандарыңызды білемін. Бірақ босаңсуға болмайды. Сіздер қаланың оң жағалауындағы тағы 50 бұрылыстың құрылысын қарастыруларыңыз керек. Жалпы, бұл 65 шақырымды құрайды. Өскеменде бес жыл ішінде жасалған жұмыстарды сіздер бір жыл ішінде атқаруларыңыз керек, — деп қорытындылады өз сөзін Даниал Ахметов.

 

«СТ» — ақпарат

Мақалада: СЕМЕЙДІ ДАМЫТУ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

30 минут бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

22 часа бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

23 часа бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

23 часа бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

23 часа бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

24 часа бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

3 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС