"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29.01.2022
ТҰЖЫРЫМДАМА
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

 Шығыс Қазақстанда облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті. Кеңесте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының» жобасы жан-жақты талқыланды.

Жиынға қалалар мен аудандар әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшылары, депутаттар, бизнес өкілдері, квазимемлекеттік сектор басшылары, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер мен қоғам өкілдері қатысты.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Е.Жалмағамбет әзірленіп жатқан 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жайлы айтты.

Кеңеске қатысушылар нақты реформалар мен жобаларды қамтитын Тұжырымдама міндеттерінің 6 блогын талқылады. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, бизнеске корпоративтік әдеп арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету шараларын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру сияқты міндеттерді шешу бар.

«Тұжырымдамаға азаматтық қоғам, соның ішінде бизнес өкілдерінің ұсыныстары енгізілгенін атап өту маңызды. Стратегиялық құжатқа сіздердің ұсыныстарыңыз енгізілді, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудағы мемлекеттік компаниялардың үлестерінің қысқаруы, бір көзден сатып алу үшін негіздерді қысқарту және т.б.

Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын түбегейлі және кешенді жоюға бағытталған. Сана мен моральдық қағидаларды өзгертуге маңызды рөл берілді. Біздің мақсатымыз — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық барлық адамдар үшін материалдық жағынан тиімсіз болатын жағдайлар жасайды», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы.

Тұжырымдаманың негізгі бөлімдерін талқылау барысында бизнес-ортаға енгізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, бизнес-әріптестердің тізілімін енгізу, комплаенс-офицерлерді даярлау, контрагенттердің адалдығын бағалау, бизнес-өнімдерді ерікті таңбалау, «таза толқын» белгісінің қызметтері және тағы да басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларға ерекше назар аударылды.

Баяндамаларды талқылау аясында кеңеске қатысушылар банк, мемлекеттік сатып алу және басқа да салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға қатысты бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарды атады.

Жиын соңында ШҚО әкімдігінің басшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамаларын қолдай отырып, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті

Мақалада: Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

18 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

18 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

20 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС