"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ: МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

27.01.2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында жыл басынан бері қырыққабат, қант және тұз бағасының өсуі (1-2 пайыз шегінде) байқалды.

Жалпы, қалада 3 ірі кәсіпорын — ЖК Ермекова Ж.К. (қант орталығы), «Ақ сұңқар» ЖШС және «Спутник» МТ ЖШС тұтынушыларға қантты көтерме баға бойынша жеткізеді. Қазақстандық қант зауыттарының өнімдерімен қоса, Ресей және Беларусь елдерінен әкелінетін қант саудаланады. Қант орталығы күніне 6 тонна өнім жөнелтіп, күнделікті 2 тонна қант сатады. «Спутник» МТ серіктестігі де күнделікті 5-6 тонна қантты жөнелтеді. Ал «Ақ сұңқар» серіктестігі Чехов көшесі, 19 мекенжайында орналасқан фирмалық дүкенде көтерме саудада өткізеді. Көтерме саудагерлердің үстеме бағасы 5-6 пайызды құрайды. Қанттың орташа көтерме бағасы – 1 келісі үшін 345 теңге. Күнделікті жүргізілетін мониторингке сәйкес, сауда кәсіпорындарындағы қанттың орташа бағасы 380 теңгені құрайды.

Ал тұз жайлы айтатын болсақ, бұл өнім «Аралтұз» АҚ (Қызылорда облысы), «Асылтұз» ЖШС (Шымкент) кәсіпорындарынан және Ресейден тасымалданады. Өндірушілердің орташа сату бағасы – 1 келісі үшін 46 теңге, көтерме бағасы – 1 келісі үшін 53 теңге, бөлшек саудада — 60-65 теңге.

Қырыққабат қалаға Өзбекстаннан жеткізіледі. Көкөністерге, оның ішінде қырыққабатқа көтерме саудагерлердің үстеме бағасы 10 пайыздан аспайды. Қырыққабаттың бөлшек саудадағы орташа бағасы – 1 келісі 320 теңге.

Бағаларды тұрақтандыру мақсатында Семей әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларына төменгі сауда үстемесін қолдану бойынша, қаланың сауда кәсіпорындарымен 439 меморандум жасасты. Ол 10 пайыздан артық болмауы қажет.

Өткен жылдың қаңтар айында құрамында қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар мониторингтік топ құрылған болатын. Бағаларға мониторинг жүргізу кестесі әзірленіп, тексерілетін аудандар анықталды. Өткен жылы бөлшек сауда дүкендерінде 520 мониторинг жүргізілсе, ағымдағы жылдың қаңтар айында ғана 100-ге жуық бөлшек сауда кәсіпорындарына мониторинг жүргізілді. Мониторинг 1-ші сұрыпты ұннан жасалған нанға қосылатын сауда үстемесі 5 теңге немесе 5 пайыз, сүт өнімдеріне (сүт, айран, сүзбе) қосылатын сауда үстемесінің 7-8 пайыздан, қалған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемесі 10-15 пайыздан аспайтынын көрсетті.

Айта кетсек, Семей қаласы үшін өңірлік тұрақтандыру қорына 3100 тонна жеміс және көкөніс өнімдері — 1500 тонна картоп, 450 тонна қырыққабат, 400 тонна сәбіз, 750 тонна пияз сатылып алынған. Тұрақтандыру қорының жеміс және көкөніс өнімдері «Ертіс» ӘКК» АҚ–ның 10 сауда павильонында, сондай-ақ 20 бөлшек сауда кәсіпорнында үстеме бағасыз – 1 келісі 82 теңгеден (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз) саудалануда.

21 қаңтарда жүргізілген тексеру нәтижесінде тұрақтандыру қорында 370 тонна картоп, 92 тонна қырыққабат, 34 тонна сәбіз, 112 тонна пияз қалғаны белгілі болды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру аясында «Ертіс» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сауда павильондарында азық – түлік өнімдері белгіленген бағамен — қант келісі — 305 теңге, макарон өнімдері – келісі 200 теңге, 1- санатты жұмыртқаның 1 данасы 33 теңгеден, күріш келісі 235 теңге, күнбағыс майы 630 теңгеден сатылады.

«Ертіс» ӘКК» АҚ, «Крупнофф» ЖШС бакалея өнімдерін және 1-ші санаттағы жұмыртқаларды «Семейкус» ЖШС-нен жеткізу үшін  шарт жасасты. «Әлеуметтік» нан пісіруге арналған наубайханаларға бірінші сұрыпты ұн келісі 130 теңгеден сатылады. Тұрақтандыру қорына «Ай-Ар» ЖШС-ден 1- сұрыпты 200 тонна ұн сатылып алынды. «Ертіс» ӘКК» акционерлік қоғамы тұрақтандыру қорының өнімдерін сату туралы меморандумдарды қала дүкендерімен тікелей жасасады.

Семей қаласы әкімдігіне қала тұрғындарынан тұрақтандыру қорының дұрыс қызмет көрсетпеуі туралы жазбаша және телефон арқылы өтініштер келіп түсуде.  Тексеру барысында өнімнің көлемі мен уақыты бойынша жеткізу кестесі жиі бұзылатындығы, дүкендердің өтінімдері уақтылы орындалмайтындығы, көлік жетіспейтіні белгілі болды. Сондай-ақ сапасы төмен тауарларды жеткізу жағдайлары да әсер етеді.

Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 1908 және 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 1958 қаулыларымен «Ертіс» ӘКК» АҚ-ға тұрақтандыру қорының өнімін өткізу үшін павильондар орнатуға 9 жер телімін уақытша өтеусіз пайдалану құқығы берілген. Алайда қазіргі таңда «Ертіс» ӘКК» АҚ сауда павильондарын жалға алу құқығына аукциондар өткізген жоқ. Семей қаласында тұрақтандыру қорының өнімдерін жүзеге асырудағы негізгі  проблемалар бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Нұрбаевтың атына қызметтік жазба жіберілді.

2021 жылы «Jolaman» көтерме-тарату орталығының құрылысы» жобасы іске асырылды. КТО құрудың негізгі мақсаты — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін, картоп пен көкөністерді өндірушіден делдалсыз алып, сақтау және қала тұрғындарына сату. Апта сайын «Северный» СЛО және «Jolaman» КТО-да жұма-жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Онда жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдікпен жалдау мөлшерлемесі бойынша 40 сауда орны ұсынылады. Өнім нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен саудаланады.

Кеңейтілген аппараттық кеңесте Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов кәсіпкерлік бөліміне жергілікті өндірушілермен жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Семей кәсіпкерлері 19 әлеуметтік маңызы бар өнімнің 11-ін өндіреді. Бір апта ішінде олармен өнімнің бағасын белгілеу бойынша жұмыс жүргізу қажет. Әрбір әлеуметтік маңызы бар өнімді өндіру және тұтыну бойынша талдау жүргізу керек. Өндірушіге қосымша ақы төлеу фактісін анықтау мақсатында, әрбір қосымша ақы тізбегін анықтау керек», — деді Бақытжан Байахметов.

Қала әкімі кәсіпкерлік бөліміне «Ертіс» ӘКК» арқылы азық-түлік бойынша есептерді, олардың қажетті санын дайындауды тапсырды. Ал жер қатынастары бөліміне қажет болған жағдайда жаңа сауда нүктелеріне жер учаскелерін беру бойынша ұсыныстарды қарап, дайындауды жүктеді. Сондай-ақ тұрғындарды әлеуметтік дүкендер мен павильондардың орналасқан жерлері туралы кеңінен және белсенді түрде хабардар ету керектігі айтылды.

 

Семей қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақалада: ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

18 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

19 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

20 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

20 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

20 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС