"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛА АСЫРАП АЛУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП

10.02.2022
СЕМЕЙ
43
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бір перзентке зар болсаң…

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 13 мекеме жұмыс істейді. Бұл жайында Семейдегі бала асырап алу мәселелеріне арналған баспасөз-конференциясы барысында айтылды.

Бұл мекемелерде 800-ден астам бала тәрбиеленуде. Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда балалар үйіндегі балалардың саны ең көбі біздің облыста екен. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО бойынша бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің аймақтық директоры Жанайым Жұмаділова тарқатып айтып берді.

-Асырап алу баланы отбасыға орналастырудың тек бір түрі ғана екенін көбі біле бермейді. Ал шын мәнінде, Қазақстанда баланы асырап алудан бөлек, патронат, қорғаншылық, қамқоршылық немесе баланы қабылдайтын отбасы сынды түрлері де бар. Сонымен қатар балалар үйіндегі балаларға қатысты қоғамда «жетім» ұғымы сіңісті болып қалған. Бірақ мекемелердегі балалардың 20 пайызы ғана жетім, қалған 80 пайызы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Олар ата-ана құқығынан айырылған, хабарсыз кеткен деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз деп танылған, ата-ана құқығы шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, бала тәрбиесінен қашып жүрген адамдардың балалары. Қазіргі уақытта асырап алушы ата-анаға үміткерлердің көпшілігі баланы сәби кезінен асырап алуды қалайды, алайда мекемелерде ондай жастағы балалар жоқ. Ол мекемелерде көбінде аға-інілері және әпке-қарындастары бар балалар тұрады. Заң бойынша туғандарды бөлуге болмайды, – деп атап өтті Жанайым Жұмаділова.

Орналастыру түріне қарамастан, асырап алушы ата-анаға үміткер міндетті түрде психологиялық дайындықтан өтуі керек. Оны аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдарда, сондай-ақ жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарында өтуге болады. Осындай аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдардың бірі «Ана үйі» қоғамдық қоры. Бұл жерде мамандар интернат мекемелерінен баланы асырап алуға ниет білдірген азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, отбасыларға психологиялық және психологиялық-педагогикалық кеңес береді. Психологтар асырап алушы ата-аналардың мектебінде әлеуетті асырап алушыларды дайындайды, онда олар даму психологиясы бойынша, асырап алған баламен байланыс орнату және жаңа өзгерістерге отбасының бейімделуі туралы құнды білім алады.

— Қазір асырап алу процедурасы автоматтандырылған. Барлық құжаттарды Egov арқылы жіберуге болады. Асырап алушы ата-ана болу үшін міндетті түрде асырап алушы ата-аналар мектебінен өтуі керек. Мектептен өткені туралы сертификат алғаннан кейін үміткер құжаттарын тапсыра беруіне болады. Содан кейін оған жетім балалардың республикалық мәліметтер банкі ашылады, ол жерде асырап алушы ата-ана Қазақстанның барлық өңірлерінен бала іздей алады. Ол сауалнамаларды қарап, баланы таңдайды және содан кейін оған баланы көріп қайтуға уақыт беріледі. Егер баланы асырап алғысы келсе, онда ол 14 күн ішінде балаға барып тұруы керек. Егер орналастырудың басқа түрлері болса, онда бір-екі күн жеткілікті және баланы отбасына алып кетуіне болады, – деп нақтылады сөзін Жанайым Жұмаділова.

Айта кетерлігі, бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің бала асырап алуға қатысты барлық қызметі тегін.

Баланы асырап алуға байланысты сұрақтар бойынша бірыңғай республикалық 1422 call-center (Қазақстан бойынша тегін) хабарласуларына болады.

Өз тілшіміз

Мақалада: БАЛА АСЫРАП АЛУҒА

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

12 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

12 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

12 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

1 день бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС