"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРДІГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК

15.10.2021
МЕРДІГЕРЛЕР
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов бөлім басшылары және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге көшелер мен жерасты өткелдерін абаттандыру жұмыстарының барысын тексеріп қайтты.

Қала әкімі бастаған топ ең алдымен орталық көшелерге назар аударды. Мәселен, тамыз айында басталған Қ.Мұхамедханов көшесіндегі жер асты өткеліндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Дегенмен тексеру барысында мердігердің жұмысынан кемшіліктер анықталып отыр. Өткелдің кейбір жерлерінде кафельдер біркелкі орнатылмаған және тақталар сынған. Сонымен қатар жер асты өткелінен шығатын барлық төрт жолдың жағдайы да қанағаттанарлықсыз күйде. Бақытжан Кәкенқажыұлы көрсетілген кемшіліктер жойылғанға дейін мердігерге ақша төлемеуді тапсырды.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары Достоевский және Қаржаубайұлы көшелеріндегі жер асты өткелдерінде де жүргізіліп жатыр. Жер асты өткелдерінде еден, төбе, қабырға жабындарын ауыстыру, жарықтандыру мен пандустарды монтаждау қарастырылған. Нысан қазан айында тапсырылмақ.

Тағы бір маңызды мәселе Энергетик кентіндегі жарықтандыру және жол жөндеу жұмыстарына қатысты болып тұр. Әкімнің жеке блогына хат жолдаған тұрғындар іргелес көшелерді жарықтандырып, жолдарды жөндеуді сұраған еді. Жедел кеңес барысында жөндеу жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізу және оған Энергетик кентін абаттандыруды енгізу туралы шешім қабылданды. ШҚ АЭК және Сеченов аялдамасы маңында жақын арада жаңа тіректер мен шамдар орнатылып, жарықтандырылатын  болады.

Қала басшысы Бақытжан Байахметов сондай-ақ оң жақ бұрылыстарды ретке келтіру жұмыстарын да тексерді. Биыл қаладағы көлік қозғалысы ең көп көшелерде 12 оң жақ бұрылыс абаттандырылады. Соның бірі Қаржаубаев — Сеченов көшелерінің қиылысында орналасқан. Аталмыш нысанды іске қосу автокөлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қаржаубайұлы көшесінде жол учаскесін кеңейту туралы алдын ала шешім қабылданды, мұнда қосымша көлік жүретін жолақ пайда болады.

Сонымен қатар қаланың Дальняя ауданында «Дорожник» қазандығынан №38 мектепке дейінгі жылу трассасына қайта жаңарту жүргізілуде. Мердігер ұйым – «BERTYS construction» ЖШС. Жұмысты аяқтау мерзімі бірнеше мәрте кейінге шегерілген болатын. Мердігер мекеме жұмысты 25 қазанға дейін аяқтауға уәде берді. Жұмыстар аяқталған соң мектеп осы қазандыққа қосылады.

Таңертеңгі рейд қорытындысында қала басшысы мердігерлердің жұмысына бақылауды күшейту тапсырды.

Қысқы уақытқа дайындық мәселесі де қала басшылығының назарында тұр. Себу материалдары дайын, ендігі кезекте техниканың уақтылы шығуын қамтамасыз ету қажет.

Жоспарланған жұмыстардың сапалы атқарылуына бақылау жасау мақсатында аптасына бір мәрте таңертеңгі рейдтер өткізілетін болады.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: МЕРДІГЕРЛЕР

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

13 часов бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

14 часов бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

16 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

16 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

16 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

16 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС