"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚЫСҚЫ ТУРИЗМ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

25.01.2022
ҚЫСҚЫ ТУРИЗМ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің назарға алуымен Шығыс Қазақстан облысында қысқы туризмді дамыту мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде қысқы туризмді дамытуға мүмкіндік көп. Шығыс Қазақстан — еліміз бойынша қар жамылғысы ең ұзақ сақталатын аймақ. Сондықтан қысқы туристік маусым 6 айға дейін созылады. Бұл ретте таулы әрі қарлы аймақ саналатындықтан Өскемен мен Риддер және Алтай қалаларында, Катонқарағай мен Үржар аудандарында қысқы туризмнің түрлері жақсы дамыған.

«Қазіргі уақытта бізде тау шаңғысы туризмі айтарлықтай жоғары деңгейде дамып келе жатыр. Шаңғы және сноуборд әуесқойлары үшін әр түрлі қиындық санатындағы беткейлері бар көптеген курорттар жұмыс істеп тұр. Олар тәжірибелі шаңғышылар мен сноубордшыларға және әуесқойларға да қолайлы. Базалар Өскемен мен Риддер қалаларының іргесінде орналасқан», — делінген аталмыш басқарма таратқан ақпаратта.

Қысқы туризм сонымен қатар басқа аудандарда да оң қарқынмен дамып келеді. Атап айтсақ, Зайсан ауданында «Айка» шаруа қожалығы, аңшылық турларын ұйымдастырумен қатар, жыл бойы сауықтыру қызметтерін (пантотерапия, қымызбен емдеу) көрсетеді.

Ал Катонқарағай ауданында өткен жылы Qaton Qaragai Resort пантымен емдеу орталығы бой көтерді. Ол қыс айларында да үздіксіз режімде жұмыс істейді.

Аталмыш база аумағында туристер шаңғы теуіп, атқа мініп, сырғанаққа барады.

«Жыл сайын қысқы туризм бойынша арнайы нұсқаулық әзірленеді. Сол арқылы туристер демалуға баруға болатын орындарды таңдап, ол жаққа қалай жетуге болатынын біліп, басқа да қызықты ақпараттармен таныса алады. Өңірге қыс кезінде келушілер санын арттыру үшін бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жариялануда», — делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал Шемонаиха мен Жарма аудандарында және Семей мен Аягөз қалаларында допты хоккей мен шаңғы спорты жақсы дамуда. Бұл спорт түріне әсіресе жасөспірімдер ерекше ынта танытады екен.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: Бұқаралық спорт

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

17 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

17 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

19 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС