"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

15.10.2021
СЕМЕЙ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Коммуналдық қызмет

 Ел шығысында көмір тапшылығы жоқ. Бұл жайында жуырда Семейдегі аймақтық коммуникациялар қызметінде болып өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Атқарушы билік өкілдері сонымен қатар қатты отын уақытында жеткізілгендіктен, көмір бағасының көтерілмегенін де айтады.

Қазіргі таңда облысты қатты отынмен қамтамасыз ететін Қаражыра кенішінен көмір тиеу жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл ретте теміржолшылар шығыстағы тұрмыстық-коммуналдық саланы толықтай қатты отынмен қамтып отыр. Білім беру мекемелеріне, өзге де әлеуметтік нысандарға  қатты отын 100 пайыз жеткізілген. Алдағы қыс қаһарлы болады деген болжам бойынша қосымша тапсырыс беріп жатқан мекемелер де бар. Ал жеке сектордағы тұрғындар қазіргі таңда қажетті көмір қорын дайындауда.

Жалпы аймақ бойынша көмірге қажеттілік бір жылу маусымына 3 900 000 тоннаны құрайды екен. Бүгінгі күндері Дегелең станциясындағы тоқтаусыз жұмыстың нәтижесінде қажетті қатты отынның 99 пайызы даярланыпты.

Ал  өткен айдың басынан бері жеке тұрғындарға қажетті көмір барлық тұйық темір жол желілеріне үзіліссіз жеткізіле бастаған  болатын. Қазіргі таңда Семейдегі төрт тұйық желіде жеткілікті мөлшерде көмір қоры бар. Бұл орайда бөлімшенің басты әріптестері саналатын «Жігер» ЖШС мен «Семей көмір» ЖШС қатты отынның техникалық және сұрыпталған түрлерін саудалауда. Бағасы 9 500 теңгеден басталады. Ал алдын ала жазылу арқылы алуға болатын әлеуметтік көмір құны сәл жоғарылау. Әрбір темір жол тұйығының тәулігіне 19 вагон көмір түсіруге мүмкіндігі бар. Сондықтан да болар, әлеуметтік көмірді есептемегенде, бүгінде қатты отынға кезек әлдеқайда азайған.

Қазіргі таңда облысымызда көмір бағасы мен маркаларын, сатылатын жерлер мен оларда көмірдің бар-жоғын халыққа жеткізіп, тиісті ақпарат беріп отыратын арнайы «жедел желі» құрылған. Яғни, көмірдің жеткізілімі мен сапасына қатысты мониторинг тұрақты жүргізілуде.

Бүгінгі көрсеткіш бойынша қарастырсақ, аймағымыздағы темір жол тұйықтарында 16,8 мың тонна көмір бар екен. Оның ішінде Өскеменде мың тонна, Семейде – 7,8 мың тонна, Риддерде – 3,2 мың тонна, Аягөз ауданында бес мың тонна, Жарма ауданында  800 тонна, Алтай ауданында 1,3 мың тонна, Шемонаиха ауданында 770 тонна бар. Осы орайда айта кетсек, қазан айының басында тек Өскемен қаласы бойынша ғана көмір қажеттілігінің артқаны байқалған. Облыстық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы басқармасы «Қазақстан темір жолы» басшылығына қосымша вагондар бөлгізу туралы ресми хат жолдаған соң, бұл мәселе бүгінде шешімін тауыпты.

Дегелең станциясынан қазіргі таңда орта есеппен алғанда көмір тиелген төрт пойыз тұрақты түрде жолға шығарылуда. Жылжымалы құрамдардың барлығы да ауыр салмақты болғандықтан, пойыз құрастыру ісі біршама күш салуды талап етеді. Салмағы 6 200 тонналық 63 вагоннан тұратын жылжымалы құрамдар қозғалысында кедергі жоқ. Барлық жүк станцияларындағы маневрлік жұмыстар жедел түрде жүзеге асырылады. Локомотив пен вагон тапшылығын болдырмау мәселесі бөлімше басшысы Сиязбек Әлішевтің назарында тұр.

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы»

Мақалада: КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫ

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

7 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

7 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

7 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

7 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

9 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

9 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

1 день бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

1 день бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

1 день бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС