"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСПАНАНЫ ЖАЛДАУДА КӨМЕКТЕСЕДІ

07.02.2022
БАСПАНАНЫ
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұрғын үй саясатындағы және тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялаудағы жаңа тәсілдер қаралды. «Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мемлекеттік саясаттың ең маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетке жетудің басым бағыттарының бірі – ол тұрғын үйдің қолжетімді болуы», – деді Ә.Смайылов.

Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев азаматтардың жекелеген санаттарының мәселелерін жедел шешу мақсатында Мемлекет басшысы тұрғын үйді коммерциялық нарықта жалға алғаны үшін төлем тетігін әзірлеуді тапсырғанын атап өтті. Министрдің айтуынша, Еңбек министрлігі базасының деректеріне сәйкес табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен шамамен 70 мың азамат қысқа мерзім ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мақсатта жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындау қағидалары әзірленді, онда «Отбасы банкі» оператор болып белгіленді.

Заңнаманы реформалау аясында тұрғын үйді кірісіне қарай сату, арендалық төлемдердің бір бөлігін субсидиялау және ауылды жерлерде тұрғын үй салу механизмдері енгізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, арендалық төлемнің бір бөлігін субсидиялау механизмін енгізу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта Отбасы банкі қазақстандықтардың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялауға қатысты онлайн өтінімдерін қабылдау үшін платформаның функционалдығын пысықтауда. Отбасы банкі жалдау ақысын субсидиялау өтініштерін Baspana market порталында қабылдайды.

Жұмыс барысын автоматтандыру үшін банк 6 мемлекеттік органның 16 дерекқорымен интеграция жасауы қажет. Сондықтан баспананы жалға алу ақысын субсидиялау бағдарламасы 2022 жылдың мамыр айынан бастап іске қосылады.

«Көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жалдау ақысын субсидиялауға өтініш тапсыра алады. Алайда үміткерлер тұрғын үй алу кезегінде тұрулары қажет.

Олардың әрбір отбасы мүшесіне шаққанда соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспауы тиіс (2022 ж. 1 КМ – 36 018 теңге).

Мұндай отбасыларға көмек ретінде бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа мемлекет 70 мың қазақстандықтың баспананы жалға алу құнының жартысын субсидиялайды»,- делінген Отбасы банктің баспасөз қызметі берген мәліметте.

«Бұл тізімдегілердің дені, 51 мыңға жуығы, көп балалы отбасылар. Тағы 10 мыңы — 1 және 2 топтағы мүгедек жандар, 7 мыңы — мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасылар, 2 мыңы — жетім балалар. Енді бұл азаматтар үшін баспана мәселесі аса өткір болмайды. Олар аталмыш бағдарлама арқылы отбасылық бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік алады. Үнемделген қаражатты тұрмысты жақсартуға бағыттауға болады немесе жеңілдетілген несие беру бағдарламаларына қатысу үшін қаражат жинақтауға да мүмкіндік бар», — дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бағдарламаға қатысатын азаматтардың тізімін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қалыптастырады. Оны алғаннан кейін Отбасы Банк аталмыш бағыттың операторы ретінде жалдау ақысын субсидиялау мүмкіндігі туралы тізімдегі азаматтарды хабарландырады. Ізінше үміткер банк филиалына келмей-ақ, Baspana market платформасы арқылы онлайн өтініш бере алады.

Ол үшін қазақстандықтардың ЭЦҚ кілті болуы қажет. Өтініш берушінің кірісі платформада тексерілгеннен кейін ол өзіне қолайлы баспана тауып, оны жалға алу шартына онлайн қол қойып, тіркейді. Содан кейін ағымдағы шот ашып, жалға алу құнының 50 пайызын сол жерге аударады. Банк өз тарапынан қалған 50 пайызын аударып, жалға алушының төлем тәртібін одан әрі қадағалайды.

Үміткердің жалдау ақысын субсидиялауға онлайн өтініш беру мүмкіндігі болмаса, ол бұл жұмысты Отбасы банкінің бөлімшесінде өз-өзіне қызмет көрсету аймағында іске асыра алады.

Өз тілшіміз

Мақалада: баспанаМемлекет қолдауы

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

4 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС