"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ  ОТБАСЫНДА

27.01.2022
ОТБАСЫНДА

Семей қаласындағы облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада «Senimen bolashaq» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбымен форум өтті.

Шараның мақсаты — ата–аналарға бала тәрбиесінде ағартушылық, әдістемелік білім беру, қолдау көрсету, сондай–ақ дәстүрлі тәрбие берудің ұтымды жақтарын, отбасы институтындағы әжелер мектебі мен әкелер кеңесін жандандыру. Отбасы институтының түрлі мәселелері талқыланған форумға Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Біржан Заманбекұлы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов, Әлихан Бөкейхан университетінің проректоры Айрат Базенов және мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты.

Форумның ашылуында сөз алған «Senimen bolashaq» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Нұркен Асанов қазіргі уақыт қоғам келешегі, ертеңгі арқа сүйеріміз балалардың тәрбиесіне саналы түрде көңіл бөлуді талап етіп отырғанын  ерекше атап өтті.  Ата-аналарымыздың көпшілігі күнделікті күйбең тіршілікпен ұрпақ тәрбиесіне лайықты деңгейде көңіл бөле алмай отырғандығын айта келіп,  осы кемшілікті түзеуді қазірден бастап қолға алу қажеттігін еске салды.

Осы бір тұшымды ойды мектебіміздің директоры Бағдан Тоқтамысұлы да жалғастырып, бала тәрбиесіне қатысты ұзақ жылғы ұстаздық тәжірибесінен ой бөлісті.

Форум аясында ата-аналармен байланыстырыла жүргізілген тренинг олардың белсенділігін арттырып, тың мағлұматар алуға септігін тигізді. Мысалы, бала тәрбиесі жөніндегі сарапшы маман Елжас Ертайұлы жүргізген «Бақытты бала химиясы» және педагог-профориентолог Нариман Утеубаевтың жүргізген «Искусство ошибаться» деп аталатын тренингтердегі берілген бірқатар психологиялық, педагогикалық әдіс-тәсілдер көптеген ата – аналарға жаңаша ой салғаныны анық.

Шара барысында  қалалық ата–аналар кеңесінің мүшелері, Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары, өзге де білім мекемелерінің ұстаздары мен ата–аналары бала тәрбиесіне қатысты ой алмасып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.

«Senimen bolashaq» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Семей қаласында ашылуы ата–аналар үшін жағымды жаңалық болды.  Аталған филиал директоры Аман Рахметуллин жаңадан ашылған филиал қоғамдық бірлестіктің барлық мақсат — міндеттерін жүзеге асыратынын атап өтіп, келешекте саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздар мен ата – аналарды бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етуге шақырды.

Нұржанат КАСИМОВА,

Семей қаласындағы ФМБ НЗМ педагог-ұйымдастырушы-кураторы

Мақалада: ОТБАСЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

1 день бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

1 день бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС