"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСАДЫ

07.02.2022
КӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей көшелеріне орташа жөндеу жүргізу үшін 300 млн теңге қажет. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Уәлиев мәлім етті.

– Өткен жылы республикалық маңызы бар РФ шекарасы (Омбы) — Майқапшағай автожолы құрылысының жобасы бойынша техникалық – экономикалық негіздеме әзірленді.

2021 жылдың наурыз айында оң сипаттағы қорытынды алынды. Бас жобалаушы — “Жол-көлік кешенінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты”ЖШС техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу құны 55 млн теңгені құрады, – деді Ерлан Уәлиев.

Бас жоспарға сәйкес қаланың батыс жағында ұзындығы 51,5 шақырым айналма жол салу қарастырылған. Онда 6 жол айрығы, 3 көпір және 2 жол өтпесі болады. Айналма жолдың құрылысына 82 млрд теңге қаржы қажет. Құрылыс бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне жіберілді.

Баспасөз мәслихатында жер үсті өткелінің құрылысы туралы да айтылды.

– Жобаланған жаяу жүргіншілер көпірінің ұзындығы 58 метрді құрайды. Жоба құны – 133,215 млн теңге. Қазіргі уақытта ақшалай қаражат бөлу сұралады. Сондай-ақ Өскемен көшесін (Шайжүнісов көшесінен 6 линия көшесіне дейін) күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Жол учаскесінің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Оның құны – 1122,6 млн теңге. Байқау ағымдағы жылдың 30 наурызында аяқталады, – деп түйіндеді сөзін Ерлан Уәлиев.

Жиын барысында жолаушы тасымалы мәселесі де сөз болды. Бүгінгі таңда жолаушы тасымалында 3 автопарк қызмет көрсетеді. Күн сайын көлік қозғалысының мониторингісін Семей қаласының ЖТБО мамандары қадағалап отырады.

– Бүгінгі таңда қалалық маршруттарға үш автопарк қызмет көрсетеді. Олар 13 бағытқа қызмет көрсететін “Таксомотор паркі” ЖШС, 3 бағытқа қызмет көрсететін “Семавтопарк” ЖШС және 23 маршруты бар “Авто Транс Семей” ЖШС. Мониторинг “Bus Report” диспетчерлеу бағдарламасының көмегімен жүргізіледі. Қала тұрғындары “Infobus” мобильді қосымшасы арқылы қажетті бағытты қадағалай алады. Өткен жылы 34 603 684 жолаушы тасымалданды, оның ішінде 3 169 249 жолаушының жеңілдіктері бар, – деді Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жолаушылар тасымалы секторының меңгерушісі Назым Жанболатова.

Бүгінгі күні қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру үшін бірыңғай төлем жүйесі орнатылмаған. 2020 жылдың 20 қаңтарынан бастап билеттеудің электрондық жүйесі енгізілген болатын. Алайда оған “Таксомотор паркінің” 13 автобусы ғана қосылған. Болашақта олар бірыңғай электронды төлем жүйесін орнататын болады. Сол сияқты аялдама орындарының мәселесі де шешілуде.

– Бүгінгі таңда Семейде 507 аялдама бар. Оның 326-сы – әр түрлі типтегі аялдама. Соңғы үш жылда қалада 50 – ден астам жаңа аялдама орнатылды, – деп қорытындылады сөзін Назым Жанболатова.

Өз тілшіміз

Мақалада: Баспасөз мәслихатыКӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС