"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БӨРІТАСТАҒАНДАҒЫ ШОПАНДАР ТОЙЫ

05.11.2021
БӨРІТАСТАҒАНДАҒЫ ШОПАНДАР ТОЙЫ
85
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатай баурайын жайлаған еңбекшіл ел, шопандар мен бақташылар, егіншілер, пандемия қиындықтарына қарамастан, ата кәсіп – мал шаруашылығын дамытуда еселі еңбек етіп келеді. Табысты тасқындатқан тарбағатайлықтар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын еселі еңбекпен қарсы алып отыр. Соның бір дәлелі – Тарбағатай ауданының Сәтбаев ауылдық округіне қарасты «Ықыбай» шаруа қожалығы шопандар тойын ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.

БӨРІТАСТАҒАНДАҒЫ ШОПАНДАР ТОЙЫ

Елімізде шопандар тойы көп жылдар бойы аталмай кеткен болатын. Дегенмен малшылар қауымының еңбегін құрметтеп, мәртебесін асыруды мақсат еткен тарбағатайлықтар бұл мерекені назардан тыс қалдырған емес. Мысалы, Құмкөл ауылдық округінде, «Көкжыра» өндірістік кооперативінде шопандар тойы өткізіліп жүр. Ал «Ықыбай» шаруа қожалығындағы шопандар той сол игі дәстүрдің жалғасы іспетті болды. Қазақстанның «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасына енген таңғажайып тарихи нысанның бірі – Бөрітастаған жартасы. «Ықыбай» шаруа қожалығы ұйымдастырған шопандар тойы дәл осы тарихи таудың іргесіндегі кең жазықта өтті. Бұл той сонысымен де ерекшеленіп, жақсылыққа ортақтасуға келгендерді әдемі әсерге бөледі.

Бөрітастаған бөктеріне қаз-қатар киіз үйлер тігіп, шопандар тойын дүрілдетіп жасайтындай бұл қандай шаруашылық? Енді аз-кем соған тоқталайық. «Ықыбай» шаруа қожалығы 2015 жылы құрылған. Нәтижелі еңбектен несібесін айырамын дегеннің бағы жанған мына заманда ата кәсіпке қайырылған Ықыбаевтар әулеті іргелі шаруашылық құрып, ұжымдық еңбектің артықшылығын дәлелдеуде.

— Қазір біздің  шаруа қожалығымыздда жүзге жуық адам еңбек етеді. Қожалықта төрт мал дәрігері, бір зоотехник, оператор, шаруашылықтың әр саласын басқаратын бірқатар мамандар бар. Қазіргі күні мал басын асылдандыру, түрлендіру жұмыстары жүріп жатыр. «Сыбаға» бағдарламасымен шетелден асыл тұқымды ірі қара мал әкеліп, өнім сапасын арттыру мәселесі шешілуде. 1400 бас ірі қара мал бар. Бәрі де асыл тұқымды. Сонымен қатар мамандарымыз Ресейден тағы 2000 бас мал сатып әкеле жатыр. Шаруашылықта 10200 бас асыл тұкымды қой бағылады. Алдағы мал қыстату науқанына әзірлік ойдағыдай. 15000 орама шөп дайындалған, мал азығын әзірлеу ісі әлі де жалғасуда. 4000 бас ірі қара, 10 000 бас қой малы тұратын бордақы алаңдары бар. Алдағы көктемде 1000 гектар егістік үшін жаңбырлатып суғару жүйесі құрылып жатыр. Алғашында Рүстем Ықыбаев, Ардақ Набиев, Аман Кәрібасов, Әйгерім Нұрланова, Алмас Ерзатов, Думан Сейлханов және Мейіржан Тлеуленов сынды азаматтар бірлесіп шаруа бастап, игілікті істің іргетасын қалаған екен. Алмас Ерзатов кәсіби бағытын өзгертіп, бүгінде ел басқару ісіне араласып, Сәтбаев ауылдық округінің әкімі болып отыр, — дейді осы қожалықтың мал шаруашылығы жөніндегі маманы Жансая Тұрысбекова.

Бөрітастағандағы шопандар тойын “Ықыбай” шаруа қожалығының басшысы Кәдірбек  Ықыбаев алғы сөзімен ашып, барша әріптестерін, той қонақтарын мерейлі мерекемен құттықтады. Қазақстан Жазушылар одағының Семейдегі филиалының басшысы Мерей Қартов қыр төсін еңбек дүбіріне бөлеген жасампаз жандарға деген құрметін жыр жолдарымен жеткізіп, «шопандар тойы» дегенді бала кезінде естігенін есіне алды, енді ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығында еңбек тойын, еңбек адамдарының шаттанған сәттерін көргеніне қуанышты екенін жеткізді.

Той қонақтары атынан Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті, Шығыс Қазақстан облысы және Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Бәделхан Камалханұлы, Сәтбаев ауылдық округінің әкімі Алмас Ерзатов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бейбіт Сербатыров, «Барқытбел-несие» серіктестігінің директоры Саят Садуанов, кәсіпкеор Болат Қойбағаров, бақташылардың атынан Маратбек Сыдықов, шопандар атынан Бакытжан Көбенов, механизаторлар атынан Ринат Саханов сөз сөйлеп, алғыс сезімдерін жеткізді.

Тойға қонақ ретінде шақырылған Семей қаласының тұрғыны спорт жаттықтырушысы  Асқар Арқабаев та құттықтау сөз кезегін алып, Ықыбаев Рүстем мен Дастанның балалық шағын еске түсіріп, жас кезінде екеуін әкелері Кәдірбек спорт мектебіне ертіп келгенін, талай қиын күндер артта қалғанын, кейіннен Рүстемнің өзі де күрес жаттықтырушысы болғанын, шәкірттері әлем чемпионатында күміс жүлде алғанын айтты.

Салтанатты жиын барысында үздік еңбек нәтижесін көрсеткен малшылар, тракторшылар марапатталды. Елеулі еңбек еткені үшін шопан Ермұрат 620 000 теңге, Бақытжан Көбенов 200 000 теңге, бақташы Дастан Акпаров 500 000 теңге сыйлық алды. Бақытжанның жұбайы Әлияның жайлауда 80 келі сары май алғаны да атап өтілді.

Той қызығы ұлттық спорты ойындарына жалғасты. Қазақ күресі, қошқар көтеру, өгіз тарту, әйелдердің арқан тартысуы, қыз қуу, теңге алу, 20 шақырымдық ат бәйгесі, көкпар сайысы өтті. Бұл жарыстарға негізінен «Ықыбай» шаруа қожалығының жұмысшы-қызметкерлері қатысып, дәстүрлі ұлттық ойындар бойынша шеберліктерін көрсетті.

Жиырма шақырымдық бәйгеде осы ұжымның бақташысы Бекболат Зейнеловтің аты бірінші болып келді. Бас бәйгеге автомашина сыйға берілді. Екінші болып бақташы Елдардың жүйрігі келіп, сыйлыққа бір тай алды. Бекболат Зейнеловтің тағы бір аты үшінші болып мәре сызығынан өтіп, бір тайынша жетелеп қайтты. Елді елең еткізген жарыстардың бірі — 90 келі тартатын қошқарды көтеру сайысында  Рүстемнің мектепте бірге оқыған сыныптасы, ұжымның мүшесі Нұрғазы Қалиакпаров мықтылығын көрсетіп, дүйім жұртты таңғалдырды.

Той қонақтарының қызығушылығын тудырған спорт ойындарының бірі – қазақ күресіне де «Ықыбай» шаруа қожалығының мүшелері қатысты. Шаршы алаңда белдескендердің бәрін жеңген тракторшы Думан Сейілхановқа ұйымдастырушылар тай мінгізді. Екінші орынды қанжығасына байлаған тракторшы балуан Ринат Саханов тайынша жетектеді. Ал үшінші орын алған тракторшы Бауыржан Сатинге бір қой сыйлыққа  берілді.

Әсем табиғат аясындағы тойды тамашалауға қонақтар көп келіпті. Үлкен-кішіні тоғыстырған Бөрітастағанның тұнық әлемі кеудені саф ауаға толтырып, қызыққа бөледі. Тойшы қауым Тарбағатай аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының, көңілді жадыратқан әншілерінің концерттік бағдарламасын тамашалады. Мол дастарқан мәзірін ұсынған шаруашылық ұжымына қонақтар тәнті болды.

— Дәл осындай шопандар тойы біздің бала кезімізде болатын. Бала болсақ та тойға барып, спорт ойындарын көріп, бір жасап қалатынбыз. Шопан ағалар қуанышқа бөленіп, серпіліп қалатын. Міне, сол көрініс Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойына орай біздің өңірде де қайталанып отыр. Өте қуаныштымыз. Әсіресе еңбек адамдарының шат-шадыман көңіл-күйін көргеннің өзі бір ғанибет екен,- дейді той қонақтары.

 Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Мақалада: БӨРІТАСТАҒАНДАҒЫШОПАНДАР

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

6 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

6 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

6 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

11 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

11 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

11 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС