"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰСТАЗДАР ДАЙЫНДЫҚТАН ӨТЕДІ

20.01.2022
ҰСТАЗДАР

ШҚО-да 800-ге жуық қазақ тілі мұғалімдері біліктіліктерін арттыруға жіберілетін болады.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кезекті кеңейтілген аппараттық кеңесте айтылды. Жиында көп тілді білім беруді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселесі және басқа да бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды.

— Біз ата-ана ретінде балаларымыздың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергенін қалаймыз.
Кембридж университетінің әдістемесі бойынша шет тілдерін оқыту бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Қазақ тілін оқытуды талдау кезінде әдістемеде жіберілген қателіктер анықталды. Осы ретте С. Аманжолов университеті орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін әзірледі. Қосымша әдістемелік материал оқытушыларға да, оқушыларға да мемлекеттік тілді үйренуге көмектеседі деп ойлаймыз. Жалпы, алдағы уақытта біліктілікті арттырудан 760-тан астам педагог өтетін болады. Қысқа мерзім ішінде біз еліміздің көптеген мектептері назарына алатын бағдарламаны жасайтынымызға сенімдімін. Ең бастысы, біздің балалар мемлекеттік тілде жетік сөйлей бастайды,- деді аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы.

Кеңес барысында сонымен қатар тағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, облыс басшысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Б.Момышұлы көшесіндегі 14 үйдегі жағдайды аяғына дейін жеткізуді тапсырды. Авторлық және техникалық қадағалау өз міндеттемелерін тиісті орындамағандықтан, көп қабатты үйдің тұрғындары зардап шеккен. Даниал Ахметов олар жіберген кемшіліктері үшін заң бойынша жауап беруге тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ басқарма мамандарына осы құрылымдардың одан арғы жұмысы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Аппараттық кеңесте өңірді күз — қыс кезеңдерінде төтенше жағдайдан қорғауға дайындау мәселесі де қаралды. Облыста 41 рет дауылды ескерту жарияланып, 36 рет жолдар жабылғаны туралы хабарламалар келген. Ең бастысы, қар құрсауына түскен адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Көктемгі су тасқыны алдында кез-келген тосын жағдайларға қарсы тұру үшін өрт сөндіру техникасын қосымша жабдықтармен күшейту қажеттілігі де айтылды.

 «СТ» — ақпарат

Мақалада: Облыс жаңалығыҰСТАЗДАР

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

4 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

20 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

21 час бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

24 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС