"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

05.11.2021
ҚҰЖАТ
51
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей

Семейде құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 97%-ды құрады. Осы және басқа да мәліметтер «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы» мәселе қаралған қалалық әкімдік отырысында айтылды.

Тіл саясаты саласында өңірді дамыту ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға, мемлекеттік тіл саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Семей қаласы бойынша ҚР тіл саясатының 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекеттік және басқа тілдерді үйрену үшін қаланың барлық тұрғындарына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Тілдерді оқыту бойынша тегін курстар ұйымдастыру мақсатында 2013 жылдан бастап «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылында орталық базасында мемлекеттік тілді 719 адам, ағылшын тілін  269 адам, орыс тілін 236 адам оқыды. Ағымдағы оқу жылында қазақ тілін 279 адам, орыс тілін 103 адам, ағылшын тілін 89 адам үйренуде.

Қалада тұратын этностар өкілдерінің тілдерін оқыту үшін Тілдерді оқыту орталығының базасында жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Ағымдағы оқу жылында жексенбілік мектепте татар тілін 30, неміс тілін 19 және орыс тілін 16 адам үйреніп жүр.

«Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы ұлттық — тілдік ахуал туралы» әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша, 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 96 пайызды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты. Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 7,9 пайызды үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) меңгерген тұрғындардың үлесі 7 пайызды құрады.

Қала тұрғындары мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған республикалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысады. Атап айтқанда, «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына түрлі этнос жастарының 20 өкілі қатысты. Облыстық «Тіл шебері» байқауында 3-ші орынды №3 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Баян Төлегенова иеленді. Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Тіл байлығы – Тәуелсіздік кепілі» облыстық челленджінде ШҚО ХҚКО Семей филиалының №2 бөлімшесі 3-ші орын алды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық байқауда 1-орынды Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының мамандарынан құралған «Алаш» командасы жеңіп алды. Облыстық «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауында педагогикалық колледждің 3-ші курс студенті Мария Ягель екінші орынды иеленді.

Тоқсан сайын мемлекеттік органдардың құжат айналымына мониторинг жүргізіледі. Шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 2020 жылы 95 пайызды, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 97 пайызды құрады.

Бүгінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Қала тұрғындарынан сауда және қоғамдық көлік нысандарындағы көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі бұзушылықтар туралы көптеген шағымдар келіп түседі. Атап айтқанда, «Профкрепеж» дүкенінде тіл туралы заңнама талаптарының сақталмайтынына қатысты өтініш келіп түсті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары аталған дүкенге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бұзушылықтар заңнама нормаларына сәйкес жойылды.

Осындай бұзушылықтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында «Тіл қорғандары» еріктілер тобы құрылды. «Тіл қорғандары» еріктілер тобының құрамына қоғамдық белсенділер, жастар орталықтарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және басқа да белсенділер енгізілді. Олардың қатарында Орал Шәріпбаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті, Антонина Клиновицкая Семей Орыс әлеуметтік-мәдени орталығының басшысы, Лилия Гончарук ШҚО «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің басшысы, Аркадий Резник  «Бокер» еврей мәдени орталығының басшысы және басқалар бар.

«Тіл қорғандары» волонтерлік тобы бұзушылықтар анықталған кезде қоғамның түрлі салаларында мемлекеттік тілді пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мысалы, «Сауатты жарнама» акциясы аясында еріктілер тобы қаланың 300 шағын және орта бизнес субъектісіне мониторинг жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Еріктілердің жұмысы өз нәтижелерін беріп жатыр деуге болады. Қалай болғанда да, қала билігі заң бұзушыларға қатысты қатаң заңнамалық нормаларды ешқашан қолданбаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес, деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптар бұзылған кезде ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ономастика саласындағы проблемалардың бірі көшелердің аншлагтарын ауыстыру болып табылады. 2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі көшелердің аншлагтарын жазу және орналастыру бойынша бірыңғай үлгі әзірледі. Осы үлгі бойынша 2017-2018 жылдары 12 көше — Қайым Мұхамедханов, Мәңгілік ел, Әзілхан Нұршайықов, Жібек Жолы, Ардагерлер және т.б. көшелер өзгертілді. Семей көшелерінің басым бөлігіндегі аншлагтарды ауыстыру айтарлықтай қаржыландыруды талап етеді. Экономикалық есеп бойынша, 1 аншлаг шамамен 3 мың теңге тұрады.

Алдағы уақытта Қазақстанда ана тілін дамытуға үлес қосқан белсенділер «Ана тілін дамытуға үлес қосқан үшін» төсбелгісімен марапатталатын болады. Осы жылдың соңына дейін Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті осы белгінің алғашқы данасын дайындауды жоспарлап отыр.

 Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚҰЖАТ

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

18 минут бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

8 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

8 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

8 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

23 часа бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС