"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА

15.02.2022
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның соңында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов шаһардағы мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылармен, сондай-ақ жалғыз басты зейнеткерлермен кездесті.

Қала басшысы мүгедек балалардың ата-аналарымен бұған дейін де бірнеше рет кездескен болатын. Сондықтан да, Бақытжан Кәкенқажыұлы алдымен жиналғандарды алдыңғы кездесулерде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы хабардар етті. Шаһар басшысы айтып өткендей, бүгінгі таңда қалада 3586 мүгедек бала бар. Оның ішінде екі мыңнан астамы мемлекет пен демеушілер есебінен түрлі оңалту емшараларын алған. 83 бала санаторлық-курорттық емдеуден өтіпті. Атаулы әлеуметтік көмекті мүгедек балалары бар 58 отбасы, тұрғын үй көмегін тоғыз отбасы алады екен.

Бақытжан Кәкенқажыұлының айтуынша, лімет қазіргі таңда қала бойынша 7-18 жас аралығындағы 246 мүгедек бала үйде білім алады. Оларға қолайлы жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр.

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 411 мүгедек азаматтарға қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 258 мүгедек балаға, жартылай стационар жағдайында  40, қалған 218 балаға, бейімделген шағын үй-жайдың тарлығына байланысыты, үйде қызмет көрсетуге мәжбүр. Аталған орталықта  18 жастан асқан 153 бала кезінен мүгедек азаматтар қызмет алады, барлығының диагнозы -психоневрологиялық аурулар.

Қазіргі таңда, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша, Қарағайлы шағын ауданында 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар «Қамқор» қоғамдық қоры есебінен бұрынғы үшінші перзентхана базасында жүз адамға арналған оңалту орталығы ашылады. Ал 35 кварталда жақын арада 50 орындық «Балғын» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істей бастайды.

Бұл шаралар сыртында әлеуметтік тапсырыс есебінен шағын және орта бизнес өкілдері де үлкен көмек көрсетеді. Мәселен, 61 баланы қамтитын «Тоқтамыс» жеке оңалту орталығын, INVITRO клиникасы мен «Жарқын болашақ» қоғамдық бірлестігін атауға болады.

Дегенмен қала әкімінен жәрдем сұрайтындар көп. Мәселен, соңғы уақытта қала әкімінен 86 мүгедек баланың ата-анасы көмек сұрапты. Барлығының мәселелері оң шешімін тапты. 53 бала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бекітілген. Қалғандарын жеке қоғамдық бірлестіктер өз қамқорлығына алды.

Жиында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрғын үй бөлу жұмыстары туралы да айтып өтті.

— Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 509 отбасы тұр. Мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың екі нұсқасы бар: сатып алу құқығынсыз кезектілік тәртібімен жалға берілетін тұрғын үй және «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысу. Аталмыш бағдарлама аясында, қатысушылар тұрғын үйді бастапқы нарықта да, екінші нарықта да сатып ала алады. Қазіргі уақытта Комсомол кентінде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуда.  «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылар да өз үйлерін осы баспаналардан таңдай алады.

— Соңғы жылдары «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында мүгедек балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуде оң динамика байқалып отыр. 2019 жылы бір ғана отбасы үй алса, алдыңғы жылы 22 отбасы, ал өткен жылы 63 отбасы баспана алды. Тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары алдағы уақытта жалғасады, — деді Бақытжан Байахметов.

Кездесуде ата-аналар қала әкімінен мүмкіндігі шектеулі жандардың бірқатар  мәселелерін шешуге қолдау көрсетуін сұрады. Мәселен, мүгедек балалар үшін сегіз жарым миллион теңгеге әлеуметтік педагогтардың жаңа бос жұмыс орындарын ашу қажет. Ал егде жастағы жалғыз басты мүгедектерге қызмет көрсету үшін 14 миллион теңге көлемінде қаржыландыру қажет. Екі ұсыныс та қала әкімінен қолдау тапты.

— Экономика бөліміне қаражатты жергілікті бюджеттен қарастыруды тапсырамын. Мұндай кездесулер бір-бірімізді жақсы түсінуге көмектеседі. Бір кездесуде барлық мәселелерді  шешу мүмкін емес. Бірақ, сіздермен бірге алдымызға қойылған міндеттерді кезең-кезеңімен шешетін боламыз, — деді Бақытжан Байахметов.

Кездесу қорытындысы бойынша, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге байланысты ұсыныстарды дайындау, дене шынықтыру және спорт бөліміне мүгедек балалардың қаланың бассейндері мен шаңғы базаларына тегін бару мәселесін шешу тапсырылды.

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: Кедергісіз келешек

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС