"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДӘРІГЕРЛЕР БІЛІКТІЛІКТЕРІН ШЫҢДАУДА

25.01.2022
ДӘРІГЕРЛЕР
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО-ның 5 жарым мыңнан астам медицина қызметкері оқудан өтті. Облыста 2017 жылдан бастап Ұлыбритания, Германия, Жапония, Италия, Польша, Литва, Израиль және Ресейдің жетекші клиникаларында медициналық кадрларды оқыту бағдарламасы іске асырылуда.

Дәрігерлер онкология, кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия, медициналық оңалту және гинекология сияқты басым бағыттар бойынша білім алуда.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде 5 571 медицина қызметкері оқытылды. 336 дәрігер шетелде біліктілігін арттырды. Тек 2021 жылдың өзінде Израиль, Польша, Ресей клиникаларында 65 маман білім алды.
Жалпы, өткен жылы аймағымыз бойынша денсаулық сақтау саласына барлығы 27 млрд теңге бағытталды. Жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті — коронавирус инфекциясымен күрес жүргізу. Вируспен күрестегі басты және бірден – бір тиімді қару вакцинация екені белгілі. Осыған орай, облыста 343 егу кабинеті ашылған. Ауылдарда жылжымалы пункттер мен мобильді кешендер ұйымдастырылды. Вакцинация деңгейі бойынша облыс еліміздің басқа өңірлері арасында көш бастап тұр.
Өңірде 39 ковидтік бөлімшеде қажетті орын саны қамтамасыз етілген. Медициналық ұйымдарда 90 күнге дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының қоры бар. 18 компьютерлік томограф, 67 рентген аппараты, 370 өкпені желдету аппараты жұмыс істейді. ПТР-тестілеуді 20 зертхана жүргізеді.
Алайда пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері ерекше өзекті болып қала бермек.Соңғы 5 жыл ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 3 мыңнан астам заманауи жабдық сатылып алынды, бұл жоғары технологиялық медициналық техниканың көлемін 2,5 есе арттыруға мүмкіндік берді. Жедел жәрдем автокөліктерінің паркі 216 бірлікке жаңартылды. Сондай-ақ ауылдық медициналық мекемелерді жабдықтау және оларды жоғары деңгейге көшіру бойынша шаралар қабылдануда.
Ядролық медицина әлемдегі денсаулық сақтауды дамытудың негізі болып табылады. Біздің өңірде ол сәтті іске қосылды. Семейде радиофармпрепараттар өндіруден бастап радионуклидтік диагностика мен терапия жүргізуге дейінгі толық циклды қарастыратын ядролық медицинаның бірегей орталығы іске қосылды.Радионуклидтік терапия бөлімшесі – елдегі бірінші және жалғыз бөлімше.

Семей перинаталдық орталығының базасында балаларды оңалту және катамнез орталығын жаңғырту аяқталуда. Өз кезегінде, облыс орталығында маммология және гинекология реанимациясы бөлімшесінің операциялық блогы жаңғыртылып, гематология орталығының құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жасушалық және гендік-инженерлік технологияларды пайдалану жобаның негізгі ресурсы болады.

 ШҚО ақпарат орталығы

Мақалада: Денсаулық

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС